|
Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Ән айту ережелері
|
Дата | 02.07.2018 | өлшемі | 1,15 Mb. | | #45803 |
| Ән айту ережелері - 1. Зейін салып тыңда және әннің бірінші дыбысын дұрыс айтуға тырыс.
- 2. Ән айту кезінде тік тұр немесе тік отыр.
- 3. Дауысты дыбыстарды созып, дауыссыз дыбыстарды қысқа және нақты айт.
- 4. Иығыңды көтермей, деміңді ал. Деміңді көрсетілген белгіге дейін сақта.
- 5. Өз даусыңды тыңда және даусыңның әдемі естілуін қадағала.
- 6. Хорда ән айтқанда қасыңдағыларды тыңда, сенің даусың олардан ерекшеленбеуі керек.
- 7. Әнді орындау кезінде мұғалімнің қол қимылына қарап, барлық ескертпелерін мұқият орында.
- 8. Әнде не туралы айтылатынын ойла, мәнерлеп айтуға тырыс.
“Жол жыры” - Сегіз сері (Мұхаммедханафия)
- (1818 – 1854)
Абай (Ибраһим) - Абай (Ибраһим)
- Құнанбаев
- (1845 – 1904)
Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы (1841 – 1918) Ғарифолла Құрманғалиев (1909 – 1993) Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843 – 1913) Қараторғай - 1. Келеді Қараторғай қанат қағып,
- Астына қанатының маржан тағып.
- Қанды көз, қыны кеппес қыраным – ай,
- Айырылдым қапылыста сенен неғып.
- Қайырмасы: Қараторғай,
- Ұштың зорға – ай.
- Бейшара, шырылдайсың,
- Жерге қонбай.
- 2. Ертістің ар жағында бір терең сай,
- Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.
- Ағаштың бұтағына қонып алып,
- Сайрайды таң алдында Қараторғай.
- Қайырмасы.
- Қандай шығармалар тыңдалды және авторлары кім?
- 2. Ақан сері кім?
- 3. “Қараторғай” әні қалай шығарылған?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|