Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Бейбитова Тулпан Мараткызы
бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Аккожин Манас Исмагулович
музыка пәнінің мұғалімі: Жапаков Махут Базарбаевич
Әдебиеттік оқу (кіріктірілген сабақ)
Тақырыбы:
Ж.Аймауытов «Қараторғай»
(4 «ә» сынып)
ҚМЖ Тексерілді:
Сабақ Әдебиеттік оқу
Қараторғай. Ж.Аймауытов
Мектеп: Подстепный қазақ ЖОББМ
Күні:
Мұғалімнің есімі:
Сынып 4 ә
Қатысқандар саны: 21
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқи алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Мәтіннің идеясын түсініп, дауыс ырғағына келтіріп оқиды , әңгімелейді.
Кейбір оқушылар:
Мәтін мазмұнына сай тұжырым жасайды, сурет салып, шығармашылықпен жұмыстана алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар:
Өз ойын жеткізе алады, мәнерлеп оқиды, әңгімелей біледі. ... (істей алады)
Негізгі сөздер мен сөз тіркестер:
Құстар, қараторғай, құстардың пайдасы
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар: (тыңдалым)
«Егер, жер бетінен құс атаулы жойылып кетсе , не болар еді?»... Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім... Сен қалай ойлайсың?
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? (айтылым)
Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім...« Адамдар құстарға қамқорлық жасайды, неліктен?..
Жазылым бойынша ұсыныстар: (орысша-ағылшынша)
Қараторғай – скворец - starling
Алдыңғы оқу
Ана тілі. Ғ.Қайырбеков
Тақырыпқа байланысты өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (ескертпелер)
Оқу үшін бағалау
Ресурстар
Басталуы
І Кіріспе. Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу)
Тренинг: « Бәріңе сәттілік тілеймін!»
Пән мұғалімі: Т.М.Бейбитова
Бейнелеу өнері пән мұғалімі: М.И.Аккожин
Музыка пәнінің мұғалімі: М.Б.Жапаков
Сабаққа дайындығын тексеру.
Өткенді қайталау. Ана тілі. Ғ.Қайырбеков
«Коктейль таяқшасы» әдісі. (оқушылар үй тапсырмасын бір-біріне өзара жұпта мәнерлеп оқып не жатқа айтып береді)
Ғафу Қайырбеков – көрнекті ақын әрі жазушы. Ақынның қырықтан астам кітабы жарық көрген. «Ана тілі» өлеңінде қазақ тілінің ерекше қасиеті мен байлығын паш етеді.
Ақын нені ұмытпаспын дейді?
Неге тозбайтын асыл сөз?
Мыңдаған ақын сен туралы жазса да тауыса алар ма екен? – деп не жайлы айтады?
Ана тілі туралы қандай өлеңдер жатқа білесіңдер?
Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Ж.Аймауытов: «Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына»
Мұғалімнің амандасуы
«Оқушының бастапқы және соңғы деңгейлері арасында байланыс орнату» идеясына сәйкес
Басбармақ арқылы бағалау
Сенім білдіру, ынталандыру
Жаңа сабаққа кіріспе. Жұмбақ шешіп көрелік.
Ұзақ тектес құс
Шіркей жеп,
Ауыл маңынан ұзап кетпес құс. (Қараторғай)
Қараторғай. Ж.Аймауытов Сабақ мақсаты мен табыс критерийін бірге анықтау.
Автор туралы не білесіңдер?
Кәдімгі қараторғай-торғайтәрізділеротряды,қараторғай тұқымдастарғажататын сайрауыққұс. Дене тұрқы 22 см-дей. Қанатын жайғандағы ұзындығы шамамамен 10 см, құйрығының ұзындығы 7 см-дей.
Мекиені қоразынан кішірек болады. Көктемде қауырсыны қара түсті болып, күзде оған ақ қауырсын араласады. Тұмсығы қара, сирағы қызғылт қоңыр.
Көбеюі: Кәдімгі жыл құсы. Наурыз айында ұшып келіп, мекиені мен қоразы ағаш қуысына, жартас жарықтарына, інге ұя салады. 4-7-ден (көбінесе 5) жұмыртқалайды (көгілдір түсті), оларды мекиені мен қоразы кезектесіп 14 күндей басады. Балапандары жұмыртқадан шыққан кезден 21 күн өткеннен кейін ұядан ұшады. Кәдімгі қараторғайлар солтүстік аймақта бір рет, оңтүстікте 2 рет балапан ұшырады.
Қоректенуі: Көбінесе жәндіктермен, олардың дернәсілдерімен қоректенеді.
Күзде жеміс-жидектермен де қоректеніп, бақ пен жүзімдікті бүлдіреді. Бұлар Қазақстанның солтүстігіндегі орманды-дала белдемінде, оңтүстігі мен шығысындағы тау етектерінде ұя салады.
Топқа бөлу.
І Қараторғай ІІ Ұзақ қарға ІІІ Қарлығаш ІV Бозторғай
Табыс критерийі:
1.Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқи алады.
2. Мәтіннің идеясын түсініп, дауыс ырғағына келтіріп оқиды,әңгімелейді.
3. Мәтін мазмұнына сай тұжырым жасайды, шығармашылық тапсырмаларды орындайды.
Ортасы
ІІІ.Жаңа сабақ.
Ж.Аймауытов 1889 жылы Баянауыл ауданы, Павлодар облысында дүниеге келген. Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Жастайынан арабша хат танып, оқып үйренген. 1907 жылдан бастап Баянауылдағы орысша-қазақша мектебінде, Керекудегі қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс-қазақ мектебінде оқиды. 1911-1914 жылдары ауылда мұғалім болып істейді. 1914жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918жылы аяқтап шығады. Аймауытов өзінің қысқа ғұмырында артына аса бағалы бай әдеби, ғылыми мұралар қалдырып үлгерді. Ол В.Шекспир, А.С.Пушкин, Л.Н. Толстой шығармаларын аударды. Оның шығармалары: «Күнікейдің жазығы», «Ел қорғаны», «Қартқожа», «Шернияз» т.б.