Қазақтардың амандасуы: Қазақ дәстүрінде қолмен амандасу, қос қолдап амандасу, төсіне қолын қойып амандасу, тізесін бүгіп амандасу, иек қағып (көтеріп) амандасу, төс қағыстырып амандасу, бас изеп амандасу, маңдайдан, қолдан, беттен сүйіп амандасу, қол көтеріп амандасу тәрізді амалдары бар.
Орыстардың амандасуы: Ресейде ер адамдар бір-бірімен қол алысып амандасады. Сонымен бірге олар қолдарын үстел үстіне созбайды (ресми жағдайда рұқсат етіледі). Сәлемдесу үшін үстелден шығу керек.
Корейлердің амандасуы: Бір - біріне иіліп тұрып сәлем береді. Үлкен - кішіге қарамай солай амандасады. Тіптен бір - бірімен қатты ренжісіп қалса да, сәлемін беріп иіліп тұрады. Қоштасар кездерінде де дәл солай.
Сәби дүниеге келген уақытта арнайы шыны ыдыста күріштен немесе бидайдан ботқа пісіріледі. Қонақтар тамақ ішіп болған соң, дастарханға осы дәм әкелінеді. Кімде-кім ыдысқа көп ақша салса, сол адам ыдысты сындыру құрметіне ие болады. Шыны ыдыс сынған уақытта ішіндегі ботқа сол қалпында, яғни шашылмаған күйінде тұруы қажет. Бұл дәстүр отбасы бақытқа, ырысқа, байлыққа кенеледі деген мағынаны береді
Аяқ киімдерін үйге кіре берісте, табалдырық жанында шешеді. Жылытылған еден үстінде отырып тамақ ішеді, үй шаруасын тындырады, ұйықтайды. Ұйықтайтын бөлмеде мақта салып сырыған жұқа көрпе, кесте немесе шілтері бар жастықты пайдаланады. Кейін оларды сандықтың үстіне жинап қояды
Машрабтар— көңіл-көтеру мақсатында ерлер арасында ұйымдастырылатын отырыс. Дәстүрлі қоғамда егін жиналған соң, айына бір рет өткізіледі.
Машрабтардың байланыс, ағарту, тәрбиелік функциялар атқаратынын айта кету керек. Ел арасында «балаңды алдымен — мектепке, кейін машрабқа бер» деген сөз бар. Салт-дәстүрден мақұрым адамды «машраб көрмеген» деп атайды екен
Марғылан жібегі қайталанбас өрнегімен Шығыс пен Батыста аса танымал. Ұлы Жібек жолы кезеңінде құнды тауар саналды. Керуен жолымен оны Хорасан, Египет, Бағдат, Грекия және өзге де елдерге тасыған
Ууз-аш (уыздан дайындалады) және нооруз-аш – жаңа жылдық тағам, мұны мұсылман күнтізбесі бойынша Жаңа жылда дайындайтын болған. Ал сюмёлёк деген тағамды Баба Диқанның құрметіне беретін болған. Ерекше тағамдар күзгі мал сою кезінде, жазғы жайлауға шығарда, сонымен қатар егін жинау науқаны уақытында арнайы дайындалатын
Дорама рамен Сеул BTS ханбок теңіз өнімдері чим-чим салат домбыра тақия қамшы асық киіз үй
Сәукеле шошқа пасха моргенштерн Николай шіркеу Рождество