Ғылыми тарих Орындаған: Жүрсінәлі Е



Дата15.02.2022
өлшемі17,29 Kb.
#131934
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ СРС4.Жүрсінәлі Ернар


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих,археология және этнология факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
Ғылыми тарих
Орындаған:Жүрсінәлі Е
Тексерген: Құдайбергенова Н.Ж
СӨЖ №4
Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы
Менің ойымша бақыт - бұл сөзбен айтып жеткізе алмайтын құбылыс , ол - жақсы және берекелі өмірдің белгісі . Бақытты сезіну өте оңай , ал сипаттау қиын . Ләззат немесе қуаныш сияқты эмоциялар , өмірге қанағаттанушылық немесе өмір сапасын бағалаудан көрінетін эмоцияны бақыт деп айтуға болады . Оның үстіне , бақыт іштен шығады , және бакытты ешкім ұрлай алмайды . Философиялық анықтама бойынша бақыт - ол адамның өмір қызығы мен қуанышына , рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым . Бақытқа жету - философияның алдыңғы шарттарының бірі боп есептеледі . Сондықтан Әл Фараби де ойшыл ретінде бақытқа жету ұғымын негізінен философиялық тұрғыдан қарастырған . « Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат » , « Бақытқа жету туралы кітап » , «Бакытка жол сілтеу » атты еңбектерінің негізгі түпкі ойы - бақытқа жету , сыйластық , адамгершілік , мейірімділік , ізеттік , құрмет жайында . Ол кісі бакытты болудың 3 түрін ажыраткан : Бірінші - адамның іс - әрекеті , яғни адам өзiнiң бакытка жету жолында әрекет жасап ұмтылса , онда ол адам өзінің мақсатына жетеді . Екінші – жан дүние сенiмдері , мысалы : құштарлығы , ашуы , рахаты , қанышы , жабыркауы осының бәрі адамның жан дүниесіне жатады . Үшіншісі- адамның ақыл парасаты . Адам акылды болса , яғни кеп окып , іздемпаз болуы әрбір жетістікке жетелейді . Осының бәрін бір жүйеге келтірсек , Әл - Фараби бойынша адамның әрекетшіл , акыл - парасатты болуы , кемелдіктің жоғарғы сатысына көтерілуге септігін тигізсе , адам осы сатыға жете білсе , онда адам бакыттын жогаргы сатысына кол жеткізеді. Бірақ , бақыттың жалпыға ортақ анықтамасы жоқ . Онын анықтамасы әр адам үшiн жеке . Дегенмен , менің ойымша әр адамның осы дүниеде алдына қойған мақсаты бар . Әр адам сол мақсатына жету үшін талпыну жолында , сол үшін өмір сүреді , және соған жеткенде сәл де болса өзін бақытты сезіне алады . Демек , осы тұрғыда бақыт түсінігі бойынша адамдардың ойлары бір жерден шығады . Менің ойымша , адам баласы бақытқа жету үшін талпынатын мақсаттар көп . Ең алдымен - бiлiмдi , акыл - парасаты мол , мінез - құлқы көркем адам болу . Себебі , бакыт - ол біздің барлық арман - мақсаттарымыздың , ұмтылыстарымыздың орындалған кезі . Өз ісімізге көңіліміз толып , армандарымыздың орындалуы . Ал адам бойында осы атап өтілгендей қасиеттер болса , онда ол міндетті түрде өз дегеніне , армандарына жетпей қоймайды . Ондай адамның бойында құлшыныс пен талпыныс , ізденіс , жан - жақтылық сияқты қосымша қабілеттер қалыптасып , бакытка жету кадамының алғашқысын сүрінбей өтеді . Бақытқа жету жолындағы келесі мақсат - ол өз қалағанынан бас тартпайтын , батыл , қайсар мінезді болу деп ойлаймын . Яғни , адам бiлiмдi , көркем мінезді , рухани дуниесі бай болуы мүмкін , алайда , алдынан қандай да бір қиындықтар кездесіп , өмірдің тұщы сәттерін көтере алмай , өз максаттарынан бас тартуы да мумкін . Сондай жагдайларда ерекше ежеттілік көрсетіп , өз - өзін қамшылай білген адам ғана мақсаттарына жетіп , бакытты бола алады . Бақытқа жетудегі мақсаттың үшінші қадамы - адамның өмірден өз орнын таба бiлуi . Бұл жерде тек қана мақсат - мүдделер орындалу деген сөз емес , сонымен адам өзінің дүниеде , өмірдегі маңыздылығын түсіну . Себебі мақсат да әр түрлі болады . Кішігірім максат , немесе үлкен . Көлеміне байланысты емес , айтқым келгені - тек мақсатпен ғана шектелмей , одан әрі даму , жетілудің жолын іздеу . Бақыт теңдеуі әр адамда тәулігіне де өзгере алады . Егер ләззат не куаныш сезімі адамды бүгін бақытты етсе , бұл дәл осындай ләззат куаныш сезімі оны ертен бақытты етеді дегенді білдірмейді . Немесе егер қысқа мерзімді қанағаттану сезімі адамды кеше қуантса , ол міндетті түрде келесі аптада оны бақытты етпейді . Сондықтан да әрдайым ізденісте болу қажет . Бұрынғыдан да жақсы болу , өзін жетілдіру арқылы өмірден өз орнын табу қажет . Осы шарттар орындалса ғана бақытты болуға болады деп түсінемін. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары трактатында этиканың ең жоғары категориясы – бақыт. Өйткені басқа бірдеңе үшін емес, адамның тек өзі үшін қажет болатын игілік және ең жоғарғы игілік осы бақыттың бойына шоғырланған. Атап айтқанда, космология мен этика, жалпы философиялық конструкция (құрылым) және оның тәжірибелік мағынасы осы шеңберде ұштасады; өйткені философия болмайынша, дүниенің жалпы үйлесімін, оның құрылысының сұлулығын ұқпайынша шын бақытқа жетуге болмайды... Бұл дүниеде рахат деп білетініміз басқа дүниеде азапқа айналуы мүмкін ғой... Бірақ әдептілік о дүниеде болады деп бұл дүниеге жиренішпен қарауға болмайды. Әл-Фараби былай дейді: «Қайырымды адам өзінің өлімін зорлап жеделдетуге тиісті емес; өйткені өмірге деген сүйіспеншіліктің өзі ізгіліктің сарқылмас көзі болып табылады».
Пайдаланылған әдебиеттер:
Әл -Фараби. Философиялық трактаттар, – Алматы, 1970

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет