мұрағат ісінің теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін және оның тарихын зерттейтін ғылым
Оған архив ісінің теориясы мен практикасы, архивтердің құрылымы, қызметі мен тарихы, ғылыми мәні бар құжаттардың іріктеп алынып, сақталуын қамтамасыз етудің әдістері мен жолдарының, құжаттардың ғылыми-анықтамалық аппаратын жасаудың, архив қорларын пайдалануды ұйымдастырудың негізгі принциптері жатады. Архивтану тарих пен мемлекеттік-құқықтық практиканың ұштасқан тұсында пайда болып, қосалқы тарихи пән ретінде қалыптасып, кейін тарих ғылымының қосымша саласына айналды.