3. Педагогикалық жағдаят Сыныпта бір ақ қағаз бір оқушыдан екінші оқушыға әрі-бері ұшып барып, мұғалімнің столына келіп



Дата11.12.2021
өлшемі22,34 Kb.
#79126
Байланысты:
жағдаяттар


3. Педагогикалық жағдаят

Сыныпта бір ақ қағаз бір оқушыдан екінші оқушыға әрі-бері ұшып барып, мұғалімнің столына келіп

түседі. Ақ қағазда мұғалімді келекелеп салынған суреті екен.

Осындай жағдайда не істер едің?


  1. 12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің

кәсіптік құзіреттілігін анықтаудың диагностикасы.



  1. Педагогикалық жағдаят.

Мұғалім тақтаға жазып тұрып қате жіберіп алады.

Оқушылар: «Мұғалім қате жаздыңыз» - деп шулай жөнеледі.

Сұрақ: Осы жағдаяттан қалай шығар едіңіз, шығу шеберлігің.

3. Педагогикалық жаттығу шешу.



Әкесі мен баласы орманнан саңырауқұлақ теріп келе жатып автобусқа мінеді. Келесі аялдамадан бір қария мінді. Орын болмай тұрып тұрғанын көріп, әкесі баласына қайта-қайта қарап еді, ол көрмегендей терезеге қарап отыра берді. Әкесі тұрып орын берді.

Осы жағдайда әкесі қандай тәрбие әдіс-тәсілін қолданды.

Педагогикалық жағдаят шешу.



Мұғалімдер бөлмесінде үш мұғалім әңгімелесіп отыр:

Бірінші мұғалім: «Мен оқытқан оқушылардың барлығы үнемі «үздік», «жақсы» деген баға алады».

Екінші мұғалім: «Мен оқытқан оқушылар мектеп бітірген соң көбісі үлкен бизнесмен болып, жақсы өмір сүруде».

Үшінші мұғалім: «Мені, мен оқытқан оқушылар болашақта кім, қандай азамат? болатыны толғандырады. Ойымдағыдай шықса болғаны»

Сұрақ: сен қай мұғалімді қолдар едің? Неге?

Практикалық жұмыс

Қызы:

кемпірді жек көремін.

Анасы: (тоқып отырған тоқымадан басын көтереді).

Қызы: Мұғалімдерді таңдамайды ғой. Бірақ бізде жаман мұғалімдер көп, егер мен барлығымен ұрысса

берсем, онда оқу екпіндісі бола алмаймын.

Мені бүгін сабақта көп сөйлегенім үшін директордың оқу ісінің меңгерушісіне шақырды.

Анасы: Түсінікті.

Қызы: Сол әрекетін түсіндіріңіз, сіз оның қылығымен келісесіз бе?

Тапсырма:

1. Үндемей қою тәрбие қызметін атқара ма? Үндемей қоюдың тәрбиелік ықпалы туралы өз

мысалыңызды келтіріңіз.

2. Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?

3. Педагогикалық жағдаят шешу.



Үшінші сынып оқушылары өте белсенді: әрқайсысы жолдасының қатесін көріп, оны түзетуге

тырысады. Кейбіреулері тіпті жоқ жерден қате тапқысы келеді.Айман Шолпанның соңынан үнемі қадағалап, неше алғанын бақылайды. Ал Шолпанды Айманның қалай оқитыны мазаламайды, ең бастысы өзінің жақсы оқығанын көрсетіп, мақтау алғанды ұнатады.

Тапсырма:

1. Жағдаятқа педагогикалық баға беріңіз?

2. Ұжымды дамытудың қандай заңы бұзылған? Сіздің әрекетіңіз

3. Педагогикалық жаттығу шешуін тап.



Сыныпта оқушылардың заттары жоғала бергеннен кейін мұғалім оқушыларға мектепте «Тапқырлар ұйымы» жұмысының жүйесі және атқарған іс-әрекет нәтижесі жайлы баяндап береді.

Осы жағдайда қандай әдіс-тәсіл жүзеге асты талдап шешімін айт.


3. Практикалық жұмыс.


Мұғалім жайлы ұлылар ұлағаты. Мамандықтың қыр –сырын көре білу, өз практикасында қолдануы.
3. Жағдаятты талда.

Ұлы әкесімен болған әңгімеде футбол ойнап жүргенде доп кездейсоқ бірінші қабатта тұратын

Асқаровтардың терезесін сындырғаны туралы жағдаятты түсіндіруге тырысады.

  • Мен бұның қасақана жасалмағанын түсінемін, бірақ күнделікті өмірде де футболдағы сияқты өзінің қатаң ережелері болады. Олай болса, осы жағдаятта қандай жазалауды дұрыс деп санайсың?

Тапсырма:

1. Әкесінің осындай әрекеті арқылы ұлында қандай сапалар дамуы мүмкін?

2. Әкесі қандай тәрбие тәсілін қолданды?

3. Сіз қандай жазалауды педагогикалық тұрғыдан дұрыс деп санайсыз?


  1. Педагогикалық жаттығу шешу.

Мұғалім сыныпқа бәйшешек гүлдерін әкеліп қойды да, « Балалар осы гүлге қарап әңгіме жазыңдар», - деп талап етті.

-Осы жағдайда қандай әдіс-тәсіл, оқыту принциптері жүзеге асты талда.


3. Практикалық жұмыс

Айгүл – тәртіпті, салмақты оқушы. Өмірдегі өзінің идеалы туралы шығарманы барлығынан да жақсы жазды. Бірақ оны есіктің қоңырауын қалай басатынын қарайықшы! Сонымен қоса, сөйлеп тұр:

  • Ұйықтап қалған ба? (есікті тарсылдатып қаға бастайды).

  • Айгүл, есікті осылай қағуға бола ма екен?

  • Ал, сен саңырау болып қалдың ба? Сенде үнемі уақыт болмайды!

Тапсырма:

1. Айгүлдің тәрбиесінде қай жерде ақаулар жіберілген? Кім кінәлі?

2. «Болу» немесе «солай сияқты көрінеді», «өмір сүру» немесе «көрсету» дегенді қалай түсінесіз?

3. Айгүл мен анасына кеңес беріңіз.
3. Педагогикалық жағдаят

Сынып оқушылары еңбек сабағында оқу тәжірибе алаңында еңбек құралының бірі- күректің сабын дайындап жатты. Оқушылардың барлығы ынтамен жұмыс істеп жатқанда, тек Арман ғана басқа жұмысқа алаңдаумен болды. Мұғалімнің ескертуіне ол: «Мен болашақта дәрігер боламын, маған күректің қажеті болмайды» - деп тәкаппарлықпен жауап береді.

Мұндай жағдайда мұғалім не істеуі керек деп есептейсің?
3. Табиғатты қорғау тақырыбында тәрбиелік іс-шаралар жүйесін ата, мақсатын анықтау.
3. «Сөнбес жұлдыздар» бағытында тәрбие сағатының құрылымын жаса.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет