1-дəрісбаян. Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны



бет1/2
Дата18.09.2024
өлшемі31,34 Kb.
#204642
  1   2
Байланысты:
1 л педагогика


1-дəрісбаян. Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны
1. Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым
2. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
3. Педагогика нысаны, пəні жəне қызметтері
4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі
5. Педагогика жəне басқа ғылымдар

1.1. Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым


Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.
Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тəрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды. Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кəсіби білімдермен қаруландырып, əрқилы жағдайлардағы оқу-тəрбие процесін болжастыруға, жобалауға жəне іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді.
Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тəуелді болып тұр. Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым.
Педагогиканың негізгі категориялары: білім беру, тәрбие және оқыту.
Білім беру- тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; 
Оқыту - білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды меңгертуге, дүниетанымын қалыптастыруға, ақыл-ойын және потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын өзара әрекет ету процесі.
Тәрбие – педагогикалық процесс жағдайында жеке адамның қоғамдық тәжірибені игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдау және ұйымдастыру.
Педагогика міндеттері:
- тәрбиедегі, оқытудағы, тәрбие және білім беру жүйелерін басқарудағы заңдылықтарды ашу;
- педагогикалық практиканы, тәжірибені зерттеу және қорыту;
- білім берудің дамуын болжау;
- зерттеу нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізу.
1.2. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы. Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды.
Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460- 370 жж. Б.э.д.)- балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді». Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон (427-347жж. Б.э.д.), Аристотель (384-322жж.б.э.д.), Тертуллиана (160-222жж. Б.э.д) еңбектерінде жарияланған.
Орта ғасырлар дəуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тəрбиені толығымен діни арнаға бұрды. Августин (354-430жж.), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған. Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап отырып, іске қосқан Лойола (1491-1556) жəне оның ізбасарлары. Қайта өрлеу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл педагог-гуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм Роттердамский (1466-1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық Франсуа Рабле (1483-1553) жəне Мишель Монтень (1553-1592) өздерінің педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амстердамда жарық көрген «Ұлы дидактика» атты еңбегі алғашқы ғылыми-педагогикалық кітаптардың бірегейі болды.
Ағылшын философы жəне педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін тəрбие теориясына бағыштады. Өзінің «Тəрбие жөніндегі ойлар» атты басты еңбегінде ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін іскерлікпен, берік наным-сенімдерін сұлу мəнерлілікпен ұштастыра білген адам - джентельмен тəрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады. XVIII ғасырда мектеп педагогикасы бойынша өз шығармаларымен танылған француз материалист-ағартушылары Д.Дидро (1713-1784), К.Гельвеций (1715-1771), П.Гольбах (1723-1789), əсіресе Ж.Ж.Руссо (1712-1778) болды. «Затқа назар! Затқа! Мен ешқашанда біздің мылжың тəрбиемізбен сөзге аса көп маңыз беріп, құрғақ сөзді адамдарды жасайтынымызды қайталап айтудан жалықпаймын» -деп ұрандады ол. Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) есімі аса құрметпен аталады.
«Өзгерістерден басқа тұрақты ешнəрсе жоқ», -деп үйреткен неміс педагогы Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға тəн тəрбиенің қозғаушы күштері мен қарама-қарсылықтарын зерттеген.
Орыс ойшылдары, философтары жəне жазушыларының арасында педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-1561). Бүкіл əлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып, халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады. Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі. Бұл салада халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы жəне т.б. Олардың тəлім-тəрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында – «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі həм сондай болмақшы…əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жасады. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінде жетекші орын тəрбие мақсаттарына, принциптеріне жəне оның мəніне берілген.

XIX ғ. ақыры - XXғ. басында педагогикалық проблемалар АҚШ-та қарқынды зерттеле бастады. Ол жерде адам тəрбиелеудің жалпы принциптері мен заңдылықтары өрнектелді, əрбір адамға белгілеген мақсаттарына тез, əрі табысты жетуге мүмкіндік беретін тиімді білім технологиялары қалыптасып, практикаға енді. Американ педагогикасының белгілі өкілдерінің бірі Джон Дьюи (1859-1952). Оның зерттеу жұмыстары бүкіл батыс Еуропа, Америка жəне Австралия аймақтарында педагогикалық ойдың дамуына үлкен ықпал жасады. Американ педагогтарының тағы бір көрнекті тұлғасы Эдвард Торндайк (1874- 1949) оқу процесін зерттеумен атын əйгілеп, əрекетшіл тəрбие технологиясын бүкіл əлемге жария етті. Елімізде аты танымал американ педагогы жəне дəрігері Бенджамен Спок.


Бұл идеяға жетекші Мария Монтессори (1870-1952) болды. Өзінің «Ғылыми педагогика əдістемесі» кітабында ол балалық жас мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін түсіндіріп бақты.
Ресейдегі еркін тəрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі Константин Николаевич Вентцель (1857-1947)еді.
Жаңа педагогикаға байланысты шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен қатысқан белгілі педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий (1878-1934), П.П.Блонский (1884-1941), А.П. Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистік дəуір педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектері.
Осы дəуірдегі жаңаланған педагогиканы дамытуға ат салысқан педагог ғалымдар мен бірегей шығармашыл мұғалімдер көптеп таныла бастады. Олардың арасында Ш.А.Амонашвили, Л.С.Соловейчик, В.Ф.Шаталов, Н.П.Гузик, Н.Н.Палтышев, В.А. Караковский жəне басқалар болды. Бүкіл елге белгілі болған мəскеулік бастауыш мектеп мұғалімі С.Н.Лысынкова “Қалайша жеңіл оқуға болады?” атты кітабын жариялап, онда бастауыш мектеп оқушыларының оқу істерін схема, тірек карточкалар, таблицалар пайдалану арқылы басқару тəсілдерін көрсетіп берді. Сонымен бірге С.Н. Лысынкова “Ілгерілестірілген (опережающее) оқу” əдістемесін жасады.
1.3. Педагогика нысаны, пəні жəне қызметтері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет