1-дəрісбаян. Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны



бет2/2
Дата18.09.2024
өлшемі31,34 Kb.
#204642
1   2
Байланысты:
1 л педагогика

Педагогика нысаны. Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой ұсынған ғалым жəне практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің объектісі – бұл «педагогикалық дерек (құбылыс)». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы ісəрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына байланысты педагогикалық-тəрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады.
Педагогика пəні. Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, əлеуметтану, жантану, экономика жəне де басқа ғылымдар шұғылданады.
Осыдан, педагогиканың пəні – арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие орындарында –мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады.
Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық жəне технологиялық міндеттер. Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
- сипаттау немесе түсіндіру – озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу;
- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;
- болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.

1.4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі


Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың ірге тасы- философия.
- педагогика тарихы
- жалпы педагогика;
- жас кезеңдер педагогикасы;
- əлеуметтік педагогика;
- арнайы педагогика.
- мектепке дейінгі педагогика,
-кəсіби техникалық мектептер педагогикасы,
-өндірістік педагогика,
-ұзақтан оқыту педагогикасы
-жоғары мектеп педагогикасы.
- сурдопедагогика,
- тифлопедагогика,
- олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекеленген немесе пəндік əдістемелер құрайды. Олар оқу-тəрбие мекемелерінің барша типтерінде өтілетін нақты оқу пəндерінің оқытылуы мен игерілуі заңдылықтарын ашып, мұғалімдерге ұсынады. Өз пəнін оқыту əдістерімен əрбір педагог жоғары деңгейде таныс болуы міндетті.
Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектеп тану.
1.5. Педагогика жəне басқа ғылымдар Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың əрқилы ықпал-əсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулерікейінгі, жақын дəуірлерде пайда болды.
-философия;
-психология
-анатомия,
-физиология,
-биология,
-астрология,
-антропология,
-медицина
- əлеуметтану,
-экономика,
-саясаттану
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:
- басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының педагогикада пайдалану;
- бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу əдістерін шығармашылықпен қабылдап, меншіктеу;
- психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, əлеуметтану жəне басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нəтижелерін педагогикада қолдану;
- адамды жан-жақты жəне көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы.
Сұрақтар мен тапсырмалар

Сұрақтар мен тапсырмалар


1. Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым
2. Педагогиканың негізгі категорияларын атап беріңіз
3. Білім беру дегеніміз не?
4. Оқыту дегеніміз не?
5. Тәрбие дегеніміз не?
6. Педагогиканың пайда болуы мен дамуына сипаттама беріңіз
3. Педагогика нысаны, пəні жəне қызметтері
4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі
5. Педагогика жəне басқа ғылымдармен байланысы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет