1 дәрісбаян тақырыбы: Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері



бет103/116
Дата30.09.2022
өлшемі1,21 Mb.
#151276
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   116
Байланысты:
C.М. Жакупов Жалпы психология

§ 4. Темперамент және жеке адам
Темперамент пен жеке адам өзара тығыз байланысты. Темперамент жеке адам қасиеттерiнде, әсiресе мiнез ролiнде анықталады. Темпераментпен әсерленгiштiк, импульсивтiлiк, уайымшылдық қасиеттерi байланысты.

  1. Әсерленгiштiк- әр түрлi стимулдардың адамға әсер етуi, оларға жауап беру мен оларды есте сақтау мерзiмi. Бiрдей стимулдар жоғары әсерленгiш адамдарға әсер еткенде, олар сол әсерлердi өте ұзақ сақтайды және оған күштi жауап қайтарады.

  2. Эмоционалдылық- әр түрлi оқиғаларға байланысты адамның эмоциялық реакцияларының жылдамдығы мен тереңдiгi. Кей адамдар онымен болып жатқан барлық нәрселерге тым үлкен мағына бередi, ешқашан да тыныштық қалпында болмайды, үнемi әр түрлi эмоцияларда болады.

  3. Импульсивтiлiк- импульсивтiлiгi жоғары адамдар ойланбай бiр нәрсе iстеп қояды да, кейiн соған өкiнедi. Ол реакциялардың ұстамсыз, кенет пайда болуы мен iске асырылуына байланысты.

  4. Уайымшылдық- уайымшылдығы жоғары адамдар уайымдау, үрейлену салдарынан әр түрлi эмоционалды күйге түседi: қорқыныш, қауiптiлiк, үрей. Уайымшыл адамдар бейтаныс адамдардан, телефон шылдырынан, емтихан тапсырудан, көпшiлiк алдында сөйлеуден т.б. қорқады. Оның ойынша, дүниедегi барлық нәрсе оған қауiп төндiредi.

Адамның мiнез-құлқы туа пайда болған белгiлi бiр тип өзгешелiктерiне ғана байланысты емес, жүйке жүйесi қызметiнiң өмiр сүру барысында қалыптасатын түрiмен де байланысты болады.
Кейде тыныш отырған флегматик холерикше буырқанып, күйiп-пiсуi мүмкiн де, ал холерик өз күш-жiгерiне сенбей меланхолик жағдайына түсуi де мүмкiн. Бұл жерден бiз аралық темпераменттердiң болатындығын байқаймыз. Темпераменттiң табиғи, қарапайым көрiнiстерi балалық шақта жақсы көрiнедi. Бала өскен сайын сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түсiп, одан алған әсерi де молая бередi.


§ 5. Темпераменттiң психологиялық сипаттамалары
Холерик- аса қозғалғыш, ұшқалақ. Карым-қатынаста күйгелек, бiр беткей, iс әрекетке пысық. Олар айналысқан iсiн жан-тәнiмен iстеуi мүмкiн. Алдына қойған мақсатына жетуге тырысып бағады, бiрақ алдынан өте қатты кедергi кездессе оны ары қарай жалғастыруға сенiмi болмай да қалады. Өзiнiң мүмкiндiгiне сенiмi кетсе, еңсесi түсiп,ешнәрсеге көңiл бөлмей қояды. Дене қимылдары тез және жiгерлi,қызба келедi.Бiр сөзбен айтқанда, ұстамсыз, құйындай адам.
Сангвиник- қызу қанды, iскер адам. Қимыл-қозғалысқа белсендi. Адамдармен тез тiл табыса алады. Сангвиник-ойға жүйрiк, өткiр тiлдi, әр түрлi, көпқырлы жұмысты тез атқарады. Сангвиник жаңаны тез қабылдағыш, зейiндi келедi. Өмiр жағдайының өзгеруiне тез бейiмделедi.
Флегматик- барлық уақытта байсалды, ұстамды, бiр қалыпты, табанды, төзiмдi. Флегматик-салмақты адам, ол күшiн босқа жiбермей, бастаған iсiн аяғына дейiн жеткiзедi. Ол бөспелiктi сүймейдi.адамдармен қарым-қатынаста бiр сарынды. Баяулық пен селқостық оның осал жағы. өзақ уақыт жұмыс iстеуге төзiмдi. Олар жұмыста ұсақ-түйекке көңiл аудармайды.
Меланхолик- аса сезiмтал, тез жараланғыш. Ол тұйық, адамдардан оқшау жүргендi жақсы көредi. өсақ-түйектiң өзiне қатты қуанады, қатты ренжидi. Үйреншiктi, жақсы, тату-тәттi ұжымда меланхолик өзiн жақсы сезiнедi, жақсы ұстайды. Бұл ұжымда жұртпен жақсы қарым-қатынасқа түсiп, алған iсiн нәтижелi орындап, табандылық көрсетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет