1 дәрісбаян тақырыбы: Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері


§ 3. Түйсiктердiң физиологиялық негiздерi



бет50/116
Дата07.02.2023
өлшемі1,21 Mb.
#167788
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   116
Байланысты:
C.М. Жакупов Жалпы психология

§ 3. Түйсiктердiң физиологиялық негiздерi
Түйсiк жүйке жүйесi бар тiрi организмдердiң барлығында болады. Бiрақ саналанатын түйсiктер, яғни белгiлi бiр күйлердiң шығу себебi мен қасиеттерi жөнiнде өз-өзiне есеп бере алушылық тек адамға ғана тән.
Тiрi организмдердiң эволюциясында түйсiктер тiтiркену, яғни тiрi материяның ортаның биологиялық мәндi әсерлерiне өзiнiң iшкi күйi мен сыртқы мiнез-құлқын өзгертуiнде көрiнетiн қасиетi негiзiнде пайда болған. Түйсiктер алғашқы кезеңдерден бастап, организмнiң iс-әрекетiмен, өзiнiң биологиялық қажеттiлiгiн өтеумен байланысты туындаған. Түйсiктердiң өмiр үшiн маңызды рөлi – орталық жүйке жүйесiне iшкi және сыртқы ортаның күйi жөнiнде (мысалы, шөлдеу, суықтық және т.б.) мағлұмат беру. Түйсiк, тiтiркенумен салыстырғанда, сыртқы әсердiң белгiлi бiр қасиеттерi жөнiнде ақпарат бередi. Адамның түйсiктерi қоршаған ортаның оған қажеттi алуан-түрлi қасиеттерiн бейнелейдi. Мұның өзi түрлi модалдық (қасиеттер) бойынша ақпарат беретiн әр түрлi сезiм мүшелерi арқылы жүзеге асады.
Сонымен қатар, адамның тұйсiктерi тек биологиялық факторларды ғана бейнелеу емес. Олар, сонымен қатар, абиотикалық, яғни әлеуметтiк маңызы бар факторларға да жауап беру қабiлетi болып табылады. Бұл қабiлет сезгiштiк деп аталады.
Түйсiктердiң физиологиялық негiздерi болып табылатын – ол тiтiркендiргiштiң оған сәйкес анализаторға (сезiм мүшесiне) әсерi нәтижесiнде пайда болатын жүйке процесi. И.П. Павлов бойынша, анализатор - бұл тiтiркендiргiштердi қабылдау, өңдеу және оларға жауап қайтаруға қатысатын афференттiк және эфференттiк жүйке жолдарының жиынтығы. Анализатор – тiтiркендiргiштердiң әсерiмен рефлекторлық түрде өзгерiп отыратын белсендi мүше, сондықтан түйсiк пассивтi емес, ал әрқашан қозғалыстық компоненттерден тұратын белсендi психикалық процесс болып табылады.
Анализатор үш бөлiмнен тұрады:

  1. Перифериялық бөлiм (рецептор) - сыртқы энергияны жүйке процесiне айналдыратын арнайы трансформатор.

  2. Афференттiк (орталыққа бағытталған) және эфференттiк (орталықтан шығатын) жүйке талшықтары немесе өткiзгiш жолдар;

  3. Анализатордың мидағы қабықасты және қабықты бөлiмдерi; бұларда перифериялық (шеткi) бөлiмдерден келетiн жүйке импульстарының өңдеуi iске асады.

Анализатордың шеткi бөлiмдерiнiң белгiлi бiр клеткаларына ми қыртысы клеткаларының белгiлi-бiр бөлiмшелерi сәйкес келедi. Осылайша, мысалы, көз торының әр түрлi нүктелерiне ми қыртысында кеңiстiк бойынша әр түрлi орналасқан нүктелер сәйкес келедi.
Жасанды тiтiркендiру әдiстерi арқылы жасалған көптеген байқаулар көрсеткендей, қазiргi кезде әр түрлi сезгiштiктiң мидағы локализациясын анықтауға болады. Мысалы:

  1. Көру сезгiштiгi мидың желке бөлiмдерiнде орналасқан.

  2. Есту сезгiштiгi жоғарғы самай иiрiмдерiнiң орта бөлiмiнде локализацияланады.

  3. Сипап сезу-қозғалыстық сезгiштiк артқы орталық иiрiмдерде орналасқан.

Түйсiктiң пайда болуы үшiн анализаторлардың тұтас, бiрыңғай жұмысы қажет. Рецептор сырттан келетiн энергияны жүйке процесiне ауыстырғанда тiтiркену басталады. Бұл процесс рецептордан орталыққа бағытталған жүйкелiк жол арқылы анализатордың жұлындағы орталығына немесе бас миының ядролық бөлiмiне жетедi. Қозу анализатордың қыртыс клеткаларына жеткенде, адам тiтiркендiргiштiң қасиетiн түйсiнiп, ажыратады, содан кейiн организмнiң оған жауап беруi жүзеге асады.
Организмнiң осындай үйлесiмдi жұмысы рефлекторлық доға механизмi арқылы қызмет етедi. Рефлекторлық доға рецептордан, өткiзгiш жолдардан және эффектордан тұрады. Рефлекторлық доғада жүретiн процестердiң динамикасы болып сыртқы әсерлердiң қасиетiне өзiндiк сәйкестелу табылады. Мысалы, сипап сезу дәл сондай процесс. Себебi қолдардың қимыл-қозғалысы берiлген объектiнiң құрылымына сәйкес келiп, оның қалпын қайталайды. Сонымен қатар, көру, есту, сөйлеу мүшелерi де өздерi қабылдайтын объектiнiң қасиеттерiне сәйкестенiп, қозғалыстар жасайды.
Түйсiктiң пайда болуында эффекторлық процестердiң қатысын көрсеткен көптеген зерттеулер түйсiктiң психикалық құбылыс ретiнде организмнiң жауап қайтуынсыз және оның сәйкестiгiнсiз болуы мүмкiн еместiгi жөнiнде қорытындыларға келдi. Сезiм мүшелерi қозғалыс мүшелерiмен тығыз байланысты болады, және қозғалыс мүшелерi организмнiң тек бейiмдеу және атқарушы қызметiн ғана атқарып қоймай, сондай-ақ ақпаратты алуда маңызды рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет