Түйсiк – бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнiң iшкi күйлерiнiң жеке қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тiтiркендiргiштердiң сәйкес рецепторларға тiкелей әсерi нәтижесiнде жүзеге асады.
Рецептор – бұл дененiң үстiнде немесе оның iшiнде орналасатын, және табиғаты жағынан әр түрлi тiтiркендiргiштердi - физикалық, химиялық, механикалық және т.б. - қабылдауға және оларды жүйкелiк электр импульстарына түрлендiруге арналған арнайы органикалық құрылғы.
Эволюция барысында әрбiр рецептор белгiлi бiр тiтiркендiргiшке арнайы бейiмделе отырып, дамыған. Осылайша, тангорецепторларсипап сезудi сезiнуге, аусторецепторлар дәм сезу тiтiркендiргiштерiн түйсiнуге, стиборецепторлар – иiс сезуге, фонорецепторлар дыбыстық тiтiркендiргiштердi және фоторецепторлар жарықтық (немесе сәулелiк) рецепторларды түйсiнуге бейiмделген.
Алайда кейбiр парадоксалды жағдайларда адекватты емес тiтiркендiргiш белгiлi бiр рецепторға әсер ете отырып, оған тән түйсiктердi тудыруы мүмкiн. Осылайша, мысалы, электр тоғы немесе күштi қысым көздiң жарығын тудыруы мүмкiн (мысалы, соққы кезiнде көзден ұшқын шығады). Бұл өте сирек жағдайларда болады. Ал, жалпы алғанда, түйсiктер арнайы сезiм мүшелерi (анализаторлар) арқылы тек өзiне ғана тән тiтiркендiргiштердi түйсiнуге арналған, яғни көбiнесе объективтi болып келедi. Бұл жерде тағы бiр ескеретiн нәрсе, түйсiктер, сезiм мүшелерiнiң, рецепторлардың арнайы қызметiне немесе спецификалық энергиясына (И. Мюллер тұжырымдағандай) байланысты емес, ал негiзiнен сыртқы тiтiркендiргiштердiң қасиеттерiне тәуелдi болады.
Түйсiктер бiздiң дүние жөнiндегi бiлiмдерiмiздiң ғана емес, сондай-ақ бiздiң сезiмдерiмiз бен эмоцияларымыздың да қайнар көзi болып табылады. Эмоциялық күйзелiстiң ең қарапайым түрi – бұл түйсiктiң сезiмдiк, немесе эмоциялық тоны, яғни түйсiктермен байланысты болатын сезiм. Мысалы, кейбiр түстер, дыбыстар мен иiстердiң олардың мәнiне, олармен байланысты болатын естелiктер мен ойларға тәуелсiз, бiзде жағымды немесе жағымсыз сезiмдi тудыратыны бәрiмiзге жақсы белгiлi. Әдемi дауыстың дыбысы, шабдалының дәмi, раушан гүлiнiң иiсi – жақсы, жағымды эмоциялық тонды тудырады. Пышақтың шыныға үйкелгендегi сықыры – жағымсыз эмоциялық тонға ие болады. Сонымен, түйсiктер эмоциялардың пайда болуында да үлкен рөл атқарады.