Заң психологиясы хұќыќќа ќатысты мєселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде ќолданудың психологиялыќ мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, ќылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармаќтардан ќұралады. Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куєлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялыќ астарларын ќарастырады. Ќылмыс психологиясы ќылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтќындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арќылы тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР Адамды зерттеудегі Б.Г.Ананьевтің қолданған негізгі құрылымды элементтері: индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке тұлғалық жайлы айтып беріңіздер.
2. Индивид ретіндегі адамның бірінші және екінші қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
3. Неге тұлға ұғымы жануарларға емес, тек адамға қатысты екенін
түсіндіріңіз.
4. Адамның іс-әрекет субъектісі ретіндегі негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
5. Жеке тұлғалылық ұғымын түсіндіріңіз?
6. Адамды биологиялық түр ретінде зерттейтін қазіргі заман ғылымдары
жайлы айтып беріңіз.
7. Адамның антропогенез және социогенез проблемалары жайлы не білесіз?
8. Адамның табиғатпен өзара қатынасы жайлы әңгімелеңіз. В.И.Вернадскийдің биогеохимиялық теориясына қандай негізгі идеялар айтылған?
9. Психологияға ғылым ретінде анықтама беріңіз.
10. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы неде?
11. Психологияның пәні не? Психикалық құбылыстарды жіктеңіз.
12. Қандай психикалық процесстерді білесіз?
13. Психикалық күй мен психикалық процесстердің басты айырмашылығы неде?
14.Тұлғаның негізгі қасиеттерін атаңыз.
15. Психологиялық зерттеулердің қандай әдістерін білесіз?
16. Тест дегеніміз не? Тесттер қандай болады?
17. Байќау әдісіне ќандай талаптар ќойылады. ?
18. Психологияның ќандай салалары бар? Олардың алдына ќандай міндеттер ќойылған?