Білім жинаќталады жєне беріледі.
Білімнің көзі- эксперимент
Білім єрќашан кеңейіп отырады.
Біріншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер нақты жағдайда, адамдармен оларға қатысты міндеттер айналасында болады. Ғылыми психология жалпылауға бағытталған, ол үшін сәйкес ұғымдар пайдаланылады.
Екіншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер интуициялық сипатқа ие. Бұл себепті алу тәсіліне - кездейсоқ тәжірибе және санасыз деңгейде субъективті талдауға бағытталған. Бұған қарағанда ғылыми таным экспериментке негізделген, ал алынған білімдер толық рационалды және түсінікті.
Үшіншіден, білімді беру тәсілдерінде айырмашылықтар бар. Әдетте, тұрмыстық психологиялық білімдер қиындықпен беріледі немесе көбінесе беріле алмайды да. Ю.Б.Гиппенрейтер жазғандай “әке мен балалардың” мәңгі проблемасы да осында, өйткені балалар әкелерінің тәжірибесін қабылдай алмайды және қабылдағысы келемейді де”. Ал ғылымда білім жинақталып, оңай беріледі.
Сонымен психология негізінен грек сөзінен аударғанда ”жан туралы ғылым”, ал “психология” термині ќолданысќа алғаш рет XVI-ғ. енді. Алғашќыда ол ерекше ғылым ретінде “жанды” немесе психикалыќ болмысты єрбір адам өзін баќылау нєтижесінде аныќтап отыруға қолданса, кейіннен XVII- XIX ғ.ғ. психология - бұл психика жєне психикалыќ ќұбылыстар туралы ғылым болды.
Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді; 1. Психикалыќ процестер дегеніміз - сыртќы дүние заттары мен ќұбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.
2. Психикалыќ ерекшеліктер дегеніміз- бір адамды екінші адамнан ажырытуға нгегіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер.
3. Психикалыќ күй дегеніміз- адамның түрлі көңіл күйінің тұраќты компоненттері.
1.6 Психикалыќ ќұбылыстардың ќұрылымы былай аныќталады.