Семинарға арналған сұрақтар:
Түйсiктердiң адамның танымдық процестерiнiң iшiнде алатын орны.
Түйсiктердiң негiзгi қасиеттерi (модалдылық, қасиет, қарқындылық, кеңiстiктiк-уақыттық құрылым).
Түйсiктердiң түрлерi.
Түйсiктердiң өзара әрекеттесуi, адаптация құбылыстары.
Студенттердiң өзiндiк жұмысына арналған тапсырмалар:
Түйсiк табалдырықтары.
Түйсiктiң психофизикалық заңдылықтары.
Түйсiктердiң өзара байланысы: синестезия, сенсибилизация, бiр iздi бейнелер (эйдетикалық ес).
Әдебиеттер:
Ананьев Б.Г. Психология чувственного познания. М., 1960
Маклаков А.Г. Общая психология: Учебник для вузов. – СПб.: Питер, 2004. – 583 с.
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб.: Издательство ңПитерң, 2000. – С. 163-224.
Величковский В., Лурия А.Р., Зинченко В.П. Психология восприятия. М.,1985.
VII ТАРАУ. ҚАБЫЛДАУ
Қысқаша мазмұны
Қабылдаудың жалпы сипаттамасы. Қабылдау туралы ұғым. Қабылдау заттың тұтас бейнелеуi ретiнде. Түйсiк пен қабылдаудың өзара байланысы мен айырмашылықтары. Қабылдау күрделi перцептивтiк процесс ретiнде.
Қабылдаудың физиологиялық негiздерi. Қабылдаудың физиологиялық механизмдерi. П.К. Анохин бойынша қабылдаудың (бейне қалыптастырудың) физиологиялық негiзi. И.П. Павлов, И.М. Сеченов қабылдаудың рефлекторлық механизмдерiн түсiндiруi.
Қабылдаудың негiзгi ерекшелiктерi. Қабылдаудың тұтастылығы. Құрылымдылық қабылдаудың тұтастылығымен байланысты көрiнiсi ретiнде. Қабылдаудағы заттылық. Қабылдаудың мағыналылығы мен тұрақтылығы. Қабылдаудағы иллюзия. Апперцепция және оның түрлерi.
Қабылдаудың түрлерi. Кеңiстiктi қабылдау: заттардың формасын, көлемiн, тереңдiгiн, аумақтылығын, қашықтығы мен бағытын қабылдау. Уақытты қабылдаудың негiзгi ерекшелiктерi. Қозғалысты қабылдаудың психофизиологиялық табиғаты.
Достарыңызбен бөлісу: |