5 – дәріс
Тақырыбы: ТІЛДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Фонетика – тіл ғылымының бір саласы . Зерттелуі
Фонетиканың бүгінгі жай-күйі
Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен зандылықтары, процестер, сәйкестіктер туралы ілім. Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке қарастырады, олар: Қызметтік, артикуляциялық акустикалық, перцептивті қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология пәндерімен байланысты болады. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаева, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков және т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім - фонология деп аталады. Фонема - тілдегі дыбыстық қатарды қүрайтын бірлік.фонеманың қазіргі түсінігін және фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ XIX г. 70-80 жылдары жасаған.
Қазақ тілінің фонетист ғалымы Ә.Жүнісбеков фонема ұғымының түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін айтып, түркі тілдері үшін «сингармема» деген атаудың лайықтығын дәлелдейді. Бұл түркі тілдеріндегі сингорманизм заңдылығымен үйлес. Сингорманизм зандылыгын С. Мырзабеков көп зерттеді. Фонетикалық процестер: ассимиляция, диссимиляция, диереза, редукция, элизия және т.б. фонетикалық кұбылыстар: просодиялық фонетикалық құбылыстар, анлауттағы фонетикалық кұбылыстар. инлауттағы фонетикалық құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар.
Бақылау сұрақтары:
Фонетика – тіл ғылымының бір саласы . Зерттелуі
Фонетиканың бүгінгі жай-күйі
Латын әліппиіне көшу туралы өз ойыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,2,5,6.
Қосымша әдебиеттер тізімі: 6,8, 9.10 ,19,21.
Достарыңызбен бөлісу: |