1. ДӘрістер бірінші дәріс Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)


–дәріс  Тақырыбы: ТІЛ БІЛІМІНІҢ ҒЫЛЫМДАР



бет68/78
Дата14.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#100494
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78
Байланысты:
lektsii v platonuse

2 –дәріс 

ТақырыбыТІЛ БІЛІМІНІҢ ҒЫЛЫМДАР 

ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ 
  1. Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысы 


  2. Тіл білімінің теориялык мәні 


Тіл білімінің ғылым жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары. Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология.

Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.

Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика, география, кибернетикамен байланысты.

Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.

Тіл білімінің теориялык мәні - тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму зандылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен байланысы, өзара қарым қатынасы анықталады.Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы қорытындылар, топшылаулар, жасалады. Сол қорытындылар мен топшылаулардың негізін оқулықтар жазылып, сөздіктер күрастырылады. Міне, тілдің теориялық жағы дегеніміз осы. 


Бақылау сұрақтары: 
  1. Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысы 


  2. Тіл білімінің теориялык мәнін баяндаңыз 



Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,5,6.

Қосымша әдебиеттер тізімі: 3,4,5,29,30,36,45,48,49.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет