Когнитивтік лингв-ң зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, зерттелу тарихы



Дата11.01.2022
өлшемі22,87 Kb.
#110731
Байланысты:
когнитв семинар


Орындаған : МФИ-001 магистранты Рахымбаева Жанар

Тақырыбы: Когнитивтік лингв-ң зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, зерттелу тарихы

Когнитивті лингвистика – тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі антропоцентристік парадигманың қатарына жататын тоғыспалы ғылым саласы. Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым.

Қазіргі тіл ғылымында когнитивті лингвистика қатты дамып, оның салалары категориялау теориясы, тілдік тұлға, концептуалды метафора, когнитивті–дискурсивті теория, когнитивті семантика, тағы басқалары сараланып кетеді.

Когнитивтік лингвистика сияқты психолингвистика, этнолингвистика, соцлингвистика ғылымдарының пайда болуы тіл білімінде үлкен өзгеріс тудырды.

Когнитивтік лингвистиканың негізгі кұралдары: есте сақтау бірліктері - таным, гештальт теориясы, тілдік сана және т.б. Когнитивтік лингвистика дүние бейнесін сипаттауға бағытталады.

Дүние туралы белгілі бір дүниетанымның қалыптасуы психикалық сәулеленудің үш деңгейінің өзара қатысымдылығына байланысты: сезімдік қабылдау деңгейі, қабылдауды қалыптастыру деңгейі, сөйлеу-ойлау процесс деңгейі.

Когнитивтік лингистикада тілдің таным кұралы және танымның алғы шарты екендігі басты назарда ұсталынады. В. Гумбольдт кезінде тілдің адам болмысы мен танымының барлық аясын қамтитын адами рухтың басты қызмет екендігін баса көрсеткен болатын.

Когнитивтік лингистиканың негізгі үғымдары: ойлау, білім, когниция, дүниені тілдік көру, менталдылық, концепт т.б.

Когнитивтік лингвистика - XX ғасырдың 70 жылдары Европада кең таралған лингвистикалық бағыт болып саналады. Бұл лингвистикалық бағыт өзінің пайда болған отаны Америка Құрама Штаттарында «когнитивті грамматика» деп аталса, Ресейде «когнитивті семантика»-когнитивтік зерттеулердің алғашқы бастауы болды. Когнитивтік лингвистиканың пайда болуы лингвистикалык зерттеудегі әдіснамалық ілгерілеу болды. Тілді зерттеудің когнитивтік (танымдық) сипатының қалыптасу тарихын түсіндіру үшін зерттеушілер мынадай фактіні келтіреді. 1970 жылдары американдық лингвист Чейфтің түсіндіруінше, ағылшын тілінде қандай да бір оқиға туралы мәлімет көпшілікке жеткізілер болса, хабарлы сөйлем, интонация, когнитивті күш-жігер жұмсалатындығына тоқталды.

 «Когнитивті  грамматика»  термині  1975  ж.  Дж.Лакофф  пен 

Г.Томпсонның  «Когнитивтік  грамматиканы  ұсынамыз»  атты  мақаласында 

қолданылған. 1987 ж. Р.Лангакердің  алғаш «Когнитивті грамматика негізде-рі» атты еңбегінің І томы жарыққа шықты.  

ХХ ғ. 90 ж. басында шетелдік когнитивтік лингвистика жеке дара зерттеу 

бағдарламалары, сәл ғана байланысы бар немесе мүлдем байланысы жоқ  

салалардың қатынас бірліктерін зерттейді. Бұл зерттеу бағдарламалары 

бойынша Дж.Лаккоф, Р.Лангакер, Т.Ван-Дейк, Дж.Хейман т.б. жұмыс жасады.  

1990  ж.  орта  шеніңде  Еуропада  алғаш  рет  когнитивті  лингвистика 

оқулықтары  шыға  бастады.  Ф.Унгерер  мен  Х.И  Шмидтің  «Когнитивті 

грамматикаға  кіріспе»,(1996  ж),  Б.  Хайне  «Грамматиканың  когнитивті 

негіздері»  (1997 ж.).  Орыс  тіл  білімінде  когнитивті  грамматика    ұғымы  В.И  Герасимованың  (1985 ж) мақаласында беріледі.  

Оның  қалыптасуына  маңызды  үлес  қосқан  еңбектер  В.  Виноградовтың  

«Программа  понимающая  русский  язык».(1972  ж.ж),  Р.  Шенканның бірлесіп жазған «Обработка концептуальной информации»(1975-1980 ж,ж ), жазылған  т.б.  еңбектер  маңызды  рөл  атқарды.  Кеңес  одағы  кезінде  «Новое  в зарубежной  лингвистики»  еңбегінің  ХХІІІ  жарыққа  шықты.  Бұл  еңбек  тіл-дің  когнитивті аспектілеріне арналып жазылған . 

Когнитивтік лингвистика бірнеше ғылым түрлерінің өзара қатысымдылығы негізінде пайда болды: Когнитивтік ғылымдар (когнитология, когиотология). Оның зерттеу обьектісі - адами танымның кұрылымы мен қызметі. 1960-70 жылдардың шегінде жасанды интеллектіде мынадай түсінік қалыптасты: адамдағы интеллектуалды үдерістер «адам ойлауының әмбебап заңымен» пара-пар бола алмайды. Интеллектуалды тапсырмалардың басым көпшілігін адам баласы вакуумда немесе таза жады арқылы емес, жадыда бұрыннан сақталған білім қоры негізінде орындай алады. Тіпті белгілі бір ережелерге сай құрылған шахмат ойынының өзін шебер ойнау үшін адамның жинақталған таным қоры болуы қажет.

Тіл  біліміндегі  жаңа  ғылыми  бағыттардың  қайнар  көзі,  шығу  арнасы 

Еуропада    В.Гумьболдтың  лингофилософиялық  тұжырымдамаларынан,  ал 

Америкада Ф. Боас,  Э. Сепир, Б. Л. Уорфтардың көзқарастарынан бастау алады.  Ресейлік филологиялық және тілтанымдық  дәстүрді жалғастырушы  Н. И.Толстой, Н.Топоров, В. В. Иванов, В. А. Аврорин, В. Н. Телия, В. В. Воробьев, А. Вежбицкая, Е. М. Верещагин, В. Г. Костоморов, Ю. С. Степанов, А. Д. Арутюнова,  В. Маслова т.б ғалымдардың зерттеулерінде ақиқат шындық болмыс,  халық  тарихы,  ел   тарихы,  дүниетаным,  рухани  және  материалдық мәдениеттің   құрамдас  бөліктерін  құраушы  ұлттық  құндылықтар жүйесі тіл құрылымының  танымдық  астарымен,таңбалық  сипатымен,тілдік  бірліктердің ұлттық-мәдени семантикасымен тығыз байланыста сарапталады. 

Когнитивтік  лингвистика  когнитивтік  құрылымдарды  және  адамға 

қатысты    үдерістерді,  яғни  жүйелі  сипаттау  және  адамның  тілді  қабылдауын  түсіндіру  механизмін  және  осы  механизмдердің  құрылу  ұстанымдарын қарастырады. 

Пайдаланылған Ресурстар:



  1. Википедия

  2. https://melimde.com/oulita-kognitivtik-lingvistika-peni-oni-zertteu-nisani-masati.html


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет