1-дәрістің тақырыбы: «Еңбекті қорғау» курсының пәні мен шарты Дәрістің конспектісі



бет1/2
Дата11.09.2023
өлшемі20,95 Kb.
#180706
түріКонспект
  1   2
Байланысты:
Лекция-1672904697780
72336.pptx

1-дәрістің тақырыбы: «Еңбекті қорғау» курсының пәні мен шарты
Дәрістің конспектісі: Еңбекті қорғау- еңбек үдірісіндегі адамның жұмыс қабілеттілігін және адам денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін заң шығарушылық және құқықтық актілер және оған сәйкес әлеуметтік құқықтық, техникалық, санитарлы –гигеналық, ұйымдық, өртке қарсы, электр қауіпсіздігі мен емдеу профилактикалық құралдарының жиыны.
Осыған орай «Еңбекті қорғау курсы» бөлімшелерден тұрады: «Еңбекті қорғаудың» құқықтық және ұйымдық сұрақтары; Өндірістік санитария және еңбек гигенасы; Қауіпсіздік техникасы негіздері; Өрт жарылыс қауіпсіздігі.
«Еңбекті қорғау» пәні өндірістік қауіптіліктерді және кәсіби зияндылықтарды зерттеп табатын, олардың алдын –алу немесе бақытсыз жағдайларды, кәсіби ауруларды, аварияларды және өрттерді жоя мақсатында әдістер жасайды.
Еңбекті қорғау алғаш рет СССР-да әлеуметтік- құқықтық, техникалық және медицина ғылымдары негізінде, ғылыми пән ретінде пайда болды. Оның зерттейтін басты объектілері, адам және еңбек үдірісі, өндірістік орта, өндірістік қондырғылармен адамның байланысы, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру, технологиялық үдірістер болады.
Курсың методологиялық негізі- авариялық жағдайдың пайда болу мүмкіндігі, қауіпті факторлардың пайда болуы, өндірістік зиянды заттардың бөлінуіне байланысты, қондырғыларды және аппаратураларды, технологиялық үдірістерді, еңбек шартын ғылыми түрде талдау. Осындай талдаулар негізінде, өндірістің қауіпті учаскелер, мүмкін авария салдары анықталады және оларды ескерту мен салдарын шектеу бойынша шаралар жасалынады.
Түгелдей қауіпсіз және қауіпті өндірістер болмайды. Еңбекті қорғаудың шарты – максималды еңбек өнімділігінде, бір уақытта жайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, жұмысшының ауруы мен бақытсыз жағдайлардың мүмкіндігінің ең төменгі шамасына келтіру.
«Еңбекті қорғау» пәнін оқу үдірісінде студент келесі негізгі мәліметтерді меңгеруі керек:

  • «Еңбекті қорғау» саласындағы жобалы және басқару шарттары, өндірісітік шешімдері үшін қажетті құқықтық – нормативтік актілерді білу;

  • технологиялық және қосымша қондырғылардың, тораптар мен коммуникациялардың қауіптіліктерін білу, сонымен бірге нормативті режимдердің мүмкін салдары мен олардың функционирлеуді білу;

  • технологиялық үдірістердің, шикі заттың, аралық және соңғы өнімдердің зияндылығын, олардың адамға әсерін білу;

  • зияндылық пен қауіптілікті табу әдісін білу және қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайын құру;

  • еңбек қауіпсіздігімен басқару принципін білу;

  • техникалық қауіпсіздікпен басқару принципін білу.

Қауіпті өндірісітік факторлар- жарақатқа немесе басқа кенеттен денсаулығының нашарлауына алып келетін, белгілі жағдайлардағы, жұмысшыға әсер ететін факторлар.
Зиянды өндірістік факторлар- ауруға немесе жұмыс қабілеттілігін төмендетуге алып келетін, белгілі жағдайдағы жұмысшыға әсер ететін фактор.
Техника қауіпсіздігі- жұмысшыға, қауіпті өндірістік факторлардыңәсерін жоятын, техникалық құралдар және ұйымдық шаралар жүйесі.
Өндірістік санитария –жұмысшыға әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайтатын немесе жоятын техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар жүйесі.
Өндірістегі сәтсіз оқиғалар- жұмысты орындау кезінде немесе басшының тапсырмасын орындауы кезінде, қауіпті өндірістік факторлардың жұмысшыға әсер ету жағдайы.
Жарақат (грек тілінен аударғанда – жара дегенді білдіреді)- сыртқы ортаның факторларынан болған, адам мүшелері мен ткандарының, олардың тұтастығы мен функциясының бұзылуы мен зақымдалуы.
Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жұмысшыға әсер етпейтін, еңбек шартының жағдайы.
Өндірістік қондырғылар мен үдірістердің қауіпсіздігі- нормативті – техникалық құжаттармен белгіленген, еңбек қауіпсіздігі жағдайындағы талаптармен сәйкес, өндірісітік қондырғылар мен үдірістерді сақтау қасиеті.
Қауіпті аймақ – зиянды және қауіпті өндірісітік факторлардың жұмысшыға әсер ету мүмкіндігі бар кеңістік.
Жеке және ұйымдық қорғаныс құралдары, бір немесе екі және одан да көп жұмысшыларды қорғауға негізделген (зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін азайту немесе жою).
Кәсіби аурулар- зиянды жұмыс жағдайында жұмысшыға әсер етуінен болады.
Өрт жарылыс қауіпсіздігі - өрт пен жарылысты жою профилактикасына бағытталған, техникалық және ұйымдық құралдар мен олардың салдарын шектеу жүйесі.
Еңбекті қорғау бойынша заң шығарушылық – қалыпты жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге қатысты еңбектік заң заң шығарушылықтың бір бөлігі.
Қауіпсіз қашықтық – жұмысшыныңы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, қажетті қауіптілік көзі мен жұмысшының арасындағы ең төменгі рұқсат етілген қашықтық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет