1-тақырып. Дифференциалды психологияға кіріспе. «Дифференциалды психология» курсының пәні мен мақсатына жалпы сипаттама



Дата19.04.2020
өлшемі28,78 Kb.
#63047
Байланысты:
1 Дәріс

Дәріс кешені



1-тақырып. Дифференциалды психологияға кіріспе. «Дифференциалды психология» курсының пәні мен мақсатына жалпы сипаттама
Дәрістің мақсаты: Студенттерге дифференциалды психологиясы пәнінің шығу тегі мен тарихы, зерттеу пәні мен міндеттері жайлы ақпарат беру
Дәрістің сұрақтары:

  1. Дифференциалды психологияға кіріспе.

  2. «Индивид», «даралық», «тұлға» ұғымдарына анықтама.

  3. «Дифференциалды психология» курсының пәні мен мақсатына жалпы сипаттама




  1. Дифференциалды психологияға кіріспе.

«Тұлғаның дифференциалды психологиясы» курсы дифференциалды психологияның қазіргі өмірдегі орнын, оның таңдалған кәсіп шеңберінде кәсіби қалыптастырылудағы рөлін және мәнін түсіну, дифференицалдф психологияны өз бетінше, терең зерттеуге деген қызығушылықты және өзін өзі тануға деген талпынысты дамыту болып табылады. «Тұлғаның дифференциалды психологиясы» оқу-әдістемелік кешені «Психология» мамандығының студенттеріне арнайы курс ретінде дайындалған өйткені ол психолог студенттің неғұрлым жоғарғы теориялық, ғылыми және практикалық дайындығының деңгейін қамтамасыз етеді. Курстың мақсаттық аудиториясы – «Психология» мамандығының студенттері Бірінші кезекте курс көрсетілген пәнді оқытушының жетекшілігімен оқуға (күндізгі оқу) сонымен қатар, қосымша оқу, оқу-әдістемелік және осы пәнді өзбетінше оқу барысында өзін тексеру материалы ретінде тағайындалған.

Дифференциалды психология – бұл психология ғылымының жекелеген индивид немесе адамдар тобын, қандайда бір ортақ белгілермен біріктіріп, ерекшеліктерін зерттейтін бөлігі болып табылады.Мұнда зерттелетін ерекшеліктер диапазоны өте кең, ал олардың құрылымы әр түрлі: индивидуалдылықтың физиологиялық негізі ретінде жоғары жүйке жүйесінің қасиеттерінен бастап, әлеуметтік бағдарлар мен кәсіби қызығушылықтарға дейін қарастырады. Дифференциалды психология дербес ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады, бірақ оған қарасты кейбір ғылыми көзқарастар, мысалы, темперамент, мінез-құлық, этология жайлы ілімдер сонау антикалық заманда пайда болып, көптеген ғасырлар бойында дамып отырды. Индивидуалды айырмашылықтар психологиясының дамуына практикалық сұраныстар стимул болды. Оқыту мен тәрбиелеу аймағындағы психологиялық практикалық тіркемелер, өндірістік, адамаралық өзара қатынасты ұйымдастыру мен реттеу жекелеген адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін есепке алмай, зерттеусіз мүмкін емес. Қазіргі кезде дифференциалды психология психологияның нақты емес шекараланған бөлігі: тікелей психофизиология мен жалпы және әлеуметтік психология, өз кезегінде зерттеудің «эпицентрі» болып табылатын қандай да бір зерттеу әдістерін қолданушы, зерттеу мәселесі және ғылыми дәстүрі бар психиатриямен шектесіп жатыр. Индивидуалды айырмашылықтың конституционалды және физиологиялық негізін, психологиялық тестілеу, тұлға сипаттарын зерттеу, мінез-құлықтың әр түрлі типологиясын, психопатия және тағы басқаларды зерттеу дифференциалды психологияның зерттеу обьектісі болып табылады. Психологияда индивидуалдылықты зеттеу үлкен тарихқа ие. Индивидуалдылықты жүйелі зерттеу қазіргі дифференциалды психологияның өзекті аспектілерінің бірі. Қазіргі ұлы ғалымдардың фундаментальді теориялық зерттеулерінен кейін жүйелі көзқарас индивидуалды психологияның мәселелерін өңдеуде анықтаушы болды Субъективтілік шындықты ұйымдастырудың иерархиялық концепциясы, жүйелі көзқарас принциптерімен қатар адам индивидуалдығын зерттеудің негізі теориялық және қолданбалы еңбектерде де кездеседі. Қазіргі кезде индивидуалдылық мәселесі В.В.Белоус, А.И.Крупнов, И.В. Равич-Щербо, В.М.Русалов, О.А.Ахвердова, И.В.Боев ғылыми мектептерінде қарқынды дамуда. Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы ары қарай өмір сүруге құқылы.


  1. «Индивид», «даралық», «тұлға» ұғымдарына анықтама.

Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.

Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуан баласынан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.

«Индивид» түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.

Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.

Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.




  1. «Дифференциалды психология» курсының пәні мен мақсатына жалпы сипаттама

Дифференциалды психологияның зерттеу әдістеріне бақылау, эксперимент, интроспекция, егіздер әдісі, құжаттарды зерттеу, сұрақтама, биографиялық, статистикалық талдау, тестілеу жатады. Жалпы айтқанда индивидуалдылықты зерттеудегі әдістер объективті және субъективті түрге бөлінеді.

Дифференциалды психологияның негізгі зерттеу әдістеріне статистикалық талдау жатады.

Дифференциалды психологияның негізін қалаушысы ағылшын ғалымы Френсис Гальтон индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу үшін статистикалық әдістің техникасын еңгізді. Және көп зерттеулерді өткізу үстінде эксперимент жүргізу үшін бірнеше құралдарды жасады. Оның ішінде бүлшық ет сезімін, есту түйсіктерді бағалауға арналған құралдар.

1882 жылы Ф.Гальтон Лондон қаласында бірінші антропометрлік лабораториясын ашты. Сол кездегі ғалымдардың ойынша (бірнеше концепциялар бойынша) дене қасиеттері жан қасиеттеріне қарама қарсы қойылған. Лабораторияда өткізілген Гальтонның зерттеулері бұл теорияларды жоққа шығарды. Антропометрикалық лабораторияда ол сенсорлық, сенсорлық-моторлық процестердің өтілуін өлшеудің пролцедуралары мен түрлі тестерін жасақтады. Сенсорлық мүмкіндіктерді өлшеудің негізінде, ол ол адамның жеке қасиеттерінің айырмашылықтарын түсіндіруге тырысты.

Индивидуалды айырмашылықтарды зерттеуде жинақталынған мәліметтерді өңдеу процедурасы үшін статистикалық әдістің қажеттігі немесе оның осы процедураларға бейімделу қажеттілігі туындады. Осы мақсатта Фрэнсис Гальтон математикалық процедураларды бейімдеді.

Оның бірі корреляция мәселесі. Гальтоннан кейін оның шәкірті Карл Пирсон корреляция теориясының математикалық аппаратын өңдеді.

Корреляциялық талдау - латынның “сәйкестендіру” мағынасын білдіретін, зерттелінуші белгілер мен факторлардың тығыз байланыстары мен белгілерін бағалаудың статистикалық әдісі.

Өз зерттеулерін сүреттеп дәлелдеу үшін Френсис Гальтон Бельгия ғалымы Адольф Кетленің статистикалық теориясын қолданды.

Кетленің ойынша алынған нәтижелерді түсіндіру үшін статистикалық заңдар негізінде «орта адам» теориясын алуға болады. Оның негізінде адам табиғаты армандар, идеалдар ретінде бар болады. Сонда адамдар ықтималдыққа сәйкес одан ауысып кетеді.


Ұсынылған әдебиеттер тізімі

  1. Небылицын В.Д. Возрастная и дифференциальная психология. – СПб, 2001

  2. Ильин Е.П. Дифференциальная психофизиология. – СПб, 2001

  3. Базылевич Т.Ф. Дифференциальная психофизиология и психология: ключевые идеи. – М.,2013

  4. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. – СПб, 2010

  5. Ильин Е.П. Психология индивидуальных различий. – СПб, 2010

  6. Холл К., Линдсей Г. Теории личности . М.2000

  7. Мадди Сальваторе Р. Теория личности / Пер. с англ. СПб., 2010

  8. Психология личности в трудах зарубежных психологов. СПб. 2001


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет