Годовой план воспитательно образовательной работы



бет1/8
Дата22.08.2017
өлшемі1,46 Mb.
#24483
  1   2   3   4   5   6   7   8
УТВЕРЖДАЮ

Директор КГУ «сш № 13»

акимата города Усть-Каменогорска

___________Б.Т. Есенбердин.

10 августа 2016 г.

Годовой план

воспитательно - образовательной работы

мини – центра «Бүлдіршін»

на 2016-2017 учебный год

Усть – Каменогорск, 2016



2015-2016 оқу жылына

Өскемен қ. әкімдігінің «№ 13 орта мектеп» КММ-не қарасты

мектепке дейінгі шағын-орталықтың жұмысын талдау.

2015-2016 оқу жылында Өскемен қ. әкімдігінің «№ 13 орта мектеп» КММ қарасты «Бүлдіршін» МШО өз қызметінде бекітілген құжаттарды, заңнамалық-құқықтық құжаттарды және мектепке дейінгі мекеме қызметінің ішкі тәртібін реттейтін бұйрықтық құжаттарды басшылыққа алды:



  • 31.08.95 жылғы ҚР Конституциясын;

  • 27.07.2007 ж. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;

  • «Мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметінің типтік ережелерін»;

  • Қазақстан Республикасының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын (23.08.2012 жылғы № 1080 ҚРҮҚ);

  • Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жұмыс тәртібінің құрылымына, мазмұнына және ұйымдастырылуына санитарлы-эпидемиологиялық талаптарды;

  • 7 шілде 2006 жылғы № 372 ҚР білім және ғылым Министрінің бұйрығына қосымша «Балалардың толық күн және толық күн жүрмейтін мектепке дейінгі шағын-орталықтар қызметінің типтік ережелерін»;

  • Бала құқығы туралы Конвенцияны;

  • 8 тамыз 2002 жылғы N 345 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» Заңын;

  • 17 желтоқсан 1998 жылғы N 321 Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңын;

  • 31.08.2012 ж. «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне балалардың құжаттарын қабылдау және есепке тұрғызу» мемлекеттік қызмет стандартын;

  • Жаңа оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хаттарды және білім беру мекемесінің оқу жоспарын және білім беру бағдарламаларын жасау бойынша әдістемелік ұсыныстарды;

  • 02.12.1999 ж. Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын;

  • 11.07 1997 жылғы № 151-1 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын;

  • 2011-2020 ж.ж. тілдердің қызмет етуі және дамуының мемлекеттік бағдарламасын;

  • 15 мамыр 2007 жылғы № 252 –III ҚРЗ Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін;

  • 22 қаңтар 2010 жылғы №16 педагогикалық қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу ережелерін;

  • 14 желтоқсан 2012 ж. Республика халқына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ;

  • Мектепке дейінгі мекемелер мен педагогикалық қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқаулықтарды. ҚР БҒМ. Астана 1999 ж.

ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ, ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарымен сәйкес негізгі оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу жоспары базалық оқу жоспары және Нұсқаулық-әдістемелік хаттың ұсыныстары негізінде жасалған. Оқытудың ұйымдасқан түрлерінде балаларға максималды жүктемеге және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен заңдарға сәйкес гигиеналық талаптар ескерілген. Шағын-орталық жұмысының барлық бағыттары арасында тепе-теңдікті сақтау үшін ҚР БМБС енгізілген келесі ағарту салалары арқылы оқу жоспарының инварианттық жағы көрсетілген:

«Денсаулық» - балаларда дене шынықтырумен айналысуға қызығушылық пен толыққанды қарым-қатынас, үйлесімді физикалық дамудың қалыптасуы;

«Таным» - балаларда танымдық қызығушылықтардың қалыптасуы, балалардың интеллектуалды дамуы;

«Коммуникация»- конструктивтік әдістер мен қоршаған ортадағылармен қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгеру мақсаты және тәрбиеленушілердің сөйлеу нормасын меңгерулері;

«Шығармашылық»- қоршаған ортаның эстетикалық жағына деген қызығушылықтың қалыптасуы, балалардың өзін-өзі көрсету мұқтаждығын қанағаттандыру;

«Әлеумет» - әлеуметтік ортаның алғашқы көрінісін меңгеру және балалардың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіне қосылуы.

Жыл сайын оқу жоспарын жоғары тұрған мекеме «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ келістіру жүзеге асырылады.

Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің апталық көлемі және ұйымдасқан оқыту қызметінің ұзақтығы кестемен көрсетілген және санитарлық-гигиеналық ережелерге сай келеді. Әрбір жас кезеңіне оқу жүктемесінің шеңбері бекітілген.

2015-2016 оқу ж. шағын-орталық топтарындағы ОЖБ:




«Лучики» тобы

(орыс т. оқыту)



5жас мектепке дейінгі топ

ОЖБ көлемі

20+4

«Непоседы» тобы

(қазақ т. оқыту)



5жас мектепке дейінгі топ

ОЖБ көлемі

20+4

Шағын-орталықта ОТЧ жоспарлауының жаңа түрлері қолданылады:

күн бойындағы мұғалім мен балалардың қызметі көрініс табатын педагогикалық үдерісті жоспарлау циклограммасы;

перспективті жоспар мен циклограмма негізінде мұғалімдер әрбір білім саласы бойынша сабақтар конспектілерін алмастыратын технологиялық карталар жасаған.

Әрбір саланың шеңберінде бес білім беру саласы мен салаға қарасты жақтар бойынша мектепке дейінгі жастағы балалардың барлық қызмет түрлері жоспарлаумен қамтылған.

Осылайша, оқу жоспары және оқу-тәрбиелік жұмысты жоспарлаудың жаңа түрлері мектепке дейінгі мекемедегі оқыту үдерісінің құрылымын, онымен мемлекеттік талаптардың орындалуын қамтамасыз етуді және жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды көрнекі етіп көрсетуге мүмкіндік береді.



МШО ҚЫЗМЕТ СПЕЦИФИКАСЫН КӨРСЕТЕТІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМАЛАР КӨРІНІСІ.

«Бүлдіршін» шағын-орталығындағы негізгі оқыту-тәрбиелеу ісін жүзеге асыруға типтік оқу жұмыс жоспары негіз болады.

2015-2016 жылдарда шағын-орталық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты негізінде жасалған оқу бағдарламаларын жүзеге асырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.

1. Жасы үлкен (5-тен 6 жасқа дейін) балаларға арналған ҚР білім және ғылым Министрлігінің «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы, «Дошкольное Детство» Республикалық орталығы - Астана, 2009;

2.Мектепке дейінгі дайындық бағдарламасы. ҚР білім және ғылым Министрлігі, - Семей, 1999.

Білім беру бағыттылығы балалардың қызығушылығын туғызатын қосымша вариативті бағдарламалар мен жұмыс түрлерін оқыту үдерісіне қосу арқылы жүзеге асырылады. Мұғалімдер М.А. Васильева, В.В. Гербова, Т.С. Комарова басуымен шығарылған «Бала-бақшадағы тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы» бағдарламасының кейбір бөлімдерін қолданады.

2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың тәрбиесі, білімі мен дамуына бағытталған «Қайнар» кешенді бағдарламасы, Просвещение - Қазақстан, Алматы 2007 жыл.

Вариативті бағдарламалардың алдыңғы қатардағы мақсаттары: баланың мектепке дейінгі балалық шағын толыққанды өткізуіне жақсы жағдайлар жасау, тұлғаның базалық мәдениет негіздерін қалыптастыру, жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес психикалық және физикалық қасиеттерін жан-жақты дамыту, заманауи қоғамдағы өмірге баланы дайындау. Жүзеге асырылатын бағдарламалар Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігімен ұсынылған, мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың талаптарына сай.

Барлық жүзеге асырылатын бағдарламалардың міндеті мен бағыты «Бүлдіршін» шағын-орталығының Жарғысымен үндес келеді. Жүзеге асырылатын бағдарламалардың мазмұны мен құрылымы мектепке дейінгі мекемеде жүзеге асырылатын тәрбие мен оқытудың мазмұны мен әдістеріне деген мемлекеттік талаптарға сай.

Білім беру мазмұны бала тұлғасының дамуына бағытталған: барлық істі жоспарлауда ұжым келесі бес бағыт бойынша, 2012 ж. ҚР БМБС сәйкес мектепке дейінгі оқушының дамуын қамтамасыз ететін мазмұн ұсынды: денсаулық сақтау, танымдық, қатысымдық, шығармашылық, әлеуметтік.

Базалық оқу жоспарында көрсетілген вариативті блокты жүзеге асыру арқылы қосымша білім беру қызметіне деген балалардың құқығы жүзеге асырылады. Баланың қарқынды жеке тұлғалық дамуына арналған жағдайлар жасау үшін, мемлекеттік білім беру стандартының жоғары талаптарының бюджеттік негізінде ағылшын тілі, би өнері өткізіледі.

Шағын-орталықта балаларға ағылшын тілін оқытуды ұйымдастыру үшін жоғары педагогикалық білімі бар Елена Владимировна Толстова қызмет етеді. Жұмыс ойын технологиясы негізінде балаларды оқытуға арналған бағдарлама бойынша жүзеге асырылады, «Мектепке дейінгі үлкен жастағы балаларға ағылшын тілін оқыту» авторлары – М.А. Сағымбекова, К.К. Асанова, А.Е. Қожахметова, әдістемелік кітап - Астана 2013 ж.

Физикалық дені сау, жан-жақты дамыған баланы тәрбиелеу, қажетті қозғалыс күн тәртібін қамтамасыз ету мақсатында қатарға хореографтың 2 бірлігі қосылған. Би өнері сабақтары жеке-топтық түрде ұйымдасқан оқу қызметі шеңберінде өткізіледі. Хореографтар – Соколова Татьяна Владимировна және Тусупова Зауреш Шарипбековна, білімдері жоғары, 1 санатты - топтардың музыкалық жетекшілерімен шығармашылық бірлестікте бола отырып музыкалық-ритмикалық қозғалыстарын қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады. Жұмыс ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, Астана, 2012

Вариативті блок мамандары жұмыс жүйесін, балалар мен мұғалімдер туралы ақпаратты сипаттайтын қажетті құжаттары бар портфолиоларды рәсімдеп, жүргізеді: күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, іс-шаралар жоспары және т.б.



ПӘНДІК-ДАМЫТУ ОРТАСЫ

Шағын-орталық пәндік-дамыту ортасын жарақтандыру мен топтық бөлмелерді рәсімдеу бойынша талаптарды орындайды. Топтарда магнитті-маркерлі тақталар бар.

«Денсаулық» саласы: барлық жастағы топтарда қозғалыс белсенділік орны белгіленген. Секіргіштер, доптар, обручтар, нысандар, доп лақтыру кольцосы, стандартты және стандартты емес құрылғылар, оқулықтар, қозғалысты ойындардың картотекасы бар.

«Шығармашылық» саласы: сурет салу құралдары, жабыстыруға арналған материал, аппликациялар, декоративті-қол өнер және әлемдік көркем мәдениеттің үлгілері, дидактикалық ойындар. Топтарда балаларға арналған музыкалық аспаптар мен ойыншықтар бар.

Музыкалық зал: пианино, музыкалық орталық, теледидар, балалардың музыкалық аспаптарының жинағы, спорттық құрылғы. Фонотека, музыкалық-дидактикалық ойындар таңдалған.

«Танымдық» саласы: дидактикалық ойындар мен оқулықтар, қолдың ұсақ моторикасының, құраудың дамуы бойынша материал, әр түрлі материалдан, түстен, әр түрлі көлемде жасалған геометриялық фигуралар, ғажайып қорапшалар мен мөшектер, түрлі баулары бар панно, терезедегі бақшалар, ауа райының күнтізбесі рәсімделген, дидактикалық ойындар және экология бойынша пособиялар, «Сынақтар мен тәжірибелер» картотекасы.

«Әлеумет» саласы: сюжеттік-рольдық ойындар, көркем әдебиет.

«Қатысым» саласы: үстел үстіндегі-баспалық ойындар, лото, пазлдар, қазақтың және басқа балалар жазушыларының балаларға арналған көркем кітаптары.



Аумақтың дамыту ортасы

Экологиялық және танымдық даму нысандары: гүл шоғырлары, құстар жемдігі, құстар ұясы.

Физикалық даму және сауығу нысандары: серуендеуге арналған орындардағы дене шынықтыру-ойнау кешендері.

Ойнау нысандары: ойын аудандары, ойын құрылғысы, шығару материалы.

Жыл сайын косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ғимаратта қажетті жылу және ауаны тазарту тәртібі қамтамасыз етіледі.
БАЛАЛАР ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ.

Мектепке дейінгі мекеменің жобалық қуаттылығы – 50 орын. БШО-да екі мектепке дейінгі топ қызмет етуде. Бір топ қазақ тілінде оқытады және бір топ орыс тілінде оқытады. Мектепке дейінгі мекемеде қысқа уақытқа арналған топ жоқ. Топтардың сыйымдылығы - 18 -25 бала.




Оқу жылы

2015-2016

Жыл басы


2015-2016

Жыл аяғы


Топ/балалар саны

2/45

2/43

Жобалық қуаттылығы

50/2

50/2

«Лучики» тобы

(орыс тілінде оқыту)



22

19

«Непоседы» тобы

(қаз. т. оқыту)



23

24



КАДРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Мектепке дейінгі мекеме құрамы жинақталған. БШО қатарында жалпы білім беру ісін қамтамасыз ететін психолог, медбике, әдіскер, дене шынықтыру бойынша нұсқаушы, музыкалық жетекшілер, бишілер, қазақ тілінің мұғалімі, орыс тілінің мұғалімі, тәрбиешілер бар. Шағын-орталықта логопед жоқ.

Мұғалімдер мен қызметкерлер жұмысты жеке істеріндегі қызметтік нұсқаулықтарға сәйкес жүргізеді. Қызметтік нұсқаулықтар шағын-орталықтың барлық санаттағы қызметкерлеріне арнап жасалған. Қызметкерлер нұсқаулықтармен жеке қолын қоя отырып танысқан. Өздерінің қызметтік нұсқаулықтарын біледі және оларды орындайды. Еңбек және өндірістік тәртіпті бұзғандары туралы мәліметтер жоқ.

Мұғалімдердің педагогикалық қызметінің өтілі туралы мәлімет

-білім деңгейі бойынша:



Оқу жылы

Орташа-арнайы біліммен

Жоғары біліммен

2015-2016

6-50%

6-50%

-жұмыс өтілі бойынша:

Оқу жылы

1ден 5жылға дейін

5тен 10жылға дейін

10нан 20жылға дейін

20жылдан астам

2015-2016

4

3

3

2

- біліктілік санаты бойынша:

Оқу жылы

Жоғары санатты

1 санатты

2 санатты

Санатсыз

2015-2016

0

3

3

6

- жасы бойынша:

Көрсеткіштер

2015-2016

Барлығы қатардағы мұғалімдер саны

12


- 20дан 30 жасқа дейін

1

-31ден 40 жасқа дейін

7

- 41ден 50 жасқа дейін

2

- 51ден 60

2

- 60 жастан жоғары

0

2011-2012 оқу ж. 2015-2016 оқу ж. дейін шағын-орталықтың тәрбиешілер ұжымы толық ауысты. Тәрбиешілер педұжымының ауысуы жасына байланысты – 2 адамның зейнетке кетуімен, бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша – 2 адамның жұмысқа ауысуымен байланысты. Педагогикалық ұжым жұмыс өтілі бойынша 65 % жас мұғалімдер құрайды. Санатсыз мұғалімдердің болуы жұмысқа жас мамандардың келуімен байланысты. Тәрбиешілердің арасында 75% (төртеуден 3 адам) 5 жылға дейін педагогикалық жұмыс өтілі бар. Мұғалімдерге тұлға ретіндегі мұғалімді дұрыс бағалауға, оның кәсібилігін, дұрыс бағалауға, кәсіби маман ретінде қалыптасуына және ұжымға бейімделуіне көмектесетін «Жас тәрбиешіге арналған анкета» ұсынылады.

Талдау нәтижесінде алынған педагогикалық ұжымның біліктілік сипаты тәрбиешілердің кәсіби жоғарлауына арналған жағдайлар жасалғанын көрсетеді. Мұғалімдердің үздіксіз біліктілік арттыруларына жағдай жасалған, оған дәлел ретінде мұғалімдердің курстық қайта даярлануының перспективті жоспарының және педагогикалық кадрлардың жоспардағы аттестаттаудан өтулерінің орындалуы болады. Осы жылы екінші санатқа аттестаттаудан екі тәрбиеші өтеді: орыс тілді мектепке дейінгі дайындық тобында жұмыс істейтін О.Н. Мусабекова және орыс тілді мектепке дейінгі дайындық сыныбында жұмыс істейтін Е.В. Толстова. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша міндеттерді жүзеге асыру келесі амалдармен қолға алынған:

– ЖООғы оқулар (1 мұғалім Омскі Гуманитарлық Академиясында психолог мамандығына оқуда);

– курстық қайта даярлау(3 мұғалім);

– жалпы ізденімпаздық және жеке тақырыптар бойынша жұмыстар (барлық мұғалімдер);

– оқытатын семинарлар (барлық мұғалімдер);

– аттестаттаудан өту (2 мұғалім);

– өз бетімен білім алу (барлық мұғалімдер);

– АПТ жалпылау (барлық мұғалімдер).

Әкімшілік мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Шағын-орталықтың әдіскері Н.Ю. Шершнева 2014 жылдың маусымында «Заманауи мектепке дейінгі білім ісіндегі денсаулық сақтаушы технологиялар» тақырыбы бойынша курстық қайта даярлаудан өтті.

2015 жылдың қарашасында «Ойындық педагогика жүйесіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбы бойынша мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерінің 72 сағаттық дайындықтан өткендері туралы Халықаралық сертификатты (Франция-Қазақстан) О.Н. Мусабекова мен Н.Ю. Шершнева алды. Бұл педагогикалық істі ұйымдастыруда және мектепке дейінгілердің білім және тәрбие сапасын арттыруда оң нәтиже береді.

Кәсіби орта, кәсіби қоғамдастыққа қосылу басқа мектепке дейінгі мекемелермен берік байланыс орнатумен сипатталады. Солайша, 2014-2016 оқу жылдарында «Айналайын» бала-бақшасымен бірлескен семинар-практикумдары өткізілді – «Мектепке дейінгілердің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы МБМ орны», «Халықтық ойыншық», бұл семинарлар бала-бақша мен шағын-орталықтың кейбір мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесін арттырып, жұмыс тәжірибесін жалпылауға мүмкіндік берді.

Жүйелі түрде мұғалімдердің кәсіби қиындықтар мәселесі анықталады және осы негізде мұғалімдерге өздігінен білім алудың тақырыбын анықтауда көмек көрсетіледі, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқыту үдерісінде жүзеге асырылатын технологияларды қолдану бойынша әдістемелік сүйемелдеу қамтамасыз етіледі. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша міндеттерді жүзеге асыру оқытатын семинарлар көмегімен орындалады: «МШО-ғы экологиялық байқаулар және тәжірибелер», семинар – КВН «Саусақтың ұшындағы ақыл», «Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуындағы дәстүрлі емес сурет салу техникасымен танысу және олардың орны» және т.б.; кеңес берулер: «Өздігінен білім алу бойынша жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру. Тәрбиешінің портфолиосы», «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі заманауи инновациялық технологиялар. Жобалық технология», «Балаларға арналған тәжірибе жасау. Мектепке дейінгілермен тәжірибелер ұйымдастыру және өткізу. Қызықты сынақтар мен тәжірибелер» және т.б.; мұғалімдердің өздігінен білім алуы және мектепке дейінгі шағын-орталықтың барлық іс-шараларына қатысуы.

Әрбір баланың мәселесіне қатысты мұғалімдерге кеңес беру және шақыру, мұғалімдердің жұмысқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында әдістемелік көмек көрсету және диагностика негізіндегі ұжымдағы психологиялық жайлы ахуалды туғызу педагогикалық ұжымға шығармашылық жігерліліктің жоғарлауын көруді көмектесті.

МШО мұғалімдері өз жұмыстарына қажетті заманауи педагогикалық және ақпараттық-қатысымдық технологияларды меңгеруде және енгізуде: ойындық, ОТШТ технологиясы, денсаулық сақтаушы технологиялар, жобалық-зерттеуші қызмет.

Өздігінен білім алу бойынша мұғалімдердің қызметін кеңейту мақсатында келесі журналдарға жазылу ұйымдастырылған: «Мектепке дейінгі тәрбие», «МБМ тәрбиешісі», «Мектепке дейінгі білім», «Мектепке дейінгілерді тәрбиелеу», «Бала бақшадағы бала», «Мектепке дейінгі мекеме басшысының анқытамалығы» және басқалар.

Тәжірибелі және жас мұғалімдердің арасындағы кәсіби қарым-қатынасқа арналған жағдайларды қамтамасыз ету ашық іс-шараларға қатысумен, сонымен қатар ұйымдасқан оқу ісімен, жұмысты жоспарлау кезіндегі бір-біріне іс-тәжірибелік көмек көрсетумен қатар жүретін шығармашылық бірлестіктердегі бірлескен жұмысты ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Солайша 2015 жылдың қараша-желтоқсанында «Айналайын» бала-бақшасының тәрбиешілері шағын-орталықтың аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің ашық сабақтарына қатысты: мектепке дейінгі дайындық тобындағы О.Н. Мусабекованың валеология сабағы бойынша «Денсаулық еліне саяхат», экология сабағы бойынша Е.В. Толстованың «Тоғайлар – орманның көркі», жазуды үйрету сабағы «Ж, ж әріптері».
ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР ҚАТЫСУЫНЫҢ МЕДИКТІК-ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЛАРЫ

Шағын-орталықтың медициналық қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді:

-«Аблакетка п. №2 поликлиникасы» СВА

- қатардағы медбике - Тоқсанбаева Гульфайруз Даулетхановна, орташа арнайы медициналық білімі бар.

«ТҚҚ бойынша ҚР агенттігінің ШҚО ТҚҚ бойынша Департаменттің ТҚҚ бойынша Өскемендік ММ» тексерістерінің нәтижесі бойынша келесі негіздерге сүйене отырып балаларды медициналық сүйемелдеуге арналған жақсы жағдайлар белгіленді: балаларды қарауға арналған қажетті құрылғылармен жарақталған медкабинеттің болуы, алдын алу екпелерінің жүргізілуі және медициналық көмек көрсету. Жүйелі түрде қажетті дәрі-дәрмектер, витаминдер алынды. Жоспарлы түрде балалармен алдын алу және сауықтыру жұмыстары жүзеге асырылды.

Шағын-орталықта балаларды медициналық сүйемелдеуге арналып қызмет ететін медициналық кабинет бар, онда балаларды қарауға, 17 наурыз 2015 жылғы № 217 СанПиНмен келісе отырып алдын алу екпелерін жүргізуге және медициналық көмек көрсетуге жетерлік құрылғы бар.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың алдын алу медициналық қараулары заңнамалық құжаттарға сәйкес медбикемен жүргізіледі. Балалардың физикалық көрсеткіштері (бойы, салмағы, дене массасы...) жас нормаларына сәйкестендірілген. МБМ санитарлық-гигиеналық тәртіпті ұстануға және оқу-тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыруға бақылау қызметі жүзеге асырылады, балалардың денсаулық жағдайы, қызметкерлер мен ата-аналар арасындағы санитарлық-ағарту ісі қарастырылады. Бірақ шағын-орталықта балалардың суық тиіп ауыру мәселесі бар. Соңғы 3 жылдағы тәрбиеленушілердің сырқаттану деңгейі денсаулық индексінің ережелеріне сай.

белгілер

2012-2013

2013-2014

2014-2015

2015-2016

Жыл бойында ауырмаған балалар

10/46

12/50

8/50

10/45

Денсаулық индексі (норма 15-40%)

=22%

=25%

=15%

=21%

«Тәрбиелеу мен оқыту нысандары балалар мен жасөспірімдерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерге сәйкес ұйымдасқан оқу ісінің кестесі, күн тәртібі балалардың жасын, жыл мезгілін (жылы және суық жыл мезгілі) міндетті ескеруімен жасалған.

Күн тәртібіндегі тамақтану және дем алу уақытының көлемі және бөлінуі дәл есептелген. Топтарда өзгеріссіз қалатындар: тамақ қабылдау арасындағы уақыт 4 сағаттан көп емес, ұйықтау ұзақтығы (13:00-ден 15:00-ге дейін), серуендеу (4-5 с) және маңызды мәселе ақыл-ой және физикалық жүктемелердің алмасып отыруы. Гигиеналық талаптар (жарықтандыру, температуралық тәртіп, қажетті мөлшердегі маркирленген жиһаздың болуы), балалар жүретін жерлердің рәсімделуі сақталуда. Ұйымдасқан оқу ісін өткізу тәртібіне, күн және апта бойындағы оқу жүктемесін дұрыс бөлуге қойылатын талаптардың орындалуына жүйелі түрде медициналық-педагогикалық бақылау жүргізіледі.



Каталог: uploads -> doc -> 09ca
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09ca -> 1. Әдебиет сөзі қандай ұғымды білдіреді?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет