Годовой план воспитательно образовательной работы



бет2/8
Дата22.08.2017
өлшемі1,46 Mb.
#24483
1   2   3   4   5   6   7   8

БШО ТАМАҚТАНУ АНАЛИЗІ.

Шағын-орталықтағы тамақтануды ұйымдастыру үдерісі тамақтану бойынша заңнамалық және әдістемелік құжаттарға негізделеді. Негізгі құжат ретінде 17.03.2015 жылғы №217 СанПиН саналады.

БШО-да тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша Өскемендік басқармасы АММ және «№13 ОМ» КММ директоры Б.Т. Есенбердиннің келісілген және бекіткен жуықталып істелген күз-қыстық онкүндік ас мәзірі негізінде төрт реттік тамақтану ұйымдастырылған.

2015-2016 оқу ж. 1-ші жарты жылындағы табиғи ережелердің орындалу талдауы тамақтану теңдестірілген, азық-түліктің негізгі құрамы 90,5 % орындалуда. Тамақтануды ұйымдастыруды бақылау жүйелі түрде орындалады. Медбике үнемі дайын тағамдардың сапасы мен көлемін бақылауда. Жинақтау тізімдемесі бойынша тамақтану ережесін орындаудың бақылау дәптері жүргізіледі. Топтарға деген қоймадағы тамақ қалдықтары, тамақтың бір бөлігінің салмағы мен көлемін жоспардан тыс тексеру есепшімен бірге жүргізіледі. Тамақ азық-түліктерінің бекітілген ережелерін жұмсауға үнемі бақылау жүргізіледі, тамақтану ережелерін кезекті жөндеу және бір бағадағы азық-түлікпен алмастыру өткізіледі.

БШО-да директормен бекітілген және диетбикемен келісілген технологиялық карталар картотекасы бар. Картотеканың бір данасы медбикеде болады, екіншісі тамақ блогында болады. Екінші таңғы асқа балалар шырын мен жеміс-жидек қабылдайды. Балалардың тамақтануында йодталған тұз қолданылады, үшінші асты міндетті түрде аскорбин қышқылымен дәрумендеу жүргізіледі.

Ата-аналарға ақпарат ретінде директормен бекітілген және Г.Д. Тоқсанбаева медбикенің қолы қойылған күнделікті ас мәзірі ілінеді, тәрбиешілердің көмекшілеріне арналған ақпарат ілінген: дайын өнімді беру графигі, порциялар ережесі – жасына сәйкес балаларға арналған тағамның граммдық өлшемі.

Медбике барлық қажетті құжаттарды тыңғылықты жүргізеді, бала-бақшалық жастағы балаларға мәзір-талаптарын жасайды.

2015-2016 оқу ж. тамақтану бағасы (айына бір тәрбиеленушіге деген есеппен) 11500 теңгені құрады. Балалардың тамағына деген қаражат қатаң түрде мақсатына қарай жұмсалды. Тамақ азық-түлігін ұсынушылармен уақытында келісім-шарттар жасалынды, келген азық-түлікке уақытында есептесіп отырады.

Күн сайын азық-түлікті сақтау, дайындау және жарату жағдайларына бақылау жүргізілді. Жүйелі бақылау көрсеткіші: дайын тағамдардың сапасы, көлемі және топтардағы өлшемдердің көлемі нормаға сәйкес. Азық-түліктерді жарату шарттары мен мерзімінде кереғарлық жоқ. Тамақтану қуат пен тағам құндылықтарына деген физиологиялық қажеттіліктерді ескере отырып 10 күндік ас мәзіріне сәйкес жасалған. Күнделікті тағамдарға жасанды түрде С-дәруменін қосу жүзеге асырылады. Күнделікті ас мәзіріне ет, сүт, сары және өсімдік майы, бидай ұнынан жасалған нан, көкөністер және қант қосылады.

2015 жылға негізгі азық-түлік бойынша тамақтану нормасын талдай отырып сүт бойынша - 99%, ет бойынша - 101,3%, балық бойынша – 70,7%, кілегей бойынша - 100%, сүзбе бойынша – 98,1%, сары май бойынша – 101,1%, ірімшік бойынша – 100,6%, жұмыртқа бойынша - 100%, көкөністер бойынша – 97,7%, жемістер бойынша – 89,3% орындалғаны бекітілген.

Қойма бөлмесінде қызметкерлер күшімен косметикалық жөндеу жұмыстары істелінген. Азық-түліктерді сақтауға қойылатын талаптар орындалады, контейнерлер, сөрелер, поддондар бар. Тез бұзылып кететін азық-түліктерді сақтауға арналған толық көлемде тоңазытқыш құрылғысы бар. Күнделікті тоңазытқыштардың температуралық тәртібін бақылау дәптері жүргізіледі. Тағам азық-түліктерін сақтау кезінде тауарлық көршілік ескеріледі. Тамақ азық-түліктері асханаға берген сұранымдары бойынша жеткізіледі. Медбике тамақтануды ұйымдастыру бойынша барлық қажетті құжаттарды жүргізеді: «Шикі азық-түліктің жарамай қалу журналы», «Дайын азық-түліктің жарамай қалу журналы», «Тамақ сақтау блогы қызметкерлерінің денсаулық журналы». Азық-түліктер қоймаға міндетті түрде құжаттар жинағымен қабылданады: жөнелтпе құжат, шот-фактура, сапа сертификаты және ветеринарлық анықтама. Қандай да бір құжат болмаған жағдайда азық-түліктер қоймаға қабылданбайды. Барлық азық-түліктер тамақтану бойынша Кеңес мүшелерімен кесім жасай отырып тыңғылықты қаралады. Күнделікті аспазшы дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырады.

МШО тамақтану кезінде жайлы орта жасалған. Балаларға қажетті ыдыс-аяқтар бар, үстелдер мен орындықтар бойларына сәйкес келеді және СанПиНмен сәйкес маркировкасы бар. Тамақты беру графикке сәйкес жүзеге асады, тамақтану балалар күн тәртібінің кестесімен ұйымдастырылады.


Шағын-орталықты дамыту бағдарламасына сәйкес 2015-2016 оқу жылына міндеттер қойылды:

1.Балалардың денсаулығын қорғау және нығайту. Мектепке дейінгілердің қозғалыстық, ойындық және танымдық-зерттеушілік ісін интеграциялау арқылы мектепке дейінгілерге қозғалыс дағдыларын үйрету.

2. Жұмыстың іс-тәжірибесіне «Ата-аналарға мектептер» енгізу арқылы ата-аналар мен тәрбиешілердің педагогикалық білімдерін арттыру.

  Бірнеше жылдар бойы алдыңғы қатардағы міндеттер ретінде балалардың денсаулығын, физикалық дамуын нығайту болып саналады. Осы міндетті орындау үшін жүйелі түрде жоспарланған жұмыс жүргізіледі. МБМ балалардың салауатты өмір салтын, физикалық және психикалық дамуын ұйымдастыруға арналған қажетті жағдайлар жасалған. Дене шынықтыру бойынша осы білім саласын жүргізу бойынша әдістемеге көп көңіл бөлінеді, тыңғылықты түрде материал таңдалып алынады, қозғалыс белсенділігін арттыруға арналған балаларды ұйымдастырудың тиімді тәсілдері ойластырылады. Гимнастиканың әртүрлі түрлері ұйымдастырылған: таңғы, сауықтыру, ритмикалық, саусақтарға арналған, тыныс алу, көзге арналған гимнастика. Ағзаның эмоционалдық тонусы жоғарлауының физикалық және ақыл-ой шаршауын болдырмауға арналған шығармашылық белсенділік пен қозғалыстық іс-әрекетке балалардың қосылуы мақсатында барлық жастағы топтардың күн тәртібіне міндетті түрде оқыту ісі арасында күнделікті ойындық үзілістер, ұзақтығы 10 минуттан кем емес, өткізу енгізілген. Физминуттарды өткізу статикалық сипаттағы білім беру ісін ұйымдастыру кезінде міндетті болып саналады, оның мазмұны әрбір мұғалімнің жеке өзімен анықталады. Балаларға арнап спорттық көңіл көтерулер, мерекелер өткізіледі, білім беру ісін жүргізген кезде музыкалық сүйемелдеу кеңінен қолданылады. Балалар сырқаттануын алдын алу және азайту бойынша жұмыс жүргізіледі: С-дәрумендеу, уақытылы екпе жасау, шынықтыру, таза ауада тыныстау. «Денсаулық» білім беру саласының міндеттерін орындауда мұғалімдер балаларға өз денсаулықтарына саналы қарауларын, денсаулық – табиғаттың адамға берген ең басты сыйлығы екенін түсінулерін, қозғалыс белсенділіктерін, физикалық сапаларын арттыруларын үйретті. Баланың денсаулық сақтау көрсеткіштері мәдени-гигиеналық дағдыларының қалыптасуын білдіреді. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыра отырып педагогикалық ұжым оң нәтижеге қол жеткізді: мәдени-гигиеналық дағдылар қалыптасқан, тамақтану дағдылары, гигиеналық рәсімдерді балалар өз бетімен, ретімен орындайды.

Жылдық міндеттерді жүзеге асыруға арналған жағдайларды жасау мақсатында оқу жылы бойында үлкен жұмыс атқарылды. Дене тәрбиесі және денсаулық сақтау ниетін қалыптастыру бойынша балалармен жұмысты жетілдіру саласындағы мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған педагогикалық кеңесте тәрбиешілер А.К. Кудеринова және С.Б. Туткамбаева «Ата-аналармен бірлесе отырып балаларды ӨҚН және СӨС жұмылдыру сұрақтары бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру» тақырыбында баяндамалар дайындады. Талқыласуда осы сұрақ бойынша ұсынылған іс-шаралар ішінен шағын-орталыққа көбірек келетін және мектепке дейінгілермен жақсы өткізілгендері таңдалды.

Дене шынықтыру нұсқаушылары Е.Т. Нургалиев және Ж.Ш. Канапиянова денсаулықты қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, қозғалыс сапасы мен дағдыларын дамыта отырып, баланың қимылдау ісіндегі физикалық қажеттілігін қанағаттандыруды жүзеге асырды, сенсомоторлық дамуының белсендірілуіне, дұрыс қимыл стереотипінің және дұрыс дене бітімінің қалыптасуына түрткі болды. Жоғары деңгейде өткізілетін жүйелі дене шынықтыру сабақтарымен қатар мұғалімдер жүйелі түрде спорттық мерекелер өткізді, онда түрлі жаттығуларды бекітті, әр түрлі ұлттардың қимылдауды талап ететін ойындарымен балаларды таныстырды, балаларға нүктелік уқалауды үйретті, өз беттерімен қимылдауды талап ететін ойындарды ойнау дағдыларын қалыптастырды. Ай сайын музыкалық жетекшілермен бірлесе отырып балалар ұжымының бірігуіне, балалардың тек физикалық емес, сонымен бірге шығармашылық қабілеттерінің дамуына бағытталған музыкалық-спорттық іс-шаралар өткізілді. Осы іс-шаралар тек спортзалда емес, ойын алаңында да өткізілді. Осы іс-шараларға жиы шағын-орталық тәрбиеленушілерінің ата-аналары да қатыстырылды. Күнделікті ойын алаңы тәрбиешілердің серуендеу кезіндегі қимылдауды талап ететін ойындарын өткізуге де қолданылды, бұл да физикалық қабілеттерінің дамуына және денсаулық сақтау бойынша жылдық міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі. Шағын-орталықтың мұғалімдері балалардың қимылдау белсенділіктерінің әр түрлі түрлеріне арналған, олардың жастық және жеке ерекшеліктеріне сәйкес, дамудағы олқылықтар мен соматикалық сипаттағы қайталана беретін сырқаттары бар балалар тобын да ескере отырып жағдай жасауға талпынады. Сонымен қатар, тәрбиешілер балалардың денсаулығын нығайту туралы ата-аналарға арналған кеңес берулерді жүйелі түрде өткізеді, ақпараттық қабырға газеттерінде «Балақайдың денсаулығын сақтаңыз» тақырыбындағы ақпарат ілінеді. Жұмыстың осындай қойылымы балалардың СОІ үдерісінде шаршап қалуларының азаюына, баланың танымдық үдерістерінің дамуына және сезімталдығының қалыптасуына және оқыту үдерісінің барлық субъектілерінің өз денсаулығына бағалау ісінің қалыптасуы бойынша ісіне қатысуын қамтамасыз етуге себепкер болды.

Жыл бойындағы дене тәрбиесі бойынша жұмыс мұғалімдермен бірлесе отырып дене шынықтыру бойынша нұсқаушы өткізетін диагностика мен бақылау негізінде құралады.

2015-2016 оқы жылына шағын-орталық балаларының физикалық дайындық деңгейінің салыстырмалы нәтижелері.

Білім беру салалары

Жыл басына мониторинг

Аралық мониторинг

Жыл аяғына мониторинг

1.Денсаулық

Шығарады- 30%

Түсінеді- 50%

Қолданады- 20%


Шығарады- 10%

Түсінеді- 40%

Қолданады- 50%


Шығарады-0%

Түсінеді-25%

Қолданады-75%


Мониторинг нәтижелері бойынша балалардың физикалық дайындық деңгейінің өсу динамикасы бар. Балаларда көзге көрінерлік қимыл-қозғалыс бұзылулары, физикалық қасиеттерінің дамуында артта қалушылық байқалмады. Мектепке дейінгі топтағы балаларда спорт туралы білім және көз-қарас қалыптасуында нормативті деңгей басым. Дене шынықтыру бойынша нұсқаушылардың педагогикалық қызметіне бақылау мұғалімдердің қажетті кәсібилік деңгейін көрсетуде, қызмет түріне, балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес әдіс, тәсіл, жаттығу таңдай алуларын көрсетуде.

Әріқарайғы жұмыста тек физикалық дайындық көрсеткіштерін талдап қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның өз бетімен дайындалуы, белсенділігі, шығармашылығы талданады. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін маңызды факторлардың бірі дұрыс жүріс пен дене бітімінің қалыптасуына көп көңіл бөлу қажет.

Шағын-орталықтың педагогикалық қызметінің бастапқы бағыттарының бірі – балалардың сөйлеу қабілеті мен қатысымдық қабілеттерінің дамуы. Бұл бағыттың міндеттері «Қатысым» білім беру саласының мазмұны арқылы шешілді – сөйлеу қабілетін дамыту, көркем әдебиет, мемлекеттік, ағылшын тілдері, жазу негіздері.

Баланың балалар ұжымында аз уақытта болу ішінде балалардың сөйлеу дағдыларын жақсылап дамыту мақсатында, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша мұғалімдер ұжымына міндет қойылды.

Оқу жылы бойындағы сөйлеу қабілетін дамыту бойынша жұмыс өткен жылдың ескертпелерін, көзделген жылдық міндеттерді ескере отырып жүргізілді. Оқыту қызметі, балалармен жеке жұмыс істеу, саусаққа арналған, артикуляциялық гимнастика жаттығуларын қолдану, сөйлеу мәнеріне арналған жаттығулар сияқты формалар қолданылды. Балалармен жұмыс істеу кезінде сөйлеу кезіндегі ойын жалғастыра алуға ерекше көңіл бөлінді, себебі баланың ойын жалғастыра алуында оның ойлау логикасы, көрген дүниесін дұрыс қабылдап, оны сөйлеу кезінде дұрыстап жеткізе алу қабілеті көрінеді. Жалғасымды сөйлеудің дамуы оқыту ісі үдерісінде және күнделікті өмірде де жүзеге асты. Оқу жылы бойында үнемі қызмет үстіндегі семинар шеңберінде оқу ісінен тыс уақытта мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру туралы сұрақтарды шешуде әр түрлі көз-қарастар айтылды. О.Н. Мусабекова «Почта» атты сюжетті-рольдық ойын арқылы балалардың сөйлеу қабілеттерін дамыту туралы өзінің жұмысының нәтижелерімен бөлісті. Балалар бір-бірімен еркін, сенімді сөйлесе алатындай ойындар таңдаған, яғни балалардың өмірлік тәжірибесіне сүйенген. Бұл ойындарда балалар тек сөйлеу қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай, сөйлеу мәдениетіне де үйренеді. А.К Кудеринова серуендеу кезіндегі балалардың сөйлеу қабілетін дамыту бойынша қызықты материал мен қызығушылық тудыратын танымдық сабақтар ұсынды. Тәрбиеші қолданған түрлер мен тәсілдердің әртүрлілігі өзінің оң нәтижесін берді. Е.В Толстова қарастырылып отырған мәселенің шешімін театр арқылы тапты. Тіпті кішкентай көрсетілімдердің өзі балаларға диалог құруды үйретті, монологтық тілдесуді жетілдірді. Ал кейіпкерлердің мінездері мен әрекеттері туралы ойлар мектепке дейінгілердің логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Н.Ю. Шершнёва қызықты бағыт таңдады. Ол балалардың сөйлеу қабілетін балалар халық ауыз әдебиетін қолдану арқылы дамытты. Халық ауыз әдебиеті балаларды өте еліттірді және балалардың естеріне жақсы әсер ететін түрлі тақпақтар мен өлеңдерді олар үлкен қызығушылықпен оқыды.

Әрбір топта тәрбиешілер монологтық сөйлеу қабілетін дамытумен жұмыс жасайды, ай сайын ойыншықпен, сурет арқылы сипаттау әңгімелерін құру бойынша жұмысты жоспарлайды. Түрлі көркем құралдарды, сөздік және дидактикалық ойындарды, театрализация ойындарын, сюжеттік-рольдық ойындарды қолданады. Балаларды белгілі бір мазмұндағы (мазмұнын айтып беру, өз бетімен ертегілер, өтірік әңгімелер құрастыру) ашық ойын айтуда мадақтайды. Күнделікті өмірде еркін сөйлеу кезінде монологтық сөйлеуге жетелейді, қандайда бір затпен ойнаған кезде балалардың өз іс-әрекеттерін сипаттауға итермелейді.

Қазіргі таңда балалардың көбінде сөйлеу кезінде түрлі ақаулары бар. МШО-та логопед жоқ, балалардың сөйлеу мәнерін жетілдіру бойынша жұмыста бұл үлкен көмек болар еді. Үйде дыбыстарды айту дағдыларын бекіту бойынша ата-аналарға логопедтің кеңесі өте қажет; логопедтің кеңес беруіне балалардың еркін ойнаулары және сабақ кездерінде сөйлеу кезінде қойылған дыбыстардың автоматтылығы бойынша тәрбиешілер зәру.

2015-2016 оқу жылына шағын-орталықтың сөйлеу қабілетін дамыту бойынша балалар білім деңгейінің салыстырмалы нәтижелері.

Білім беру салалары

Жыл басына мониторинг

Аралық мониторинг

Жыл аяғына мониторинг

2.Қатысым

Шығарады- 50%

Түсінеді- 35%

Қолданады- 15%


Шығарады- 15%

Түсінеді- 55%

Қолданады- 30%


Шығарады- 10%

Түсінеді-55%

Қолданады-35%


Диагностика нәтижесі бойынша балалардың білім және білік көрсеткіштері оқу жылының басымен салыстырғанда біршама жоғарылағаны көрініп тұр. Балалар монологтық сөйлеуді меңгерген, сөйлеу кезінде құрмалас сөйлемдерді түсінеді және қолданады, сонымен бірге сөйлеу кезінде синонимдер, антонимдер және жалпылауыш сөздерді қолданады.

Тілдер туралы заңды жүзеге асырумен байланысты шағын-орталықта мемлекеттік тілді тереңдетіп оқыту бойынша жұмыс жоспары жасалған. Жыл аяғына шекті балалар: қазақ фонетикасындағы дыбыстарды дұрыс айтуды, мемлекеттік тілдегі сөздерді дұрыс айтуды, сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрастыруды, өткен сабақты бекітуге көмектесетін және балалардың сөйлеу мүмкіндіктерін арттыратын мұғалімнің сұрақтарына жауап беруді үйренді. Осы пәндер бойынша сабақтар бағдарламаға сәйкес өткізіледі. Балаларды оқыту үшін заңнамалық құжаттар пакеті, мектепке дейінгі топтарға арналған сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары бар. Жыл бойында қазақ тілі мұғалімі Г.Ш. Туратпаева тәрбиешілермен бірлесе отырып қорытынды және тақырыптық іс-шаралар өткізді, онда балалардың қазақ тілінен сабақта меңгерген білімдері қарастырылды. Барлық сабақтар қызықты ойын түрінде өткізілді. Әдемі көрнекі материал, видео және аудио жазбалар қолданды. Мұғалім туған қаланың көрікті жерлеріне деген қызығушылықтарын дамытты, балаларда қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылықтарын қалыптастырды, ұлттық қолөнер бұйымдарымен таныстырды. Айта кететін бір жайт, ата-аналардың негізгі бөлігі өз балаларының мектепке дейінгі мекеме қабырғасында мемлекеттік тілді меңгеретіндеріне жақсы көз-қараспен қарады. Қазақ тілінің мұғалімдері мен ұстаздары ата-аналардың өз балаларына екінші тілді үйрету жоспарында көңіл бөлетіндері (тақпақтарды, сөздер мен сөз тіркестерін жаттау) таң қалдырды. Тәрбиешілер мен қазақ тілі мұғалімі ата-аналармен жеке әңгімелесулер өткізеді. Мамандар мен мұғалімдер балаларға және ата-аналарға арналған ұсыныстар, сонымен қатар оңай шешілетін кроссвордтар, жұмбақтар дайындайды.



2015-2016 оқу жылына шағын-орталықтың қазақ тілінен балалардың білім деңгейінің салыстырмалы нәтижелері.

Деңгей/Топтар

Лучики

ақпан

мамыр

Жоғары деңгей

-

17%

Орта деңгей

20%

83%

Төмен деңгей

80%

-

Жыл аяғында балалардың көбі жұмсақ әрі қатаң спецификалық дыбыстары бар сөздерді жақсырақ айтатын болды. Сөз тіркестерін құрай алады, жеңіл сұрақтарға жауап беріп, жеңіл диалог құрастыра алады.

Мектепке дейінгі жас шет тілін меңгеруді бастауға ерекше қолайлы: бұл жастағы балалар тілдік құбылыстарға өте сезімтал келеді, өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл «құпияларын» қабылдауға қызығушылықтары оянады. Аз ғана көлемдегі тілдік материалды олар жеңіл әрі мықты есте сақтайды және оны сыртқа жақсы шығара алады.

Е.В. Толстова, ағылшын тілі мұғалімі балалардың даму деңгейіне ұғынықты болатындай жеңіл лексикамен балаларды таныстырды, өз қызметін келесі лексикалық тақырыптарды қарастыру арқылы жүзеге асырды: «Жүріңдер танысайық», «Жанұя», «Жануарлар», «Түстер», «Менің ойыншықтарым» және басқалар. Мұғалім өз сабақтарында мұғалім өз сабақтарында мектепке дейінгілердің оқу ісіне деген қызығушылықтарын ояту үшін келесі тәсілдерді қолданады: әр түрлі ситуациялық және рөлдік ойындар, көрнекіліктер (суреттер және видео), ағылшын тіліндегі әндерді айту және ағылшын тілінде мультфильмдер көру, мақтаулар мен жүлделермен марапаттау. Іс-әрекетті ауыстырып отыру есте сақтау, қайталау, бекіту және ақпаратты меңгеру міндеттеріне септігін тигізді. Сабақтар үйірмеде кішкене топтарда өткізілді, қатысымдық ойындар топтық белсенділікке бағытталған, бірақ әрбір тәрбиеленуші өз ойын айта алатындай және өз жеке қабілеттерін көрсете алатындай жұмыстың жеке түріне оңай ауыса алады. Бүкіл жыл бойында тақырыптар бойынша меңгерілген барлық сөздер бар баспа материал папкалар арқылы ата-аналарға қол жетімді болды, солайша әрбір бала оқыған дүниені үйде ата-аналарымен бірге қайталау мүмкіндігіне ие болды. Бағдарламаның бұл мақсаты – балалар фольклорының көмегімен ағылшын тілді елдердің мәдениетіне жақындату арқылы тұлғаны тәрбиелеу және дамыту АОІ сабақта ұжымда және мейрамдарда жеке балаларға арналған халық әндерін айту және түрлі тақпақтарды жаттау арқылы жүзеге асырылды.

2015-2016 оқу жылына шағын-орталықтың ағылшын тілі бойынша балалардың білім деңгейінің салыстырмалы нәтижелері.

Деңгей/Топтар

Непоседы

Лучики

ақпан

мамыр

ақпан

мамыр

Жоғары деңгей

-

23%

-

28%

Орта деңгей

53%

60%

36%

60%

Төмен деңгей

47%

17%

64%

12%

Балалардың ағылшын тілі саласындағы дағдылары біршама жақсарды. Тәрбиеленушілер ағылшын сөздерін жақсы қайталайды, тақпақтар мен санамақтарды, әндерді айта алады.

Жалпы мектепке дейінгі топтар бойынша балалардың сөйлеу тілі грамматикалық жағынан дұрыс, көзге көрініп тұр. Қызығушылықтың қалыптасуы және тыңдауға деген қажеттілік біршама жоғары деңгейде. Бірақ топ жұмыс жасайтын бағдарлама бойынша әдеби шығармалар таңдау қажет.

Қорытынды: сөйлеу тілін дамыту бойынша жалпы мақсатпен жұмыс жүріп жатыр – бұл мектепке дейінгілердің сезімталдық және интеллектуалдық бөлшегімен бірге сөйлеу дағдысын дамыту және олардың танымдық белсенділіктерінің қалыптасуы. Мұғалімдер ұжымы сөздік қорының баюына және сөйлеу тілінің, фонематикалық есту қабілетінің дамуына, жалпы және ұсақ мотриканың нығаюына, айтылымды түзету бойынша жеке жұмысқа аса көп күш жұмсайды. Бұл жұмыс қоршаған ортаның басқа салаларын танып-білуге сөйлесудің, ауызша тілдің басқа да түрлерін қолдана білетін балалардың қалыптасуына септігін тигізді.

«Таным» білім беру саласының міндеттері келесі бағыттар бойынша балалар ісін ұйымдастыру арқылы жүзеге асты: математика, құрастыру, экология, әрбір баланың психикалық үдерісінің даму деңгейін ескере отырып қоршаған ортамен танысу.

Мектепке дейінгі жаста қойылған міндеттерді шеше отырып, мұғалімдер балаларда: өз бетімен жұмыс жасауды, шығармашылық белсенділікті; зерттеу ісін және балалық іс-тәжірибені; әр түрлі жұмыс түрлерінде балалардың математикалық сауаттылықты меңгерулерін дамытты.



Біздің шағын-орталықта балалардың қарапайым математикалық танымдарының дамуына арналған қолайлы жағдай жасалған, сонымен қатар балалардың өсімдіктер және жануарлар әлемінің көптүрлілігімен, қоғамдық өмір мен туған қаланың құбылыстарымен танысуға жағдай жасалған. Мектепке дейінгілердің танымдық, интеллектуалды және тұлғалық дамуына бағытталған парциальды бағдарламалар қолданылады, ол тәрбиелеу және білім беру стандартына сәйкес балалардың білімдерінің жиналуына және баюына, тәжірибелік білік пен дағдыларының қалыптасуына, көз-қарастарының кеңеюіне, қызығушылықтарының оянуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға болысты. Балалардың интеллектуалды дамуы үшін екі мектепке дейінгі топта да арнайы дамытушылық орта жасалған, онда тәрбиеленушілер қоршаған ортаны тәжірибе жасау арқылы таниды. Сондай-ақ ойлау қабілеті мен логиканы дамыту үшін әдістемелік оқулықтар мен дидактикалық материалдар жаңартылған. Баланың танымдық дамуы оның қоршаған ортаны қабылдауы мен меңгеруі арқасында жүзеге асады. Топтардағы танымдық сабақтар перспективті жобаларға сәйкес жоспарланады. Бағдарламалық мазмұны толық көлемде жүзеге асады, жас талаптарына сай. Топтарда «тәжірибе жасауға» баланың қызығушылығын қалыптастыруға және қанағаттандыруға, проблемалық сұрақтарға өз бетімен жауап іздеуге және оларды табудың түрлі тәсілдерін меңгеруге талпынуға, сонымен бірге кез келген істе тәжірибелік тапсырмаларды шешу кезінде меңгерілген білім мен білікке белсенді түрде сүйенуге қолайлы жағдай жасалған. Жыл бойында мектепке дейінгі жастағы балалармен БШО тыс экскурсиялар өткізілді – мәдениет және дем алу саябақтары, біздің қаламыздың мұражайлары, театрға бару, өндіріс орныдарына экскурсия, Аблакетка к. облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасымен тығыз байланыс. Шағын-орталықтың мұғалімдері қолда бар материалдарды (қағаз, картон қағаз, табиғи материал) пайдалана отырып балалардың құрастыру ісін түрлендіріп, соған жағдай жасауға талпынды. Үстел үстіндегі құрылыс конструкторын қолдану бағдарламалық міндеттердің толық орындалуын қамтамасыз ете алмады. Балалардың құрастыру ісін ұйымдастыруға арналған стандартты құрылғының болмауы жоспарланған нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермеді. Мектепке дейінгі жастағы айналысудың маңызды түрі болып баланың тұлғасы қалыптасатын ойын болып табылады, балалар басқа балалармен қарым-қатынас дағдыларын үйренеді, күнделікті әлеуметтік өмірдің талаптары мен ережелерін меңгереді. Шағын-орталықта мүмкіндігінше балалардың ойын ойнауларына қолайлы жағдай жасалған. Топтарда ойындар мен ойыншықтар, ойнауға арналған жабдықтар жастарына сәйкес таңдалған. Эмоционалды-психологиялық жайлылықты қамтамасыз ету үшін сюжеттік-рөлдік, құрылыс, дидактикалық, аз қозғалуды керек ететін және үстел үстіндегі-баспа ойындарға арналған орындар (орталықтар) бөлінген.

Каталог: uploads -> doc -> 09ca
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09ca -> 1. Әдебиет сөзі қандай ұғымды білдіреді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет