1. Директордың оқу ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары А. К



бет1/3
Дата01.04.2017
өлшемі3.53 Mb.
  1   2   3


КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ

Колледж студенттерінің

АНЫҚТАМА - БАҒЫТТАУШЫСЫ

Ақтау, 2016



Құрастырушылар:

  

1. Директордың оқу - ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Жұмағали



2. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Б.Джакаева
 

 Берілген анықтама-бағыттаушысы оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру жөніндегі анықтаманы камтиды. Мұнда колледж туралы қысқаша мәлімет, оқу түрлері, студент білімі, ауыстыру және қайта қабылдау, ішкі тәртіп ережесі, оқу үрдісінің ұйымдастырушылық нормалары, жөніндегі жүйеленген қысқаша мәліметтер берілген.

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Колледж әкімшілігі

Оқу орны туралы жалпы мәлімет








Колледж тарихынан...




Материалдық – техникалық база




Әлеуметтік серіктестер




Студенттің ар – намыс кодексі

Ішкі тәртіп ережелері

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің ережесі

Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ережесі






Кітапхананы пайдалану ережесі




Жатақханада орналасқан студенттердің ережесі




Тәрбие жүйесі




Колледждің жастар ісі комитеті  




Шығармашылық үйірмелер




Бірінші курс студенттеріне кеңес












Кіріспе
Құрметті І курс студенттері! Үлкен өмірге қанат қағып, өз қалауларыңмен мамандық таңдап, білім биігіне қанат қақтыңдар. Осы жолда Сіздерге, 1 курстықтар, қанаттарың талмай, биіктерге шырқай берулеріңе, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, колледжді абыроймен бітірулеріңе тілектеспіз. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Біздің колледж табалдырығын аттаған Сіздер бүгін үлкен өмірге қадам басыр отырсыңыздар, білім жолындағы осы бір кезеңді абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспіз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, үкіметіміз сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр.

Еліміздің болашағы – білімі терең, біліктілігі жоғары, белсенді идеялар иесі Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімізді арнаймыз. Осы бір есте қалар сәтте Сіздерге білім нәрін себуші ұстаздар ұжымы үш тілек тілейді: әуелі, Елбасымыз айтқандай үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай білімді азамат бол дейміз. Сосын мәпелеген ата – ана, білімге баулыған ұстаздарын қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға шақырамыз. Соңында, қай жерде болса да шәкірттеріміз еліміздің, колледжіміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүрсін деп тілейміз.

Сіздердің болашақтарыңыздан ел – жұртыңыз үлкен үміт күтеді. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шығав біліңіздер!



Құрметті бірінші курс студенттері, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса беріңдер! Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра бер. Нұрлы жол, думанды шақ тілейміз. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын, қанаттарың талмасын, биіктерге шырқаңдар!!!
Колледж директоры А.М.Каламкалиева  

«КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ»

лицензия №15003240

Маңғыстау облысы бойынша бірінші аккредитациядан өткен колледж (16.06.2014ж. тіркеу номері IA №007)