Қарағанды облысы білім басқармасының
Теміртау қаласы білім бөлімінің
«Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ
1 «Ә» сынып оқушыларының бейімделуі туралы ақпарат
/2021-2022 оқу жылы/
Сынып жетекшісі М.А.Ерниязова
Бастауыш сынып мұғалімі
Теміртау – 2021
1 «Ә» сынып оқушыларының бейімделуі
/2021-2022 оқу жылы/
2021-2022 оқу жылын 1 "Ә" сыныбында жылдың басында бала саны 28, І жартыжылдық соңында бала саны 28, қыз-28. Жеті жастан 8 бала, алты жастан 20 бала қабылданды. 3 бала мектепалды даярлық тобына барған, 21 бала балабақшаға барған, 4 бала балабақшаға бармаған. Толық отбасында 28 бала. Көп балалы 8, Азқамтылған 1.Білім стандарты талаптары бойынша бағаланбайды. Бағдарламаға сай І, ІІ тоқсандарға арналған күнтізбелік жоспар бойынша материалдар толығымен меңгерілді. Жаңартылған білім бағдарламасын қолдана отырып тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру процесі арқылы функционалды сауаттылығының негізін қалау мақсатындағы жұмыстар жүргізілуде.
Оқу жылының басында оқушылардың мектепке бейімделуіне байланысты мектеп психологі ата-аналарға И.С.Тургынбаева 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде психологиялық кеңес өткізді. Сонымен қатар сыныптан психологиялық анықтама тест алынып, ата-аналарға таныстырылды. Арнайы логопед сабағына баратын 18 оқушы бар. Олар: Есимбекова Зарина, Есимбекова Алина, Бекдолла Ғажайып, Нұрқасым Нұрсая, Амантай Амина, Арманқызы Аяжан, Рахметқызы Айсана, Хайтқұл Ақниет, Мизамхан Фарида, Ханатбай Айару, Серикова Айдай, Нұржанқызы Ақнұр, Пердалиева Айару, Төлегенова Дамели.
Сыныпта орыс тілді оқушылар көп болғандықтан, оқу мен жазу дағдысын қалыптастыру жұмыстарында қиындықтар тудыруда. Қосымша жұмыстарды жүргізу барысында көптеген оқушылар өз бетімен оқуды, жазуды және есептер шығаруды меңгерді. Оқу жылдамдығы әріптеп, ежелеп, кідіріс жасап оқитын оқушылармен оқу жылдамдығын арттыру жұмыстары жеке дара жүргізілуде.
Мәтінді тұтас сөзбен, жылдам оқитын оқушылар 12 (Ербекетова Жасмин, Адильбекова Жасмина, Амантай Амина, Арманқызы Аяжан, Асылова Аяла, Дильманова Баянсұлу, Ерлан Еркеназ, Насыр Дарина, Рахметқызы Айсана, Сапарғали Мерей, Хайтқұл Ақниет, Манарбекқызы Аяла). Бұл оқушылар жақсы оқумен қатар сауатты, қатесіз жазады, есеп шығару дағдылары да қалыптасты.
Буындап оқитын оқушылар 7 (Бекдолла Ғажайып, Жугунисова Зарина, Мизамхан Фарида, Нурлыбекова Адина, Нұрқасым Нұрсая, Сейтқали Айзере, Ханатбай Айару).
Жүргізіп оқитын, бірақ кейбір сөздерді қате оқитын оқушы 1 (Серикова Айдай).
Оқу жылдамдығы өте төмен әріптеп оқитын оқушылар 8 (Абдумаликова Жасмин, Есенбекова Алина, Есембекова Зарина, Журабай Айару, Нұржанқызы Ақнұр, Пердалиева Айару, Русланқызы Кәусар, Төлегенова Дамели).
Жазба жұмысы бойынша 26 оқушы,сөздік диктант жаза алады, 2 оқушы қиналады. Көшіріп жазу жұмысында 28 оқушылар жазып отыр.
Математика пәні бойынша 26 оқушы да 1 ден 10-ға дейінгі сандарды еркін қосып, азайтып, салыстырып, пішіндерді таниды. 2 оқушы 11 ден 20-ға дейінгі сандарды қосып, азайтудан қиналады.
11-ден 20-ға дейінгі сандарды қосып, азайтуда 25- 3 оқушы 11 ден 20-ға дейінгі сандарды қосып, азайтудан қиналады.
Сынып оқушылары сыныптан тыс іс-шараларға белсенділік танытты. Оқушылар халықаралық ПОНИ сайыстарына және басқа да республикалық қашықтықтан ұйымдастырылған пән олимпиадаларына өте белсенді қатысып, көптеген оқушылар жүлдегерлерге ие болды. Сонымен қатар мектеп арасында ұйымдастырылған апталықтарға да ата-аналарымен, отбасымен бірге белсенді қатысты. Үштік ата - аналар, мұғалім және оқушы жиналысы өткізілді.
2021-2022 оқу жылының 1 жартыжылдық бойы оқу мен бірге тәрбие саласында да көптеген жұмыстар жүзеге асырылды және көптеген апталықтар мен сынып сағаттарына оқушыларды үзбей қатыстырып, үнемі жаңа белсенді әдіс- тәсілдермен, топпен, ойын түрінде, түрлі шығармашылық жұмыстармен байланыстырып өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |