1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



бет13/52
Дата25.02.2023
өлшемі233,12 Kb.
#170130
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52
Байланысты:
1. ?äåáèåò òåîðèÿñû ?ûëûìûíû? ?ä³ñíàìàëû? ?à?èäàëàðû ?äåáèåò òåî

Әдеби мектеп отандық және әлемдік әдебиетте өз орнын тапқан. Атап айтқанда, бүгінде қазақ әдеббиетінде Абайдың ақындық мектебі деген ұғым қалыптасқан. Орыс әдебиетінде натуралдық мектеп деген ұғым бар. Әр түрлі маңызды тақырыптарға жазылған қуанышты өлеңдер олардан кейін де болған және күні бүгінге шейін бар.
Қазақ және әлемді әдебиеттегі әдеби мектептер бүгінде әдеби дәстүрді емін –еркін меңгерген. Әдебиеттің түрлі жанрында осы мектептердің әдеби дәстүлерін айқын табуға болады. Бүгінгі әдеби үдеріс отандық және әлемдік әдебиетттегі әлемдік мектептердің дәстүрлерін шығармашылықпен игеруде. Ән өлені деп әнге салып айтуға арналып шығарылған өленді айтады. Ән өлеңі ауыздан-ауызға көіпіп жүреді. Әнмен айтылатын елеңдер лириканың қай түріне болса да, көпшішкке жакын түрады. Ән жүртшылыкка тезірек тарайды.
19. Драмалық жанрлар
Драма– (гр. dramo — әрекет) - әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі. Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты.
Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы дамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ремарка не ремарка деп атайды. Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын кейіпкерлер сөзі, яғни репликалар, көбінесе, диалог, кейде монолог түрінде болады. Қалай болғанда да репликалар шымыр, ондағы кейіпкер мүддесі мен құштарлығы, аласұрған сезім әлемі көрермендерді еліктіретіндей деңгейде құрылуы қажет. Олар өлең түрінде де, қара сөз түрінде де бола береді. Драмалық шығармалардың құрылымы ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына және ауқымына байланысты көріністерге, актілерге, бөлімдерге бөлінеді. Ал композициялық тұрғыдан Драмада оқиғаның (тартыстың) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы болады. Кейбір шығармалар мұндай классик. үлгіден өзгеше, яғни бірден тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін. Ежелгі грек трагедияларында сахналық шығармалардағы тартыс аяқталып, өз шешімін тапқан соң, міндетті түрде бас кейіпкердің азапты күйі көрсетілген. Мұны катарсис, яғни күйіне отырып күнәсінен арылу деп атаған. Сезім мен қайғы-қасіретке толы бас кейіпкер монологі көрермендерге қатты әсер еткен. Қазіргі заманғы драмаларда, әсіресе, қазақ драмаларында осы үрдіс қолданылып жүр;
Драма жанры әдебиет жанры ретінде белгілі бір заңдылыққа бағынады. Драма жанрында оқиға, орын, уақыт бірлігі сақталынады. Драма жанры көне заманнан бері өз уақытына сай көкей-кесті мәселелерді өз көрермендеріне ұсынуда. Драма жанры қазірде де елеулі өзгерістерге ұшыраған. Қазірде қазақ әдебиетінде драма жанрында жазылған шығармалар өте көп.Драмалык жанр трагедия, драма, комедия болып үшке бөлінеді. Бүлар өзара суреггемек болған окиғасын және окиғаға катысушыларды талғап алу түріне карай айырылады.
Трагедия(грекие — (траго — ескі, <ди — ән, жыр.). Трагедия сахнаға арналып жазылады.Мүндағы көрсетілімдегі күрестің өзгешелігі автордың пікірінше, кездесетін қиыншылықты жеңіп болмайтын тәрізді.Трагедияның көпшілігі-ақ каһарманның өлімімен аяқталады.Адамның жолындағы «жеңуге болмайтын» ең қоркынышты, ең маңызды күштер қайсы, — ол жазушының дүниетанымына,таптық көзқарасына байланысты. Әр таптың жазушысы «жеңуге болмайтын» қиыншылықтарды өзінше түсінеді. Ескі гректердің трагедияларында (мысалы, Эсхилдын трагедиясында) жазмышпен, тағдырмен күресте қаһармандары өлім табады.
Комедияның басы да трагедия сиякты, баяғы Дионис мейрамында жатыр: өлген «текенің» қайта тірілуІн көне гректер енді комедия мен (космос — көңілді топ, одэ — ән), яки көңІлді енмен, кызык бимен, күлдіргі ойындармен күтгыктаған. Кейін шын мәніндегі театр өнеріне айналған.
Драма — сахнаға қоюға лайықтап жазылатын драмалық жанрдың бір түрі. Драмада әлеумет өмірінде кездесетІн үлкен, аур халдермен қатар салт-түрмыста кұнбс-күн кездесетін күлдіргі жайтгар да ұштастырыла, араластырыла көрсетіледі. Егер трагедияда күлкІнІн кездесуі шарт емес болса, комедия түгел дерлІккүлдіргі окиғаға күрылады, өлім мүлде болмайды- Драмада бұл екі элементгін екеуі бІрдей кездесе береді. Сондықтан бүл трагедия да, комедия да емес, өзінше бір түр болып есептеледі. Тарихи жағынан алғанда драма трагедия мен комедиядан кейІн туған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет