1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



бет38/52
Дата25.02.2023
өлшемі233,12 Kb.
#170130
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52
Байланысты:
1. ?äåáèåò òåîðèÿñû ?ûëûìûíû? ?ä³ñíàìàëû? ?à?èäàëàðû ?äåáèåò òåî

40.Социалистік реализм әдісі
Кеңес әдебиеті мен өнерінің негізгі шығармашылық көркем әдісі. Реализмнің дамуынағы жаңа, ең жоғарғы этапы. Социалистік реализм XX ғасырдың басында құралып, қалыптасты, кеңес әдебиеті мен өнерінің негізгі әдісіне айналды. Социалистік реализм- елімізде коммунистік қоғам орнату, кеңес адамдарын, жаңа жасөспірімді коммунистік рухта тәрбиелеу, олардың коммунистік саналылығын арттыру, халқымызды социалистк интернационализм және патриотизм рухында тәрбиелеуді талап етеді. Социалистік реализм рухында жазылған көркем әдебиет пен көркем өнердің міндеті бейбітшілік қорғау мен прогресшіл адамзатты бақытты өмірге баулу болып табылады. Ол кеңес суретшілерін күнделікті өмір шындығын ақиқатты жырлауға шақырады.
Маркстік-лениндік эстетиканың ең өзекті мәселесі — социалистік реализмнің сыры мен сипаты.
Тіпті советтік эстетиканың өзін социалистік реализм эстетикасы десе де болғандай. Себебі, советтік эстетиканың айрықша зерттейтін нәрселері—1) өнердің өмірге қарым-қатысы десек, мұның бүгінгі биік типі — социалистік реализм; 2) ілгерішіл әдебиет пен өнердің дүние жүзілік дамуы десек, мұның бүгінгі жаңа кезеңі — социа-листік реализм; 3) біздің суреткерлердің өз өнерлеріне жетілу жолдары десек, бұлардың бірден-бір творчестволық әдісі — социалистік реализм..
Социалистік реализм — үздіксіз қозғалыс, өсу-даму үстіндегі ұғым. Сондықтан бұл әдіспен жазылған әдеби шығармаларды бағалауға тек қана тарихи тұрғыдан келу қажет. Мәселен, совет әдебиетінің жиырма-сыншы жылдарда туған шығармаларын Отан соғысы тұсындағы шығармалармен, соңғысын дәл бүгінгі күндердің туындыларымен қатар қойып, бәріне бір-ақ өлшеммен қарау ағат: “Азамат Азаматыч” — “Абай жолы” емес те, “Тар жол, тайғақ кешу” — “Өмір мектебі” емес. Бұлардың арасында социалистік реализм әдісінің барған сайын буынын бекітіп, бұғанасын қатырған кәмелет жолындағы ондаған жылдар жатыр.
41.Драманың жанрлық ерекшеліктері.
Драма– (гр. dramo — әрекет) —1) әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі (Әдебиеттің тегі мен түрі).
Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты. Классикалық драманың алғашқы үлгілері ежелгі Грекияда пайда болып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедиялары мен Аристофанның комедияларында жоғары көркемдік биікке көтерілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет