1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



бет32/52
Дата25.02.2023
өлшемі233,12 Kb.
#170130
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52
Байланысты:
1. ?äåáèåò òåîðèÿñû ?ûëûìûíû? ?ä³ñíàìàëû? ?à?èäàëàðû ?äåáèåò òåî

Л и р и к а л ы қ о б р а з — сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі; оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен — нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда, эпикалық образ-дағыдай, ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның сыртқы кескін-кейпі де, қымқуыт шиеленісіп жатқан тардыры немесе іс-әрекеті мен қимыл-қарекеті де тұтасып көріне бермеуі мүмкін. Оның есесіне адамның аса терен әрі нәзік ашылатып ішкі сыры, мінез-құлқы, жан-тынысы айрықша әсем айшық табады.
Атың Сана, көзің қара гөзәл қыз,
Жыр жаздырдың жүрегіннен амалсыз;
Мен кетермін, альбом ашып қарарсыз,
Акын қазақ ағаңды еске аларсыз
Тавриз — Баку аспанында күн Сана,
Күміс Каспий жағасында гүл Сана;
Жүрегің мен жүрегімді бір сана,
Айтарым көп, айтқызбай-ақ біл, Сана
(Қ. Аманжолов ) ‘
Осы өлеңде әзірбайжан қызының әдемі образы бар. Бұл образ қалай жасалған? Ақынның өзі айтып отырған “күміс Каспийіндей” шалқып-толқыған көңіл күйі арқылы, таза, терең тербелген телегей сезімі арқылы жасалған, Мұнда эпикалық образдағы піл сүйегінен ойып жасағандай зергерліктен туған адамның шынайы, шыншыл сырт мүсіні, бет-пішіні жоқ. Қыздың аты — Сана; ал портрет дегенде, әйтеуір, “көзі қара” екенін ғана білеміз, әйтпесе “Баку аспанының күні, Қаспий жағасының гүлі” деген ауыстырулар оқырманның көз алдына тірі кісінің табиғи түр-тұрпатын елестетпейді. Сондай-ақ бұл арада сұлу қыздың жүріс-тұрысын көріп, сөзін тыңдап, үнін естіп те жатқанымыз жоқ. Сөйте тұра Сана-қызға ақынмен бірге бәріміз де ыстық ықласпен ұмсынып, қимас көңілмен толқып, тербеліп қалдық. Әлгі айтқанымыздай, өзін көрмеу, сөзін естімеу былай тұрсын, тіпті осы қыз әрқайсымыздың сыралғы жақынымыз, қашанғы таныс досымыз тәрізді емес пе? Осы қызға ақын ғана емес-ау, біз де “жүрегімізден амалсыз жыр жазып”, қия алмай қош айтып, қайта-қайта бұрылып қарап, “айтарым көп, айтқызбай-ақ біл, Сана” деп бара жатқан секілдіміз. Бұ не ғажап?

Ғажап қалғандай ештеңе де жоқ, сыршыл өлеңдердегі лирикалық образ атам заманнан бүгінге дейін тек қана осы жолмен, ақынның өз көкірегінде көлдей шалқыған сан иірім сұлу сыр мен сезім арқылы ғана жасалып келе жатыр. Ақынның субъективті көңіл күйінен туған лирикалық образдың объективті өмірден жинақтала һәм даралана жасалған эпикалық образдан айырмасы да дәл осы арада деп білген жөн.


Иә, эпикалық образ — нақты болса, лирикалық образ — шартты. Александр Пушкин өзінің атақты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет