1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



бет33/52
Дата25.02.2023
өлшемі233,12 Kb.
#170130
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52
Байланысты:
1. ?äåáèåò òåîðèÿñû ?ûëûìûíû? ?ä³ñíàìàëû? ?à?èäàëàðû ?äåáèåò òåî

Д р а м а л ы қ о б р а з — эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында — сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көр кем бейне. Мұны кейде тура “сахналық бейне” ** деп те атай береді. Антигона мөн Отелло, Тартюф пен Хлестяков, Сатин мен Яровая, Қарабай мен Телқара, Жүзтайлақ пен Сәуле — бәрі де драмалық образдар, өйткені бұларды біз тек қана сахнадан, актерлердің ойындары арқылы жүзбе-жүз көріп, таныдық. Айталық, қазақ сахнасының қия тасы секілді Кәллекидің сахнада жасап, оны көрген адамдар санасында жартастай шаншылтып тастап кеткен сахналық бейнелері қанша десеңізші!.. Жалғыз-ақ, драмалық образдың бір кемшін жері эпикалық не лирикалық образдар секілді кітап бетінде бар қасиетін сақтап қалып, мәңгі өмір сүре алмайды; әр образ өзін жасаған актермен бірге кетеді, көрген адам санасында тек әсері мен елесі ғана қалады. Бұл ретте кей-де әрбір сахналық бейненің бар ғұмыры бір кештік тәрізді. Алайда драмалық образ, ғұмырының мұншалық қысқалығының есесіне, бір көрінсе де бірегей, кәдімгі тірілермен тірілерше дидарласып, оларды қолма-қол күлдіріп не жылатып; қуантып не сүйсінтіп; сүйгізіп не жек көргізіп, әйтеуір тікелей ықпал жасап, ойлантып, төбірентіп кетеді. Бұл тұрғыдан алғанда драмалық образдын, эстетикалық және тәрбиелік мәні орасан үлкен әрі күшті.
Драмалық образдың жасалу тәсілдері де өзінше бөлек. Эпикалық образ кең құлашты баяндаулар мен суреттеулер арқылы, лирикалық образ түрліше көңіл күйлері мен шабытты толғаныстар арқылы жасалса, драмалық образ шиеленіскен тартыстар мен қым-қиғаш қимыл-әрекеттер арқылы жасалады. Әрине, бұл — сахнада психологиялық ой образын жасауға болмайды деген байлау емес. Қандай да болмасын, парасат пен ойсыз, сыр мен сезімсіз образ жасау мүмкін емес. Бірақ, бұл сахнадағы шешуші нәрсе қимыл-әрекет, тартыс пен қақтығыс екенін де жоққа шығармаса керек. Қаншама ойшыл адамның драмалық образын жасамақ болсаңыз да, бәрі бір, оны сахнаға жетелеп әкеліп, үш сағат бойы үн-түнсіз, қимыл-қозғалыссыз ойлантып қоя алмайсыз. Ондай жым-жырт “ойшылға” театр көруші жұрт үш сағат түгіл үш минут та шыдап отырмайды. Демек, драмалық образ оймен қатар іске, сезіммен бірге қимылға құрылады.
Образдың жасалу тәсіліне байланысты түрлерін таратып, бас-басына сипаттама бермес бұрын, жалпы әдемілік туралы ілімде бірнеше (комедия және трагедия, героика және фантастика дегендер тәрізді) эстетикалық категориялар болатынын білу шарт. Комедия ақиқат шындьгқтағы не адам мінезі мен бітіміндегі күлкілі жайлардан туса, трагедия бұған қарама—қарсы қайғылы құбылыстардан туатыны; героика аса бір асыл, аяулы қасиеттерден туса, фантастика асыңқы, асқақ әрекеттерден туатыны мәлім. Міне, осы тәсілдердің әрқайсысына лайық геройлық, трагедиялық, фантастикалық образдар болатыны сияқты, комедиялық тәсіл арқылы көркем образдың юморлық және сатиралық түрлері жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет