Білім алушылардың өндірістік практика есептерінің құрылымы, дайындау тәртібі
мен қорғау мерзімдері, практика нәтижесін қорытындылау барысы
Білім алушылар келесі мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға тиісті:
1.Жолдама
(1-қосымша, Оқу орнына қайтарылатын бөлігі) А
2.Өндірістік практиканың жұмыс жоспар-кестесі
(2-қосымша)
3.Өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
(3-қосымша)
Тәжірибе өту кезінде орындалған қызметтің сипатамасынан,
алынған білімдер
дағдылардан, жиналған мәліметтермен жұмыс істеудегі қиындықтарды талдаудан, өзінің
шығармашылық жетістіктері мен кемшіліктерін
бағалаудан тұратын, жүргізілген жұмыс
бойынша есеп. Өндірістік практика өту бойынша дайындалған есеп көлемі 15-20 беттік
мәтінді құрайды.
Өндірістік практика бойынша есеп келесі құрылымнан тұру керек:
1.Негізгі бет (Қосымша А) зерттеу практика өту бойынша есептің бірінші
беті болып
табылады.
2.Басты бөлім құрауға тиісті:
2.1Өндірістік практикадан өтетін білім алушының алдында тұрған міндеттер;
2.2Өндірістік практикадан өту реттілігі, практика базасы ұсынған мекеме бөлімшелерінің
сипаттамасы;
2.3Жасалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның орындалу мерзімдері;
3.Қорытынды жасау керек:
Барлық тіркелген мәліметтер жинақы тігілу керек.
Қойылған сұрақтардың санына байланысты есептің басты бөлігі жоғарыдағыдай
бөлімдерге бөлінеді. Әр бір бөлімді жаңа беттен бастау керек. Қажеттілік кезінде бөлімдер
бөлімшелер мен тармақшаларға бөлінеді.
Мекемеде қолданыстағы есеп құжаттар бланкісі, тіркелім,
ережелер, нұсқаулар,
есептілік түрлері және қосалқы мәліметтерді мәтін бойынша сілтеменің пайда болу
тәртібіне сәйкес қосымшаларға орналастыру қажет.
Есеп А4 үлгісіндегі ақ қағаз бетінде беттің бір жағында баспалық тәсілмен –
қаріп
айқын болу керек, жолдар арасындағы арақашықтық 1-1,5 интервалынан кем емес (Times
New Roman – 14 пт.).
Қағазда мәтінді орналастыру кезінде шеттерді сақтау: сол 3 см, оң – 1,5 см кем емес,
жоғарғы және төмен – 2 см тең.
Абзац тақырыбын мәтіннің бас әрпіне симметриялы басады. Бөлімшелер тақырыбын
бірінші бас әріптен басқа абзацтың кіші әріптерінен бастап басады. Тақырыпта сөз
тасымалы қолданылмайды. Тақырып соңында нүкте қоймайды. Егер тақырып екі
сөйлемнен құралса, оларды нүктемен ажыратады.
Тақырып пен мәтін арасындағы арақашықтық 1-2 интервалында болу керек.
Тақырыптың астын сызбайды.
Егер есептегі
сұрақтар толық ашылмаса, есеп жетекші тексеруінен кейін білім алушыға
толықтыруға беріледі.