Критериалды бағалау – бұл алдын ала белгіленген өлшемшарттардың нақты жинағының негізінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау. Білім алушылардың оқу үлгерімі олардың сыныптастарының оқу үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан несімен ерекшеленеді?
Критериалды бағалау жүйесі формативтік және жиынтықты бағалаудан тұрады. Формативтік бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады, оқу процесінде білім алушылардың білім алу және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды, қиындықтарды анықтауға және оқу бағдарламаларын оқыту мақсаттарына жетуге көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі білім алушылар мен мұғалімдер арасындағы тұрақты кері байланысты қамтамасыз етеді және балл мен баға қоюсыз оқу процесін түзетуге мүмкіндік береді. Жиынтықты бағалау мұғалімдерге, білім алушыларға және ата-аналарға оқу бағдарламаларының бөлімдерін (өтпелі тақырыптарды) және тоқсанды аяқтаған соң балл мен баға қою арқылы білім алушылардың оқудағы ілгерілеушілігі туралы ақпарат беру мақсатында жүргізіледі.
Формативтік және жиынтықты бағалау тәсілдері мен әдістері пән мазмұнының спецификациясы мен оны оқыту ерекшеліктеріне қарай ажыратылуы мүмкін. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау нәтижелері оқу процесі барысында ата-аналарға ұсынылады. Формативтік және жиынтықты бағалау пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнына негізделеді.
Формативтік және жиынтықты бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау білім алушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалаудың белгіленген тәртібі бойынша жүргізіледі. «Бастауыш/негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Формативтік бағалауға арналған тапсырмалар жинағы», «Жиынтықты бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар», «Өңірлік және мектептік үйлестірушілерге арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық» әдістемелік оқу құралдары әзірленді.
Достарыңызбен бөлісу: |