Ясауи тариқаты - Қожа Ахмет Ясауи негізін салған діни-сопылық мектеп. Ясауи тариқаты түркі сопылық дүниетанымы ерекшеліктеріне негізделген жалпы ислам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылады.
Бұл тариқаттың қалыптасу кезеңі Аббаси халифатынан бөлінген тәуелсіз жекелеген саяси биліктердің қалыптасу дәуіріне сай келеді. Екінші кезең — Ясауи өмір сүрген дәуір мен Алтын Орданың құрылуы арасындағы Түркістандағы сопылық дүниетаным мен тариқаттардың даму дәуірі. Ясауи тариқаты калыптасуының алғы шарттары туралы әр түрлі көзқарастар бар. Ясауи тариқатының негізі "мубайиадун" және "карматтық" доктриналардан бастау алады деген тұжырым Бағдат пен Хорасан сопылық ағымдарының қалыптасуына айтарлықтай ықпалы болмағандығына сүйенеді. Яғни оған Түркістан аймағындағы дуалистік бағыттағы манихей ілімі мен дәстүрлі секталар негізінде қалыптасқан мубайидиттер ілімінің табиғи жалғасы ретінде қарайды. Түрік тарихшысы З.Уәлиди Тоған Ясауи ілімінің манихейлік пен шафиилік негізде қалыптасқандығын, сондай-ақ оның қарахан әулетінен шыққандығын айтады.
Кемеңгер бабамыздың орынбасарлары мен жолын қуушылары түркiлердiң құрған мемлекеттер мен империялардың рухани пiрi болғандығы тарихи мәлiметтерде алтын әрiптермен жазылған. Тiптi түркi дүниесi бойынша құрылған сопылық тариқат – осы ясауилiк тариқаты. Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдарының бірі – толеранттылық. «Бөгде дін өкіліне де азар бермеу – Пайғамбар сүннеті» («Сүннет ерміш кафир олса берма азар») деп жазған Ясауи кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды насихат еткен. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген Абай сөздері де осы ақи қатқа тіреледі. Ясауи іліміндегі «Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл» деген ұстаным да адам баласының бәріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеу ге, өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді.

Бұл қағида бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға бағытталған. Халқымыз бұл қағиданы: «Еңкейгенге еңкей – атаңнан қалған құл емес, шалқайғанға шалқай – пайғамбардың ұлы емес» деген ұстаныммен түйіндеген.Ясауи ілімі ағартушылыққа, ғылым-білімге шақырады. Ясауи: «Адамды ақиқатқа жеткізетін бірден-бір жол – ғылым жолы» деп жазған. Ясауи ең бектерінде ғылымға ұмтылу, надандық тан қашу мәселелері жиі көтеріледі, шынайы ғалымдар ерекше құрметте ле ді. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Ақыл – азбайтын тон, білім – таусылмайтын кен», «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деп мақалдаған ұлтымыздың ұстанымдары да осы қағидалардан қиыс кетпейді.Ясауи ілімінде «Халыққа қызмет ету – Хаққа қызмет ету» деген ұстаным бар. Бұл қағида қоғамға адал қызмет етуді насихаттайды, отаншылдыққа, елді сүю ге, бауырмалдық пен жанашыр лық қа, өзара құрмет пен сыйластыққа тәрбиелейді.
Ахмет Ясауидің бұл әрекетіне заманындағы ғалымдар қарсы шыққан екен. Диуани Хикметте сол ғалымдардың бірі Баба Машын жайлы былай делiнген: Есітті Баба Машын сол заманда, Ахмет атты бір шейх шыққан екен Түркістанда. Сұхбат құран қыз-келіншекпен онда, Тыйым салғалы Түркістанға келді достар.
Ясауи ілімінің осындай ерекшеліктері жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ қауымындағы әйелдер мен қыздарды хиджаб пен пәренжі киюден қорғауға бір себеп болды.Яcсауи ілімінде қонақжайлық дәстүрі адамды рухани кемелдікке бастайтын ерекше дәстүр саналады. Ясауи ілімін таратушылар барған жерлерінде «суфра тұту», яғни «дастарқан жаю» дәстүрін ұстанған. Көпшілікке, келімді-кетімді жолаушыларға арнап жайылған дастарқан басындағы сұхбатқа рухани ілім иесі – Қызыр келіп қатысады деп саналған. Қазақ халқының «Қонақ келсе, Қыдыр келеді», «Қырықтың бірі – Қыдыр» деген мақалдары осы дәстүрден туындаған. Тариқаттың 6 ерекше касиеті (мустаһаб): қонақжайлылык; жағдайына қарай қонақ күту; конақтың коп қонуын ырысдеп білу;қонақтың көп болуына көңіл бөлу;қонақтың тілегін орындау;Осындай қағидалар арқылы Ясауи ілімі халықтың болмысына сіңіп, қазақ дүниетанымының, ұлт менталитетінің негізіне айналды. Дұрысы, Ясауи өз ілімі арқылы тарих тереңінен бастау алатын ұлт құндылықтарын ислами сүзгіден өткізіп берді. Біз Ясcауи ілімін ұлтымыздың рухани тарихының тағылымды тәжірибесі ретінде қабылдауға тиіспіз. Қазақ халқы ислам діні аясында ұлт болып қалыптасса, қазақы исламның бітім-болмысы, қазақ мұсылмандығы Ясауи ілімі арқылы қалыптасты.