Білімділік: Қазақ мемлекеттілігі қалыптасуында Ислам қазақ хандарының мемлекеттік идеологиясына айналғанын, исламның ханафиттік-сунниттік бағытының қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін орнықтыруға тигізген пайдасы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Ислам дінінің құндылықтары болып табылатын діни - сәулет ескерткіштері, ежелгі қалалар, кесене, медреселер туралы материалдарды тауып, слайд, бейне ролик жасауға баулу.
Тәрбиелік:Діни сауаттылыққа тәрбиелеу, рухани құндылықтарды, адамгершілік, имандылық қасиеттерді оқушы бойына сіңіру.
Сабақтың әдісі: өзара белсенділікті арттыру,өзіндік шығармашылық тапсырмаларын қорғау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тарихи ескерткіштердің суреттері , Абай, Шәкәрім, Ыбырай және қазақ хандарының суреттері мен еңбектері.
Қажылық жасау ақсүйектер үшін абыройлы міндет саналды
Ислам діні қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көрініс тапты
Ислам қазақ мемлекеттілігі қалыптасуында басты рөл атқарды
Келісемін өйткені
Келіспеймін өйткені
Қорытындылау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
ХХІ ғасырдың әлемдік ішкі тәртібі мен бет-бедері айқын сипат алған шақта, діннің шын мәніндегі өркениетті адами тәрбиені, демократияны ұлықтайтын асыл қасиеттерін халыққа жеткізіп, тарату және түсіндіру біздің халқымыздың рухани кемелдігін арттырудың кепілі және еліміздің қауіпсіздігінің құрамдас бөлігінің бірі .
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы халыққа жолдауында: «Біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдісін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз»,- деп атап өткеніндей республикамыз демократиялық, зайырлы мемлекет болғаннан кейін, елімізде адамзат баласының рухани ізгілікті өміріне, тәлім-тәрбиесіне,өркениетті қызмет ететін барлық діндердің діни еркіндігіне рұқсат етілген.
Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қолдау механизмі ретінде мәдениет және өркениеттер диалогын дамытуға Қазақстанның қосқан үлесі.Бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытындағы Қазақстан бастамалары Орталық Азия,Еуразия континенті мен бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жолында айтарлықтай маңызға ие болып отыр.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, ойындарға қатысу белсенділіктерін сараптап, мадақтау.
3.С.Кенжеахметұлы. Жеті қазына.Алматы «Ана тілі»,ЖШС 2001
4.С.Кенжеахметұлы . Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.Алматы «Ана тілі», 1994
5. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І,ІІ және ІІІ съездерінде сөйлеген сөздері. «Діндер үнқатысуы және адамзат тарихы». «Егемен Қазақстан».