Мысалы: «Білу»-мақсатына сəйкес: Қалай? Қашан? Қай жылы? Қайда? құрылымықандай? деп білеміз. «Түсіну»-мақсатына жету үшін берілетін сұрақтар түрі: Неге? Неліктен? Себебі?түсіндір, бірнеше тəсілмен шеш, тексер-деп; «Білу»
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру, оқытудың инновациялық нысандары мен əдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына жəне кəсіптік құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда» атты мемлекеттік бағдарламасы жəне педагогтердің кəсіби құзіреттілігін дамыту мақсатында жоспарын жүзеге асыруға бағыттай отырып, оқушылардың алған білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету, сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады. ХХІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дəуірі. Оған лайық болу, көштен қалмау – мектеп ұжымының негізгі ұстанымы. Осыған орай ресурстық орталықпен байланыс орнатып, ақпарат көздеріне тез қол жетімділік қамтамасыз етілді. Ресурстық орталығының жоспары негізінде қазан, қаңтар, сəуір айларында өтетін сессия жəне сессия аралық кезінде бақылау тестілеу алынып, мониторинг шығарылып отырады. Шағын мектептерге көңіл бөлу, оларға жəрдем беру арқылы болашағымызды бəсекелестікке лайықты тəрбиелеп, білім беріп дамытамыз, «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деп ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы орынды айтқанын қазір қазақ зиялылары ғана емес, бізбен отандас өзге ұлт өкілдері, солардың озық ойлы, білімді азаматтары да толық мақұлдайды. Халқымызда ұлы мұраты жастарға халықаралық деңгейде білім беру, ол мұратқа жетудің алғашқы баспалдағы мектеп, соның бəрі шағын мектепте өркен жаяды.
Қазіргі педагогтің кәсіби бет-бейнесін дамыту.
Мысалы: 1) «Білу»-мақсатына сəйкес: Қалай? Қашан? Қай жылы? Қайда? құрылымықандай? деп білеміз. 2) «Түсіну»-мақсатына жету үшін берілетін сұрақтар түрі: Неге? Неліктен? Себебі?түсіндір, бірнеше тəсілмен шеш, тексер-деп; «Білу»-оның себебін неде екенін айқындайды? 3) «Талдау»-мақсатына жету үшін ұғымдарды салыстырады айырмашылығы неде ?Ұқсастығы неде екенін басты идеясын бөліп шығарады. 4) «Жинақтау»-тапсырмаларын орындату кезінде оқушылардың өздеріне күш салып,бір-бірінен туындайтын тығыз байланыстағы сұрақтарға жауап алу арқылы диалог жүргіземін. Бабанский айтуы бойынша «толық жəне дұрыс» көрсеткіштерге сəйкес келеді. Сонда оқушы өзіне сенімді,адамгершілігі мол,намысшыл ер азамат болып өседі. Оның сапасы арта түседі. Дарынды балалар көбірек болады. «Дарынды балалар оқыту жəне тəрбиелеу»-тақырыбында. Білім беру сапасы-қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нəтижесі. Сондай-ақ жеке тұлғаның кəсіптілігінің қалыптасуын жəне даму болашағының қажеттілігіне айқындайтын əлеуметтік категория. Сапа өзінен келмейді, оған жетудің жолдарын қарастыру мұғалімінің қолында. Оқушыға жүйелі білім беруде əр түрлі технологиялық əдістерді тиімді қолдана білу, əр мұғалімнің біліміне,біліктілігіне шеберлігіне байланысты. Кез-келген сабаққа жаңа технологиялардың элементтерін пайдалану, əр оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін танымдық қабілетін, білім деңгейін дамыту қажет.
Шағын жинақты мектепте жұмыс істейтін мұғалімдердің жұмыс істеу мүмкіндіктері де ерекше. Себебі, көп нəрсе оның қабілетіне жұмысқа деген мүмкіншілігіне,жауапкершілігіне байланысты.Ол бес аспан маман болуы тиіс.Мұғалім өз білімін тұрақты көтеріп отыру қажет. Оқу процессі барысында болып отыратын əр түрлі жаңалықтардан тыс болып қалмауы үшін ол əрдайым білімін жетілдіріп отыруы керек.Шығармашылық шеберлігі заманға сай болуға тиіс.Менің өзекті мəселем:Оқушылардың өзбетінше ізденіс дағдыларын жетілдіріп,шығармашылық қабілетін дамыту.Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру шағын жинақты мектептегі сабақтың негізгі бөлігін құрайды.Оқушылардың өзіндік жұмысына сабақтық екіден үш бөлігі,мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмысқа сабақтың бірден үш бөлігі кіреді: 1) Мотивациялық-бағдарлау кезеңі: мұнда оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатымен, жаңа тақырыптық міндеттерін түсіндіру, білімін теңдестіру мақсатында өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыратындай проблемалық жағдаяттар тудырады. Оны шешуді оқушыларға тапсырамын.Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы ой түйін жасап,жаңа сабаққа байланысты өзіндік пікірін айтуға жəне оны дəлелдеуге үйренеді. 2) Операциялық-орындаушылық кезең: бұл кезенде оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру-сабақтың негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан бұл кезеңде тапсырмалар сыныптағы əр оқушыға жеке беріліп,олардың өзіндік жұмыс жасауына негізделеді. Жеке тұлғаны дамыту мен тəрбиелеуде,білім берудің басымдығын түбегейлі өзгертуде,оқушының жалпы психологиялық дамуының мүмкіндік деңгейіне қол жеткіземіз оның маңызы өте зор.
3) Рефлексиялық-бағалау кезеңі: мұнда ойын-жаттығуларынан,тест сұрақтарынан тұрады. Əр тапсырманың жауабы тексеріліп жинаған ұпай санына байланысты оқушы өзін-өзі бағалайды. Сабақта өзін-өзі бағалау жүйесін енгізу нəтижесінде əр оқушы өз білімін бағалауға жəне алған білімдерін өмірде қолдануға,өз ой-пікірін дəлелдеуге үйренеді.Осы үш бөлім бойынша «Бастауыш сынып əдістемесі» Республикалық ғылыми-əдістемелік педагогикалық журналға №6(31),2015 жылғы Сауат ашу сабағынан «У дыбысы мен əрпі» басылып шығарылды.Осы үш кезеңді айқын көрсеттім. Шағын жинақталған мектептің бастауыш сыныптарында функционалдық сауаттылығын арттыру қажет. Ол үшін: көп мəрте қайталау, міндетті түрде кезең сайын бақылау, ірі блоктармен оқыту, ойындарды қолдану, жеке тұлғаға бағытталған тəсіл, мəжбүрлемей оқыту; шиеленіссіз оқыту, оқыту мен тəрбиені ұштастыру қажет. Осыған орай мұғалім құзыреттілікке тірек белгілері негізінде оқытса көптеген қасиеттерге ие Болады. Жеке еңбексүйгіштік,көрегендіктің арқасында компонентілігі Сабақтадамытсақ,білімді,шығармашыл,жан-жақты, өз отанын сүйетін –патриот оқушы тəрбиелей аламыз. Теориялық мəселелерді терең түсіну оқушыларда өз кушін іс жүзінде көрсем деген талап туғызып 2017 жылы EXPO кезінде 12-жылдық мектеп деңгейіне жетіп, үлес қосамын. «Мен үшін жақсы мұғалім бəрінен де артық, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі.» - Ы.Алтынсарин.