Сабақ тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш»



Дата23.08.2017
өлшемі67,46 Kb.
#25138
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін,онгың құрылу тарихы және авторларымен таныстыру.

2. Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүйе отырып, елінің рәміздерін, тілін, дінін құрметтеуге тәрбиелеу. Туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, өз Отанын қорғауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушының сөздік қорын, , ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, бейнелеу, музыка.
Сабақ көрнекілігі: плакат, портреттер,карточкалар, мемлекеттік рәміздер.
Сабақтың эпиграфы:


Биік ұста тәуелсіздік жалауын,

Бірлік, достық, бейбітшілік қалауың.

Мерейлі жыл 25 жылдың құтты болсын,

Бақ кетпесін әр үйіңнен қазағым! - дей отыра бүгінгі «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» атты тәрбие сағатымызды бастайық.

Әнұран орындау

-Біз тәуелсіздік туы астындаөмір сүріп жатырмыз. Біздің ел жер көлемі бойынша 9 орында.

- Балалар! Тәуелсіз ел болғанымызға биыл неше жыл толып отыр?

-25 жыл.

-Біздің еліміздің қандай рәміздері бар?

-Енді балалар Қазақстан Республикасы мен мемлекеттік рәміздер жайлы мақлұммат бере кетейік.

1-оқушы Сағыныш

Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін толарсақтан саз кешкен.
2-оқушы Айзада

Мемлекеттік рәміздер- еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгінгі және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
3-оқушы Шыңғыс

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, болашаққа арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. 
“Біз Тәуелсіздікке аңсап,зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек.

4-оқушы Мади

Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев нақты дәлелдеді 

5-оқушы Аңсар

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Сұрақтар (Сұраққа жауап берген оқушыға жетон беріліп отырады да, сабақ соңында білімді оқушы анықталады)
1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
2. Оның өз рәміздері бар ма?
3. Қазақстан байрағында не бейнеленген? Түсі қандай?
4. Елтаңбада не бейнеленген?
5. Қазақсатн Республикасы әнұранының сөзін және әнін кімдер жазған?
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қай тіл?
7. Тәуелсіздік күні қашан?
8. Туған ел, жер туралы мақал – мәтел айтшы.
9. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
10. Қазақ батырларын ата

Мұғалімнің сөзі:
Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков және Шота Аман Уалиханов
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңба негізі-шаңырақ.ол- елтаңбаның жүрегі.Шаңырақ-отбасының бейнесі. Қанатты тұлпар –ұшқыр арманның, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі.Бес бұрышты жұлдыз гербтің тәжі іспетті. 

Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің

Бабам тұлпар жаратты
Құлынын да танып – ақ 
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ

Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде
Нұр төгеді елтаңба
Ақ Орданың төрінде

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға
Қалай оның елтаңбасы болмайды
Түлегіне дейін салса ен – таңба ?!

Мемлекеттік тудың авторы – Шәкен Ниязбеков(портретін көрсету)


Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме.Оның ортасында арайлы күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн-қозғалыс,даму, өсіп-өркендеудің белгісі. Қанатын жайған қыран құс-бар нәрсенің бастауындай , билік, айбындылық бейнесі. 

Енді бүгін өлген туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырды
Босағада қалып келген Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.

Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта 
Кім айта алар
Болмаған, - деп - Әнұран?!
Әнұран орындалады.
Мұғалімнің сөзі:
- Сонымен балалар Қазақстан қандай ел болды? Мына картаның тұсына ойларыңды жазыңдар!

көпұлтты бейбіт 

дамыған ел

жасампаз құқықты

Сабақты қорыту:

Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды аяқтаймыз!

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет