Сабақтың тақырыбы: «Етістіктің райлары туралы түсінік»



Дата24.05.2017
өлшемі59,25 Kb.
түріСабақ
129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: «Етістіктің райлары туралы түсінік»

Пәні: Қазақ тілі

Пән мұғалімі: Қожаріпова Күмісқал

Сыныбы: 7 сынып

Тақырыбы: Етістіктің райлары туралы түсінік 

Сабақтың мақсаты: етістіктің райлары және оның жасалуы мен ерекшеліктері жайлы білім беру және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке, ынтымақтастыққа қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі шешендік өнерді бағалауға баулу, сонымен бірге, туған жерін елін құрметтеуге, имандылыққа, қайрымды бола білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс

Көрнекілігі:  тірек-сызба, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру сәті:

а) Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
ә) Оқушыларды топқа бөлу



«Кім жылдам» әдісі бойынша үй тапсырмасының сұрақтарына жауап береміз.


  • Етістікке сипаттама беріңіз.

  • Қалып етістіктерін атаңыз

  • Есімшенің жұрнақтарын атаңыз.

  • Көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.

  • Етістіктің шақтарын атаңыз.

  • Етіс түрлері.

  • Осы шаққа мысал келтіріңіз.

  • Келер шаққа мысал келтіріңіз.

  • Өткен шаққа мысал келтіріңіз.

  • Құттықтаймын! Ұтысқа ие болдыңыз!

  • Жедел өткен шаққа мысал келтіріңіз.

  • Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?

  • Тұйық етістікке мысал келтіріңіз.

  • Мақалдың жалғасын табыңыз. Жақсыдан жаман туар азбақ үшін, 

  • Синонимдес тұрақты тіркестерді табыңыз.

(Жауап берген әр оқушыға сурет қиындылары беріліп отырады. Суреттерді құрастыра отырып оқушылары екі топқа бөлінеді. Күздің суретін алғандар «Болашақ» тобы, Жаздың суретін алғандар «Энергия» тобы деп аталды.)

Жаңа сабақ: Етістіктің райлары туралы түсінік

Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі рай категориясы деп аталады. Етістік қимылды, іс-әрекетті білдірумен қатар, сол қимылдың , іс-әрекеттің қалай және қашан іске асуын, ақиқат шындыққа қатысын да білдіреді. Міне, осы соңғы мәні етістіктің рай түрі болып табылады. Етістіктің райлары қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.

Схема арқылы толық түсінік береді.

  Семантикалық картамен жұмыс

Мысалдар

 

 



 

 

Рай



Ата- ананың қадірін білмесең, басқа біреудің жақсылығына баға бере алмайсың

Адамдар қоршаған ортаны бүлдірмегей

Берекені көктен тілеме, еңбектен тіле

Өз ұлтымның жанашыры боламын

Ашық

 

 

 

 

Бұйрық

 

 

 

 

Шартты

 

 

 

 

Қалау

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс.

144-жаттығу. Тапсырманы көшіріп жазып, етістіктердің

жасалуына, қай шақта тұрғанына көңіл бөліңдер.

145-жаттығу. Мәтінді оқыңдар. Етістіктерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңдар.



Суреттер сөйлейді.

Қазақтың ұлттық аспаптарының суреті берілген.  Етістіктің райларын қатыстыра отырып, сөйлем құрау



Берілген етістіктерді жіктеңдер.

«Болашақ» тобы



  1. Барсаңдар.

  2. Айтармыз.

  3. Жазғызсам.

«Энергия» тобы

  1. Жазсаңыз.

  2. Барыңдар.

  3. Болғайсың.

177-жаттығу. Төмендегі кесте бойынша

Іс-әрекеттің өз қалауыңды, пікіріңді білдіруі

Іс-әрекетті жасауды міндеттеп бұйыру

Жүзеге асырылған қимыл әрекетті бүкпесіз хабарлау










3 сөйлемнен жазып шығыңыздар.

 

Үйге тапсырма:



  1. Ережені жаттау.

  2. 177-жаттығу. Өлең жолдарындағы етістіктерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасаңыздар.

  3. Рай түрлерін қатыстырып «Атаның баласы ғана емес, адамның баласы болсам…» деген тақырыпқа шығарма жазу

Кері байланыс: Экспо және рай категориясы

Бағалау. Өзін-өзі бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу