Тақырыбы: Сөз мағынасы және оның түрлері



Дата14.02.2022
өлшемі17,71 Kb.
#131717

Тақырыбы: Сөз мағынасы және оның түрлері
Сөз — дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұрады. Әрбір сөз белгілі 6ip зат пен құбылыстың аты, ол сөздердің әрқайсысына тән белгілі мағынасы бар. Бірақ бұл мағыналар өзі білдіретін зат пен құбылысты табиғи жолмен емес, сол ұғымды білдіретін белгі ретінде жұмсалады да, бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей түсінікті болады. Сөздің мағынасында әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі, бояуы, өзіндік мәні, сипаты болады.
Сөздің белгілі бір дыбыстық қүрамда айтылуы оның формасы десек, сөз мағынасы оның мазмұны болмақ. Сөз — aca күрделі тілдік түлға болғандықтан, ен алдымен, сөздің мағынасы мен сөз арқылы берілетін үғымның арақатынасы аныкталады. Мысалы, cym, нан, қapa, көк, оқ, сол, бес, он деген сөздердің дыбыстық қүрамы мен оның білдіретін мағынасының арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды, өйткені, ондай дыбыстық құрамның қай қайсысы болмасын белгілі бір ұғымның аты яки белгісі есебінде қызмет ететін дыбыстық комплекс я сөз деп аталады.
Сөз мағыналары — негізгі мағына және туынды мағына болып екіге бөлінеді.
1. Синоним - мағынасы жағынан бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: Қысқа-келте-шолақ; мықты - берік-күшті; сыйлау-қадірлеу-құрметтеу.
2. Антоним - тіліміздегі кейбір сөздердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. М: ұзын-қысқа, жеңіл-қиын, қара-ақ, ыстық-жылы.
3. Омоним - тіліміздегі кейбір сөздердің дыбысталуы бірдей болғанымен, мағыналары бөлек сөздер. М: Ай - түнде жарық сәуле беріп тұратын планета. Ай- жылдың 12-ден бір бөлігін қамтитын мезгіл. Ара-жәндік, ара-құрал.
Тура мағыналы сөз –айтушы мен , тыңдаушыға ортақ ұғымды білдіреді. М: мал, шөп,жеті,ертең,кел,ақ
Сөздің ауыспалы мағынасы –тура мағынадан дамып, келіп,қосылған мағына.М: қол бастаған батыр, ақ көбейді,таудың етегі, үйдің қабырғасы,бір тұяқ қалмапты,аң жыртқыш, ашулы қайратты,тағы долы.
Фразеологиялық тіркес - құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі.М: сүттен ақ,ақылға сыймау,тісжармау.

Тапсырмалар:

  1. Сөйлемдерден қарамен терілген сөздердің мағынасын анықтаңыз (тура немесе ауыс мағына ма, фразеологиялық байланыстан туған мағына ма).

Тура мағыналы сөздер; ойды
Ауыспалы мағыналы сөздер; суық хабарлар, қайнап кеткен, шайына апарып түсірсе,
Фразеологиялық тіркес сөздер; жер бауырлап бүксие берді,

  1. Синоним – кесе-көлденең

  2. Антоним – асты-үстіне, үлкенді-кішілі,

  3. Омоним - ойды мен өсірген емеспін, Сапар- өмірдің баспалдағы

1. Адам әлі білмеген, талай жұмбақ сырың да, жырың да бар –ау табиғат- ана! (Ғ.М.). 2. Бұл кезде менің миым асты-үстіне келіп қайнап кеткен (Ғ.М.).
3. Бақшаның мен жақ шеткі ағаштары кесе-көлденең жапырылып, жер бауырлап бүксие берді (Ғ.М.).
4. Дүние желі олай соғып, былай соғып, бір теңбіл шаңды соның ішіп отырған шайына апарып түсірсе, қандай жақсы болар еді дейді (Ғ.М.).
5. Жоқ, ол ойды мен өсірген емеспін (Ғ.М.).
6. Шіркін, сапар шегу қандай жақсы! Сапар- өмірдің баспалдағы (Ә.Нұрш.).
Алып таудың төсінен шыққан үлкенді-кішілі өзендердің бәрі неше алуан жыр шырқап, соған келіп қосылады (Ә.Нұрш.).
7. Бақтығұлға алғашқы күндерден бастап-ақ суық хабарлар жетіп жатты (М.Ә.).
2. Сөздердің мағынасын анықтаңыз.
Берілген сөздердің әрқайсысын түрліше мағынада қолданып, сөйлем құрап жазыңыз.
Айналу, асу, байланыс, бұрыш, дала, жұрт, кебу, кең, қалың, қарақшы, мүше, орта, тамыр, тізгін, орта, тарту.
Дала кезген жұрт. Қалың жұрт таудан асты. Тау тастың әр бұрышында қарақшы. Кең далада жұрт тізгіндеп келе жатыр.
3. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бас сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.
1. Шыңғыс басына тақия киді. Шыңғыс тау, адам аты.
2. Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты. Бір сан, бір болу мағына.
3. Бас бәйгені бермедің. Бас адам басы , бас қосу , бір затты бас мағынасын да.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет