Астанам- бас қалам !
Мақсаты: Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Көңілді орта қалыптастыру. Бас қала Астана туралы әндер мен өлеңдер үйрету,сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Туған ел тарихымен таныстыру.
Құрманғазының «Сарыарқа» күйі баяу дауыспен ойнап тұр. Қолда бардан құрастырылған көрме бұрыштары, суреттер қойылған.
Жүргізуші: Ей Астана!
Сен деген туған елдің жүрегісің,
Өзінен бастау алар өрелі ісін.
Шаһарлар болып жатыр, бірақ та сен,
Бәрінен бірегей, бөлегісің.
Астанам – Асқарымдай көрінесің.
Өлең бөп көкрегімнен өрілесің.
Қадірлі балалар! Бүгінгі салтанатты мерекеміз Астана күні құтты болсын! Егеменді еліміздің ертеңгілігін Әнұранмен бастайық.
Әнұран орындалады.
Жүргізуші: Жаңарған елдің жас болашағы сендерсіңдер, дендерің сау болып ел қорғайтын азамат болып өсіңдер.
Азиза: Жарық болса күніміз
Жарқын шығар үніміз.
Елін сүйіп ер жетер,
Біз болашақ гүліміз.
«Қуаныш» тобының балалары орындауында «Біз өмірдің гүліміз» ән мен биін қабыл алыңыздар.
Батиржан: Давайте Родину сегодня будем славить!
Поля и реки, горы и моря
Все это ты, Казахстанская земля!
Гүляра: Отан деген-атамекен!
Отан деген-туған жер.
Отан-ана, отан-улкен
Қазақстан туған ел!
Зарнигор: Астана-Азияның ару қызы
Ай қабақ, жайна шуақ жүзі қандай
Ақ гүлдей сүйгің келер үзіп алмай.
Астана – Азияның жас қаласы
Нозанин: Киелі менің Ақордам
Арудай сұлу таранған
Береке, бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.
Роза: Жайнай бер, жаңа Астанам!
Ертегідей ғажар бас қалам
Ынтымақтың тербеп бесігін
Тәуелсіз ел көшін бастаған
Есіктен, алақ-жулақ етіп, аптығып Еркежан кіреді де асығын шашып жіберіп ойнай бастайды. Артынан ентігіп Әжесі кіреді.
Әже: Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар.
Ал оқу оқыған озар,- демеушіме еді? Биыл мектепке тағы бармай қалдың. Осы жалқаулықтан қашан құтылар екенсің?
Еркетай: Бармаймын мектебіңе мен әлі кішкентаймын! Екеуі айтысып жатқанда есіктен тәрбиеші апай кіріп келеді..
Сәлеметсіз бе, Әже!
Ой айналайын, амансың ба? Мына баланың әурегершілігімен шаршадым. Ьір ауыз ақылыңды айтшы қарағым.
Сағатына қарап, мен балабақшаға бара жатыр едім, апасы,қаласаңыздар бірге жүріңіздер. Онда балалар Республика күнін атап өтпекші.
Жүр, балам, тым болмаса, балабақшаның қандай екенін көрші деп,- ертіп келеді.
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе апай!
Балалар бізге қонақтар келді, орталарыңнан орын беріңдер.
Балалар мереке үстінде мен сендерге елтаңбамыз бен жалаушамыз жайлы түсінік берейін.
Міне мынау елтаңбамамыз. Көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, Шаңырақты күн сәулесіндей айнала үықтар қоршайды. Мынау аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаттары. бас жағында 5 (бес) бұрышты жұлдыз. Ал аяқ жағында «Қазақстан» деген жазу бар.
«Қарлығаш» тобының орындауында «Достық» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Ал мынау еліміздің жалауы. Түсі көгілдір ашық аспан түстес. Ортасында шұғылалы алтын күн. Күн астында қалықтап үшқан қыран. Сол жағында тік жолаққа қазақша өрнек салынған. Міне бұлар, еліміздің символдық белгілері. Кәне ендеше слайд-шоу арқылы Астана қаласына саяхат жасаймыз.Теледидарға назар аударыңыздар.(Балалар теледидарда Астананың ең көрікті жерлерін тамашалайды )
-Ал енді балалар өздерің дайындап келген өнерлеріңді ортаға салыңдар. Қонақтар тыңдасын.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Ендігі кезек «Қуаныш» тобының орындауында мақал-мәтелдер тыңдаймыз.
1. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»
2. «Родина-золотая колибель!»
3. «Нет земли родной краше!»
4. «Отан елдің анасы, ел ердің анасы»
5. «Отан үшін отқа түс, күймейсің»
6. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл»
Жүргізуші: Рахмет, балалар сендер қандай білімдісіңдер, ана тілі мен қоса орыс тілін де меңгеріп алыпсыңдар.
(Осы кезде «Әдемау» әніне сән үлгілірімен қыздар кіріп келеді)
Қандай әдемі сәндер! Қыздар бұл көйлектерді не үшін киіп келдіңдер? Сендерге кім көмектесті?
Қыздар: Біз бұл сән үлгілерді Астана күніне тарту етіп келдік. Бізге балабақша суретшісі Ширин апай және тәрбиеші Жанар апайлар көмектесті.
Жүргізуші: Рахмет қыздар, сәндерің шынымен-ақ өте әдемі екен.
. Балалар сендер президентіміздің кім екенін білесіңдер ме?
-Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы.
- Дұрыс айтасыңдар балалар еліміз сәулетті, бай болу үшін ата-бабаларың өмірлерін қиды. Ал енді солардың ерліктерін біліп, үйреніп өсу сендердің міндеттерің.
Еркетай: Апай, апай мен бәрінде түсіндім. Ақын да, батыр да менің бабаларым болғанда, мен қалайша әжемнің Еркетайы болмақпын. Әжемнің қолғанаты боламын.Сіздерден тәрбие алып мектепке барамын.
Әже: Қарашығым менің, құлыным менің, бәсе менің күнім осындай ақылды болу керек.
Жүргізуші: Жайнай бер, жаңа Астанам,
Ертегідей ғажап бас қалам.
Ынтымақтың тербеп бесігін,
Тәуелсіз ел көшін бастаған,
Сәулеңді шаш еліңе,
Нұрыңды төк жеріңе
Киелі менің Елордам,
Бақ болып қонған төріме.
Мәне қадірлі балабақша ұжымы, сүйікті балалар сонымен Астана күніне арналған мерекелік ертеңгілігіміз де өз мәрресіне жетті.Барлық балалар, тәрбиеші апайлар, астана вальсіне би билеп қоштасады. Өнерлерің көкте самғай берсін балалар!
«Бекітемін»
«Шапағат» балабақшасының
меңгерушісі: Ж.Ж. Татишбаева
« 06 » 11. 2014 жыл
«Күзгі орман тойы!»
Ойын-сауық
өткізгендер: барлық топтар
музыка жетекшісі: Х. Абдираимова
Күзгі орман тойы !
Мақсаты:балалардың күз мезгілі туралы түсінігін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, күз мезгілінің ерекшілігін бақылай білуге,табиғатты аялуға, әсемдікті көре білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу,жанураларға қамқор болуға үйрету.
Қатысушылар: Күз ханшасы, күз айлары, қояндар, тиін, кірпі, аю, қарға, орман әжесі, орман патшасы , көкөністер, жемістер.
Балалар музыка ырғағымен залға кіреді,қолдарында жапырақтармен билейді.
«Балдәурен» тобы «Листопад» биімен ортаға келеді.
Ортаға Күз айлары келеді.
Қыркүйек:Күннің көзі ашылды
Көкке шуақ шашылды
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Ал кәнекей бәріміз!
Сәлем дейік үлкенге.
Қазан: Түсіп жатыр аулада,
Ағаштардан жапырақ
Алтын күзім келді ме?
Сарғайыпты жапырақ?
Қараша: Жемісті мол теретін
«Күз» дос екен біздермен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен «Күз» деген!
Көңілді вальс ырғағымен Ортаға Күз ханшасы келеді.
Күз: Сары жібек көйлегімді желбіретіп
Жапырағын ағаштың селбіретіп
Тойға бөлеп елімді «Күз» боп келдім
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Балалар сендер мені білесіңдір ме?
Балалар: Күзсің
Жарайсыңдар балалар! Мен барлық балабақшаларды аралап жүрмін, бүгін сендердің күзгі дайындықтарыңды көрейін деп келдім.. Айтпақшы менің қасымда көмекші достарым бар еді ғой , олар қайда қалып кетті екен?
Осы кезде үнтаспадан желдің дауысы естіледі. Желмен ауызында хат Қарға ұшып келіп хатты ортаға тастап кетеді.
Күз: балалар бұл қандай хат болды екен? Оқып көрейік.
«Қадірлі «Шапағат» балабақшасының балалары мен сендерді орман патшалығыныңың «Күзгі тойына» шақырамын!»
Қазан : Біз көңілді баламыз,
Орманға біз барамыз
Күзгі орманның тойында
Би билеп ән саламыз
Орманға барғанша жол қысқарсын ән айтып би билеп барайық
Ән: «Топ,топ» «Балдәурен» тобы
Қараша: балалар тоқтап бір ойын ойнап алсақ қайтеді?
Ойын: «Түрлі-түсті жапырақ» балалар үш себеттің түсіне қарай жапырақтарды дұрыс жинау керек.
Қыркүйек: міне жапырақтарды жинап орманға да келдік.. Сендер орман
туралы не білесіңдер?
Ән: «Лес, лес тишина»
Би: «Дождь и радуга» «Қарлығаш» тобының бишілері орындайды
Күз: сендер недеген ақылды едіңдер.Күз туралы білгендерің көп екен. Бойларың өсіпті,білімдерің асыпты, рахмет сендерге.
Үйшіктің артында тығылып отырған қояндар өздерінің биімен ортаға келеді.
«Балдырған» бірінші сәбилер тобының өнерлерін тамашалаймыз.
Би: «Кішкентай қояндар»
Ойын: «Сәбіздермен ойнаймыз» ойналады.
Қоян: көжектерім қараңдар......
«Жүрген жері күлкі, бізге келді Түлкі»
Түлкі: «Кел сұр қоян,тойлайық
Балалармен ойнайық»
Ойын: «Қояндар мен құ түлкі» ойыны ойналады.
Күз: А-а-а-а сендер мұнда жүр екенсіңдер ғой аю, кірпі қайда?
Қоян: мен білмеймін жаңағы желмен ұшып кеткен шығар.
Бұл кезде үйшіктің ішінен орман әжесі шығып сендер неге шұлап кеттіңдер? Мұнда не болып жатыр? Менің тыныштығымды бұздыңдар. Сендердің достарыңды мен жасырып қойдым жібермеймін.
Күз: Әже неге ашуланасыз біздің достарымызды жіберіңізші өтінеміз.
Әже: Жоқ жібермеймін,егер сендер менің тапсырмамды орындасаңдар жіберемін.
Қоян: Ол қандай тапсырма екен?
Әже: Менің жұмбақтарым бар соны шешесіңдер.
Күз: Балалар бізге көмектесесіңдер ме?
Балалар: иә
Әже: Күннен көзін алмайды
Мойны бірақ талмайды (Күнбағыс)
Аласы бар, жасылы бар, көгі бар,
Ішін ашсаң қара мөлдір дәні бар (Қарбыз)
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әкем суырып (Сәбіз)
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты (Алма)
Қызыл жасыл кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады толқиды (Жапырақтар)
Үстінде тігіп дәу шатыр
Астында қызғылт дән жатыр (қызылша)
Әже: сендер өте тапқыр екенсіңдер, жарайсыңдар!
«Жемістер мен көкөністер» биімен «Балауса» екінші кіші тобы ортада өз өнерлерімен тамашалаймыз.
Әже: М-м-м-м жарайды мен сендердің достарыңды жіберемін бірақ меніде тойға алып барыңдаршы? Менде сендер мен орман тойына барғым келіп тұр. (әже кірпі, қоян,аю, түлкіні үйшіктің ішінен шығарады)
Күз: жарайды бірден соны айтайсыз ба? Барлығы бірге қосылып орман патшалығына келеді.
Орман патшасы:Қош келдіңдер! Менің кішкентай достарым келгендерің қандай жақсы болды. Төрлетіңдер тойымыздың құрметті қонағы болыңдар!
«Қуаныш» тобының балалары «Алма» ертегісін сахналап көрсетеді
Әуенді ырғақтық қимылды ойын: «қоян, кірпі, аю»
Ән: «Күз келіпті көңілісіз»
Би: «Қырманға кел қалқатай»
Күз: Рахмет сендерге менің өнерлі достарым!
«Қарлығаш» тобының өнерлерін тамашалаймыз.
Ән: «Осень наступила»
Тақтақтар:
Би: «Шиуава»
Қарлығаш тобының балалары өз қолдарымен істеген күз дәмдерін орман патшалығына сыйға береді.
Орман патшалығы: Ұрыспайық, достасайық
Көңілді боп жарасайық
Мерей тойға жараса
Би билейік тамаша!
Тойымыздың соңында өздеріңе беретін сыйлығымды қабыл алыңдар!
Күз: Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,
Тілектермен нығайысын мерекеміз
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осыменен аяқталды мерекеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |