- Пәні: Сауат ашу 9.12.2013ж.
-
- Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі.
- Сабақтың мақсаты:
- Білімділігі: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілгенді оқу
- мен жазуға үйрету.
- Дамытушылық: Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың
- білімі мен тілін, сөздік қорларын дамыту.
- Тәрбиелік мақсаты: Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, өнерге
- тәрбиелеу.
- Әдісі: ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру.
- Түрі: аралас сабақ
- Көрнекілігі: слайдтар, кеспе әріптер, оқулық, дәптер, ойындар.
- Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру (1 слайд)
- Балалар, бүгін ерекше күн. Себебі, сабағымызға көп қонақтар келіп отыр.
- Олай болса, қонақтарымызбен сәлемдесейік. Құтты қонақ келіпті, төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге, тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнеки бәріміз, сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме, апайлар мен ағайлар!
- ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(2 слайд)
- *Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?(щ)
- *Щ дыбысы қандай дыбыс?(дауыссыз, қатаң)
- *Щ дыбысына байланысты қандай сөздер білесіңдер?(щи, борщ, щетка,ащы,тұщы)
- *Тақтаға осы сөздерді жеке – жеке жаздыру
-
- ІІІ. Жаңа сабақ.(3 слайд)
- Жұмбақ
- Аяғын жерге тірей қалып,
- Шеңбер сызды шыр айналып.
- (Циркуль)
- Оқушыларды ц дыбысымен таныстыру.(4 слайд)
- *Ц қатаң дауыссыз дыбыс. Ц дыбысы орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде кездеседі.Ц дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі.
- *Ц дыбысына байланысты суреттер көрсетіп, оларды буынға бөлдіріп, ц дыбысының сөздің қай жерінде кездесетінін оқушыларға анықтату.
- *Цех, цирк, концерт, цифр сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- ІҮ. Сергіту сәті(5 слайд)
- Дөңгелене тұрамыз,
- Керегені құрамыз.
- Уықтар боп иіліп,
- Шаңыраққа киіліп
- Достық үйін құрамыз.
- Ү. Оқулықпен жұмыс(6 слайд)
- “Цирк”мәтінін оқу
- *Оқушыларды тізбектей оқыту
- *Тапқышбектің шарындағы шашылған буындарды оқып, дыбыстайды
- * “Концерт” тақырыбына әңгіме құрастыру.
- Мыс: Досан домбырамен күй тартты. Маржан “Айгүл” би тобына қатысады. Айбек өлең оқыды. т.б
- ҮІ. Өз өнерлерін көрсету(7 слайд)
- * Балалар, З дыбысын өткенімізде қандай өлең жолын жаттадық?
- * Қане,асықпай бәріміз қосылып айтайық. (Қазақстан – менің Отаным)
- Асыл өлкем, ерекше,
- Қазақстан мекенім!
- Бәрімізге белгілі,
- Сенің қандай екенің,
- Биік болсын шоқтығың,
- Атыңды айтам қуана.
- Желбірейді көк туың,
- Төбемізде мәңгілік.
- * Өте жақсы айттыңдар балалар, бұл өлең жолын сіздер Тәуелсіздік мерекесіне арнап айттыңыздар - деп есептеймін.
- ҮІІ. Дәптермен жұмыс(8 слайд)
- * Ауада көрсету, жазу.
- *Дәптерге жазбас бұрын, не айтуымыз керек?
- *Балалар, Ц әрпінің бас әрпін жазу үшін И әрпін еске түсірейік, доғал түрде бастап, көлбеу таяқшаны екі ілмек арқылы жазып, ырғашақ саламыз. *Кішкене ц әрпін екі ырғашақты қосып жазу арқылы ілмек салып жазамыз.
- * Міне, балалар бұл үлгілер дәптерімізде тұр, енді көркем етіп жазайық.
-
-
-
-
- ҮІІІ «Кім шапшаң?» ойыны арқылы сабақты бекіту (9 слайд)
- * Бос торкөзге Ц әрпін қойып, сөздерді оқимыз
- * Сонымен Ц қандай дыбыс?
- * Цирктен сіздерге кімдердің, нелердің ойындары ұнайды?
-
-
-
-
-
- ІХ. Мадақтау(10 слайд)
- * Оқушыларды қатысымына қарай мадақтау
-
- Х. Үйге тапсырма
- * “Цирк” мәтінін оқу, жазуларын аяқтау.
Достарыңызбен бөлісу: |