Бейне фильм көрсету. П дыбысы туралы бейнефильм тамашалау, өзіндік ойларын ортаға салу.
Өлең шумағын мағынасына қарай толықтырып жазу.
Туған ... – тағдырым,
... кетсем, сағындым.
Сен ... жүректе
Таусылмайтын ән-... .
"Сауат ашу. Әліппе — дәптермен" жұмыс (44- бет). Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Балалар, суретте не көріп тұрсыңдар?
Пілдің үстіндегі ойыншыктарды ата.
Піл тұмсығымен не көтеріп келе жатыр?
Ол кай елден келе жатыр?
Көңілді піл немен ойнап келе жатыр?
П әрпіне байланысты сөздерді ата.
П әрпі жоқ сөздерді тауып ата.
Бүгін біз сабакта П әрпімен танысамыз.
- П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге нық тиіп, тез ажырап кетеді.
Қане, айтып көрейік.
Балаларға П дыбысын айтқызады.
Әріп таңбасын көрсетіп, оның неге ұқсайтынын балалардан сұрайды.
Піл сөзіне дыбыстык талдау жасату.
П дыбысы — дауыссыз дыбыс, көк түсті текшемен белгілейміз.
Екінші кандай дыбыс?
I дыбысы — дауысты дыбыс.
Қандай түсті текшемен белгілейміз?
Қызыл түсті текшемен белгілейміз.
Л дыбысы қандай дыбыс, қандай текшемен белгілейміз?
Л дыбысы — дауыссыз дыбыс, оны көк түсті текшемен белгілейміз.
Балаларға буын сөздері жазылған карточкаларды таратып, сөздер құрастыру.
Мысалы: па, та, на, ла, шу, са, т.б.
|