9 минут
Жаңа сабақ
Суретпен, видеомен жұмыс
|
Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру
Тұжырым:
Біздің ағзамыздағы негізгі мүшелердің бірі – бұлшық еттер. Бұлшық ет - денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-дан астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан.
Бұлшық еттер жұп болып жұмыс істейді. Біреуі жиырылғанда, екіншісі босайды. Шаршамай ұзақ жұмыс істеу үшін бұлшық еттерге кезекпен күш түсіру керек.
Сен білесің бе?
Адам ағзасында барлығы 640-тан бастап 850-ге дейін бұлшық ет бар. Адам жай жүргеннің өзінде 200 бұлшық ет қимылдайды.
Адамның ең төзімді бұлшық еті – жүрек, ең қысқасы – үзеңгі (ол құлақтағы дабыл жарғағын қатайтады).
Бір қызығы, жүрек пен жалпы бұлшық етке пайдалы өнім ащы шоколад екен.
Тапсырма.
Бұлшық ет қандай қызмет атқарады?
• Ескендір кітаптар салынған сөмкені бір қолымен жоғары көтерді. Екінші қолымен білектің
жоғарғы жағындағы бұлшық етті ұстап көрді. Ол қандай өзгерісті байқады?
Бұлшық ет ______________________________ (жиырылды, босаңсыды)
• Жүк көтерген қолды түсірді. Бұлшық етте қандай өзгеріс болды? Жаз.
Бұлшық ет ______________________________ (жиырылды, босаңсыды)
|