тоқсанның жиынтық бағалау жұмысы оқушының аты-жөні сынып



Дата01.01.2022
өлшемі19,91 Kb.
#107460
Байланысты:
8-сын ТЖБЖ-3 оқушыға


3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ЖҰМЫСЫ

Оқушының аты-жөні _______________________________________ 8 ____сынып

Ұзақтығы – 40 минут Оқылым – 20 минут Жазылым – 20 минут Балл саны - 20 Тапсырмалар түрлері: Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Көп таңдауы бар сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 2 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - оқылым, екінші компонент - жазылым және тілдік бағдар.

Оқылым

1-тапсырма Мәтіндерді оқыңыз, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыздар

1-мәтін Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойды. Өзіне жеке асқұйғыш - итаяқ әзір болды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Үй ішінен шықпайды. Түнде Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады. Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді, бірақ ауылдағы күшіктерден сонша үлкен емес. Осы уақытқа дейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Жаз ортасы ауған кезде Көксерек көк шолақ қасқыр болып шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды. Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде талай бұралқы төбет шәуілдей қашатын болды. Мынадай кезде Құрмаштың өзі де қорқатын.

2-мәтін Қасқыр - еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету өте қиын. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол тек қана балғын, жаңа етпен қоректенеді және өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді. Қасқырлардың тағы бір ерекшелігі аталық пен аналық қасқырлар жұптарын жазбай өмір сүреді. Бір-бірін ешқашан алмастырмайды. Оларды тек қана өлім ғана ажырата алады. Бала тәрбиесіне екі жақ та атсалысады. Бір-біріне деген адалдығы – қасқырлардың басты ерекшелігі. Аналық қасқыр ұйықтап жатқанда, еркек қасқыр күзетіп тұрады. Бұл жыртқыш аң бостандықты қалайды. Қақпанға түскен қасқыр аяғын тіспен кесіп, ары қарай жолын жалғастыра береді. Егер аңшылар қақпанға түскен қасқырды тез арада қолға түсірмесе, онда әлгі қасқырдың серіктестері оны жеп кетуі мүмкін. Себебі қасқырлар өзінің тобындағы ең әлсіз, ауру қасқырларды азық ретінде жеп қояды.

1. Қай тақырып екі мәтінге де ортақ? А) Қасқырды асырап алу В) Көкжалдың ерекшелігі С) Ауылдың аңыз-әңгімесі Д) Қасқырлардың тіршілік етуі [1]

2. Екі мәтіннен мына сөздердің синонимін табыңыз. а. бостандық - __________________________________________________________________ б. мал күзететін ит- _____________________________________________________________[1]

3. Бірінші мәтінде көтерілген мәселені анықтап, адам мен касқыр әрекетіне талдау жасаңыз. Жауаптарыңызды Венн диаграммасына түсіріңіз. Қорытындысын мақал түрінде шығарыңыз. [4]

адамның іс-әрекеті қорытынды қасқырдың іс-әрекеті





4. Сұраққа жауап беріңіз. -Егер сіз «Көксеректі » авторы болсаңыз, әңгіме мазмұнына қандай өзгеріс енгізер едіңіз? Сөйлемдердегі етістіктерді шартты рай формасында қолданыңыз. _____________________________________________________________________________ [2]

5. Екі мәтіннен қасқыр туралы түйгеніңізді жазып, бұл аңды қолға үйретемін дегендерге қандай кеңес берер едіңіз?! Сөйлемдердегі етістіктерді бұйрық рай формасында қолданыңыз. [2]

Жазылым



2-тапсырма Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз

1.Табиғатқа, жануарларға, құстарға адам қолынан қастандықтар көптеп жасалуда деген пікір айтылады. Бұған кім кінәлі? Осы көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқындап, «Табиғат –ортақ үйіміз» тақырыбына эссе жазыңыз. Жазба жұмысында күшейткіш, себеп-салдар үстеулерін тиімді пайдаланып, сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғауға мән беріңіз, сөйлем ішінде, соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.

2.Халқымыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бала – өте нәзік те сезімтал адам. Баланы қалайша тәуелсіз, бірегей, мақсатты етіп тәрбиелеуге болады? Өз позицияңызды ұстанып, аргументтер келтіре отырып, «Тәрбие тал бесіктен басталады» тақырыбына эссе жазыңыз. Жазба жұмысында күшейткіш, себеп-салдар үстеулерін тиімді пайдаланып, сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғауға мән беріңіз, сөйлем ішінде, соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.

3.«Махаббаттың символы ретінде нені ұсынар едің?» тақырыбына шағын эссе жазыңыз. Жазба жұмысында күшейткіш, себеп-салдар үстеулерін тиімді пайдаланып, сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғауға мән беріңіз, сөйлем ішінде, соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.



4.Қазақстандықтар мен меймандарды экотуризм аясында аталмыш аймаққа саяхат жасау үшін «Наурыз мерекесін бірге тойлайық!» жарнама мәтінін жазыңыз. Жазба жұмысында етістіктің шартты және бұйрық райларын орынды қолданыңыз, сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғауға мән беріңіз, сөйлем ішінде, соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет