Ойлау дағдыларының



Дата04.10.2022
өлшемі18,81 Kb.
#151688
Байланысты:
8 кл №2 бжб каз.т


Оқу мақсаты

8.4.1.1 Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіндердің тақырыбын, түрін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдайды

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма№1
Мәтіндегі күрделі- құрама атауларды кесте бойынша жазып шығыңыз.
Әлемдік мәдениет жалпыадамзаттық мазмұны бар рухани құндылықтар сипатын айқындау үшін қолданылатын күрделі ұғым. Әлемдік мәдениетті дүниежүзі сипат алған діндерге негіздеп христиандық, исламдық, буддалық мәдениет деп бөлу бар. Еуропалық әдебиеттерде кең тараған бұлай бөлуді шартты деп бағалаған жөн. Өйткені мұнда құндылық мәніне тек діни талаптар тұрғысынан ғана қарау нышаны байқалады.
Әлемдік мәдениет адамзаттың рухани дамуына тікелей әсер еткен және жоғарыда аталған діни мәдениеттерге де өз ықпалын тигізген жалпыадамзаттық мазмұндағы мұралар болып табылады және олар тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырылады. Ертедегі Үнді, Қытай, Мысыр, Грек, Рим мәдениеті, Орхон-Енисей ескерткіштері, ортағасырлық мұсылмандық және еуропалық қайта өрлеу дәуірлерінің мәдени ескерткіштері, Конфуций, Аристотель, Әбу Насыр әл-Фараби, Августин Б., Гегель еңбектері, М.Қашғари, Ж.Баласағұн шығармалары, Тәурат, Інжіл, Құран сияқты діни кітаптар – адамгершілік ережелеріне халықаралық дәрежеде негіз болған әлемдік мәдениет мұралары.
Музыкалық әуендер, саз аспаптары үндестігінің күшеюі, Қорқыт Ата, Асан қайғы сияқты аңыз алыптарының халықаралық кейіпкерге айналуы әлемдік мәдениет мазмұнын толықтырды.
Науаи, Абай, Низами, Пушкин, Байрон, Петефи, Мицкевич, Әуезов және т.б. ұлы есімдер тілі де, діні де бөлек елдердің рухани туыстығын жер жүзіне танытты.
Чайковский мен Бетховен, Құрманғазы мен Шопен музыкалары әлемдік мәдениет болып табылады.
Әлемдік мәдениет өзінің ұлттық өрісін дүниежүзілік дәрежеге көтерген мәдени туындылардан тұрады, адамзаттың рухани өркендеуінің куәгері болып саналады.



Жалпы

Жалқы

Деректі

Дерексіз

Жанды

Жансыз





















Тапсырма№2

Мәтіннің баяндау желісін сақтап, аннотация жазыңыз. Жалқы есімдерді қолданыңыз.












Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.«Аннотация - шығарманың қысқаша мазмұны» деген сипаттаманы ұсынады. Аннотация, әдетте, кітапқа жазылатын еңбектің бірінші бетінде берілетін өте шағын жазба түрінде және баспасөзде басылатын шығарманың қысқаша мазмұнымен бірге қосымша пікір, үгіт-насихат жасауға құштар авторлардың мақаласында кездеседі. 



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі күрделі- құрама атауларды кесте бойынша жазып шығады

1


Жалпы және жалқы есім;

2

Деректі және дерексіз есімдер;

2

Жанды және жансыз;

2

Мәтіннің баяндау желісін сақтап, аннотация жазады.

2

Аннотация жазады;



1

Жалқы есімдерді қолданады;.

1

Барлығы

8








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет