Сабақтың тақырыбы Тригонометриялық формулаларға есептер шығару Сілтеме Дерек көздері



бет1/4
Дата08.09.2017
өлшемі220,63 Kb.
түріСабақ
  1   2   3   4
Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектебі

«Бекітемін»

директорының оқу-тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

________ Г.М.Биманова



9 сыныпқа арналған алгебра пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар

Математика пәнінің мұғалімі Алтаева Қарлығаш Амангелдіқызы





Күн: 27 ақпан 2015 ж

Сыныбы: 9 «Г»

Пәні: алгебра

Сабақтың тақырыбы

Тригонометриялық формулаларға есептер шығару

Сілтеме

Дерек көздері:

Білім стандарты, оқулық математика 9 – сынып авт: Ә.Шыныбеков «Алгебра» «Атамұра» баспасы, 2013 ж. Интернет көздері.

Жалпы мақсаты

Тригонометриялық формулаларды есептер шығаруда тиімді қолдануға машықтану

Оқушылар үшін күтілетін нәтиже

  • Тригонометриялық формулаларды есептер шығаруда қолданып үйренеді;

  • Оқушылар топ болып түрлі тапсырмаларды орындайды;

  • Өз жұмыстарын және өзгені бағалайды;

Тапсырмалар/ Wiki материалдары/

Интерактивті тақта, Берілетін тапсырмалар және олардың дұрыс жауаптары, интернет желісінен алынған материалдар (притча), оқулық , тест тапсырмалары.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

СТО


«Раунд Робин»

«Келесі, әрі қарай»

«Кеңейтілген тапрсырмалар»


  1. Диалогтік оқыту

  2. Жеке жұмыс.

  3. Топтық жұмыс.

Орындалатын жұмыстар

  1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

  2. Оқушыларды топқа бөлу.

  3. Үй тапсырмасын тексеру.

  4. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.

  5. «Раунд Робин» әдісі бойынша өтілген тақырыптарды қайталау.

  6. Тақырып бойынша тапсырмаларды орындау.

  7. Ашық журналды толтыру.

  8. Рефлексия.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Кіріспе

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут


-Оқушылар бүгін мен сіздерге мынадай ұлағатты сөздерді ұсынғым келіп отыр:

«Білек керек заманда,

Ешкімге есе бермедік.

Білімге сенген заманда,

Қапы қалып жүрмелік»

және бірі

Білімнен жақсырақ қазына болмас,

Ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас».

Осы сөздерден сіздердің алатын моральдарыңыз қандай болмақ?

-Ендеше, бүгінде әр саналы адамға қымбат болып табылатын білім қазыналарыңыз толыға түссін деген тілекпен сабағымызды бастаймыз.

Біз Тригонометрия элементтері тарауын тәмамдауға жақын қалдық. Өтілген тақырыптар бойынша өз білім-білігімізді бекіту үшін бүгінгі сабағымызды «Тригонометриялық формулаларға» есептер шығару тақырыбына арнаймыз


Оқушылар өз ойларын айтады.






2. Топқа бөлу

1 минут

Оқушыларды тригонометриялық функциялардың атауларымен 3 топқа бөледі.

Синус, косинус, тангенс және котангенс атаулары жазылған суреттерді алып, топтасады.

Топ мүшелерін сайлап алады. Ашық журналмен танысады.






Тұсаукесер
Үй тапсырмасын тексеру

2 минут
5 минут


А) Дидактикалық материалдардан 5 есеп

Ә) ҰБТ немесе ОЖСБ тест кітапшаларынан осы тақырыптар бойынша 5 есеп жинақтап келу және оны шығару

Қосымша 1


Әр оқушы А тапсырмасын интерактивті тақта арқылы өз жұмысын тексереді.

«Ә» тапсырмасы бойынша топ мүшелері таңдаған екіесеп тақтаға жазылады. Әр топ өз тобының «Ә» тапсырмасын дәптерге түсіреді.



Күннің ретін, сабақтың тақырыбын жазады.

«Сәйкес жұлдыздар»

Топ басшысы дұрыс жауаптар санына сәйкес әр оқушыға жұлдыздарды салып отырады. «Ә» тапсырмасы орындалып келген жағдайда бір жұлдыз салады.



Негізгі бөлім


  1. «Келесі, әрі қарай»

7 минут


  1. «Раунд Робин»

7 минут


  1. «Жылдам есепте»

4 минут


  1. «Қатені тап»

3 минут



  1. «Дәлелде»

3 минут


  1. Сергіту.

2 минут


  1. «Келешекке көмек»

Тест тапсырм.

5 минут

Әр топқа кеңейтілген ашық сұрақтар қойылады. Жылдам әрі, дұрыс жауап беруі тиіс. Егер қиналған сұрақтары болса, «әрі қарай» деп келесі сұрақты тыңдай алады. Қосымша 2

3 топқа үш плакат беріледі. Өтілген тақырыптар бойынша, ережелер немесе есеп шығару барысында қолданылатын формулаларды тізіп шығуы керек. Әрбір екі минут сайын плакат келесі топқа ауысып отырады. Топтың жұмысы өзіне қайтып келгенше жалғасады.

Формулалар тақтаға бүгінгі жұмыстарына көмекші құрал ретінде тақтаға магниттің көмегімен ілінеді.

Үш топқа есептеуге әр түрлі екі есептен беріледі.



Қосымша 3

Қатесі бар формулалар және есептер беріледі. Топ болып қатені табуы керек.



Қосымша 4
Оқулықпен жұмыс

Притча тамашалайды

ОЖСБ, ҰБТ тест кітапшаларынан алынған тесттер беріледі.

Қосымша 6


Әр топ 2 минуттың ішінде барынша көп сұраққа дұрыс жауап беруі тиіс. Ұпай жұлдыз түрінде жауап берген оқушыға қойылады.

Оқулықты немесе басқа да ақпарат көздерін пайдаланбай қажетті деп тапқан формулаларды жазып, сызбаларды сызады. Екі минут сайын плакаттарын келесі топқа ауыстырып отырады. Алдына келген өзге топтың жұмысына жеткіліксіз формулаларды жаза түседі. Жұмыстарын тақтаға іледі. Өз білімдерін өзге топтың оқушыларымен салыстырады, таразылайды, қажеттісін санаға сіңіреді.

Өз тобына берілген есептерді топ болып шығарады, тақтаға жазады. Өзге топтың есебін тексереді, болып жатса қатені табады.
Берілген тапсырмадан қатені табады және тақтаға жазады. Әр топ өз жұмыстарын дәптерге түсіріп отырады.

№ 777 есепті топ болып шығарады.



Қосымша 5

«Бәрі сенің қолыңда» притчаны тамашалайды


Жеке жұмыс.

Әр оқушы ИТ көрсетілген ортақ тапсырманы жеке орындайды, дұрыс жауаптарымен салыстырып, өз жауаптарын тексереді.

Жұмыс барысында белсенді жұмыс жасаған оқушыларға топ мүшелері жұлдыздарды салып отырады.

Топ шешімімен есеп шығаруда белсенділік көрсеткен оқушылар өз жұлдыздарын алады. Өзге топтың есебінен қате тапқан оқушыға да жұлдыз беріледі.
Дұрыс жауаптарына сәйкес жұлдыз санын салады.


Қорытынды

  1. Бағалау

1 минут



  1. Рефлексия

1 минут

  1. Үйге тапсырма

1 минут

Қорытынды формативті мұғалім жариялайды, мадақтайды.

«Блоб ағашы»

-Оқушылар бүгінгі сабағымызға рефлексияны Блоб ағашы арқылы жасаймыз. Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлеріңізді, іс-әрекеттеріңізді, топтағы өз орныңызды мына суретте бейнеленген адамдарға жүрек стикерін жапсыру арқылы көрсетулеріңізді сұраймын.

№776,778


Тест жинақтарынан 10 есеп шығару.

Әр топ өз ашық журналдарын тақтаға іледі.

Жүрек стикерін өзі қалаған жеріне жапсырады. Өзіне бүгінгі сабақ бойынша баға береді.







Қосымша 1

Үй тапсырмасын тексеру

;

;

;



cos









Қосымша 2

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу