Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
«№219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
денешынықтыру пәнінің мұғалімі
Серікбаева Айман Тұрсынбаевна
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Волейбол. Допты төменнен тура беру тәсілі
Білімділігі: Волейбодағы ең негізгі әдістерді үйрету және шеберлікті шыңдау.
Дамытушылығы: Ептілік, икемділік, шапшаңдылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Волейбол ойынының кең таралуына ықпал ету, адамгершілікке,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: волейбол добы, ысқырық.
Ұйымдастыру әдісі: топтық
Сабақ барысы:
Кіріспе дайындық бөлімі /10-12 минут/
Сыныпты қабылдап алу.
Сапқа тұрғызу.
Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу.
Сабақ алдында оқушыларды техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Бой жазу жаттығулары
-
Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру, аяқтың сыртымен және ішімен жүру.
-
Жылдам жүгіру
-
Екі қолды белге қойып, аяқты алға түзу тастап жүгіру.
-
Екі қол белге қойып, жартылай отырып жүру.
-
Сапта баяу жүріп, бастапқы қалыпқа келу жаттығуларын /демді ішке алу, шығару/ жасау.
Әдістемелік нұсқаулар: Оқушылардың спорт киіміне, тәртібіне бұйрықтың орындалуына назар аудару. Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау
Негізгі бөлім /20-25 минут/
Волейбол ойынының ережесімен таныстыру.
Ойыншылардың ойын алаңында тұру тәртібі
Бір ойын тобы 6 ойыншыдан құралады.
Ойынды үйрету
1 тәсіл
Ойыншыларды қарама-қарсы сапқа тұрғызып алақандарын біріктіріп ұстату, допты төменнен қабылдау әдістерін көрсетіп ойыншыларға бірнеше рет қайталату.
Достарыңызбен бөлісу: |