ОҚО, Сарыағаш қаласы
№ 135 жалпы орта мектебі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі:
Масақбаева Жаннат Садуақасқызы
Қысқа мерзім №1
Пәні: Ағылшын тілі
Сыныбы: 10а
Тақырыбы: Teenage problems
Пән мұғалімі: Масақбаева Жаннат
Күтілетін нәтиже: өз мақсатын айқындай отырып, проблеманы шешуге тырысады, сыни тұрғыдан ойлап, бір – бірін бағалайды. Өзгені тыңдай отырып, білімін шыңдайды. Ізденеді, ойлау туралы ойланады.
Кіріктірілген модульдер: СТО, диалогтік оқыту, оқыту және оқу үшін бағалау, АКТ – ны қолдану.
Уақыт
|
Тақырыбы.
Негізгі мақсаты
|
Мұғалім іс - әрекеті
|
Оқушы іс - әрекеті
|
Сілтемелер
|
2 минут
|
Teenage problems
Жаңа материалды меңгеру жолында шығармашылықпен ойлана отырып, өз ойларын, көзқарасын айтуға үйрету.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Топқа бөлу
|
Оқу құралдарын дайындап, сабаққа ден қояды.
|
1. Видео (www.teentouch.org) Bulling: Effects and Solutions
2. сабақтың тақырыбы жазылған карточка
3. тематикалық проблемлар жазылған карточкалар
4. Постер
5. қағаздар
6. топпен жұмыс
|
5 минут
|
|
І. Мотивация.
Видеороликтен эпизод көруді ұсынады.
|
Білім. Эпизодтағы көріністен бүгінгі тақырыпты ашады және сол тақырып жазылған карточканы тақтаға іледі.
Осы нақыл сөздің мағынасын ашу үшін балалар топтасып талқылау барысында өз ойларын айтады.
|
|
5 минут
|
|
ІІ. Гипотеза шығару
Оқушыларға ұлы педагог Януш Корчактың сөзі ұсынылады:
"Балаларға бала деп емес, жеке тұлға деп қараңыздар. Әрбір баланың жеке ойы, өмірлік тәжірибесі, жеке шешімі және сезімі болады".
Ересектер мен жасөспірімдердің проблемалары ұқсас па?
|
Түсіну. Әр топтың қөзқарасы әрқалай болуы мүмкін. Жауап былай болуы мүмкін
“ Менің ойымша ересектер мен жастардың проблемалары ұқсас, алайда ересектердің өмірден алған тәжірибелері көбірек болғандықтан оларға тығырықтан шығу жастарға қарағанда оңайырақ болады"
|
|
2 минут
|
|
ІІІ. Сабақтың мақсатын айқындау.
Айтылған барлық ойларды тыңдаған соң бүгінгі сабақта не туралы айтқымыз келеді, соны анықтау үшін балалардан сұрайды.
|
Әр топ өз ойларын ортаға салып сабақтың мақсатын айқындап алады.
1. жастар арасындағы проблемаларды айқындап алу.
2. достарының басына түскен проблемалардан шығар жол таба біліп, көмек көрсетуге дайын болу
|
|
7 минут
|
|
ІV. Жасөспірімдер арасында көп кездесетін проблемаларды талқылау
V. текстпен жұмыс
|
Қолдану. Жастар арасындағы кездесетін қиын жағдайлар туралы айту.
Тексті оқып, мазмұнын түсіндіру, аудару
|
|
2 минут
|
|
Сергіту сәті
|
|
|
10 минут
|
|
VІ. Түсіндіру.
Қазіргі өзекті мәселелер жайлы презентация көрсету. Темекінің зиянына тоқталу
|
Мұғалім мен оқушылар арасындағы диалог. Сұрақ – жауап.
Топпен жұмыс жасау. Әр топ тығырықтан шығу жолын қарастырып, көшбасшылар өз ойларын қорғайды.
|
|
5 минут
|
|
VІІ. Кері байланыс
|
Синтез.
9- жаттығу. Қазіргі жастар не қалайды?
10 – жаттығу.
Төмендегі берілген ақпараттар туралы не ойлайсың?
|
|
3 минут
|
|
VІІІ. Рефлексия
|
Стресс тестін алу
2 тілек бір жұлдыз әдісі
|
|
2 минут
|
|
VІІІ. Критериялды бағалау. Оқушылардың сөйлеуіне, топпен жұмыс, жеке жұмыс жасағанына, белсенділігіне қарай бағалау
|
Бағалау. Топбасшылар өздерінің құрдастарының белсенділігіне қарай әділ бағалайды.
|
|
2 минут
|
|
ІХ. Үйге тапсырма «Жасөспірім болу қиын ба?» эссе жазып келу
|
|
|
ОҚО, Сарыағаш қаласы
№ 135 жалпы орта мектебі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі:
Масақбаева Жаннат Садуақасқызы
Қысқа мерзім№2
Сыныбы: 10а
Тақырыбы: Teenage problems. Is it easy to be a teenager?
Пән мұғалімі: Масақбаева Жаннат
Күтілетін нәтиже: өзге елдің жасөспірімдерін бақылай отырып, егемен елдің патриот, ұлтжанды азамат болуға қалыптасады.
Кіріктірілген модульдер: АКТ,оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқыту және оқу үшін бағалау.
Уақыт
|
Тақырыбы. Негізгі мақсаты
|
Мұғалім іс - әрекеті
|
Оқушы іс - әрекеті
|
Сілтемелер
|
2 минут
|
Is it easy to be a teenager?
Тақырыпқа байланысты өз ойларын толық жеткізе білуге, синхронды аударма жасауға дағдыландыра отырып, өзге елдің мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу.
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, топқа бөлу
|
Оқу құралдарын дайындап сабаққа ден қояды.
|
Суреттер
Маркерлер
Постер
Карточкалар
Маркерлер
Постер
Карточкалар
Интерактивті тақта
|
5 минут
|
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
|
Эссе оқу
|
|
2 минут
|
|
ІІІ. Сұрақ – жауап арқылы жаңа сабақты анықтау
|
Жасөспірімдер мен ересектердің көзқарастарын ажырата отырып сұрақтарға толық, нақты жауап береді.
|
|
7 минут
|
|
ІV. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ.
Суреттер ұсынылады. «Джиксо» әдісі
|
Суретке қарап отырып сөйлемдер құрау. Топбасшылар шығып, өз ойларын қорғайды.
|
|
8 минут
|
|
Диалогтік оқыту
Текстпен жұмыс.
|
4 – жаттығу.
6 – жаттығу.
А) жұптық жұмыс. Бір – біріне сұрақ қояды.
Б) 4 – жаттығуға сүйене отырып, жауаптарын постерге түсіреді.
В) әр топ жауаптарын салыстырып, өзара бағалайды.
|
|
2 минут
|
|
Сергіту сәті
|
|
|
10 минут
|
|
V. кері байланыс
|
Топтық жұмыс
11 – жаттығу. «Газетке мақала жазу»
|
|
4 минут
|
|
VІ. Рефлексия
|
Сауалнама алу. Смайликтерге өз көңіл – күйлерін білдіреді.
|
|
2 минут
|
|
VІІ. Бағалау.
|
Құрдастар арасындағы бағалау, критериялды бағалау.
|
|
1 минут
|
|
VІІІ. Үйге тапсырма
|
13 – жаттығу. «Сендердің жастарыңдағы жасөспірімдердің арасындағы проблемалар.» эссе жазып келу.
|
|
ОҚО, Сарыағаш қаласы
№ 135 жалпы орта мектебі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі:
Масақбаева Жаннат Садуақасқызы
Қысқа мезім№3
Пәні: Ағылшын тілі
Сыныбы: 10 а
Тақырыбы: Youth organizations in Great Britain and the USA
Пән мұғалімі: Масақбаева Жаннат
Күтілетін нәтиже: балалар өз беттерінше ізденіп, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді. Алған білімдерін тиянақтап, жинақтап бір – бірімен ой бөліседі.
Кіріктірілген модульдер: АКТ,оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқыту және оқу үшін бағалау.
Уақыт
|
Тақырыбы. Негізгі мақсаты
|
Мұғалім іс - әрекеті
|
Оқушы іс - әрекеті
|
Сілтемелер
|
2 минут
|
Youth organizations in Great Britain and the USA
Жаңаша тәсілдерді пайдалана отырып оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, ізденіп зерттеу жұмыстарын жүргізуге үйрету. Елдің болашағын ойлайтын азамат тәрбиелеу.
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, топқа бөлу
|
Оқу құралдарын дайындап сабаққа ден қояды.
|
Суреттер
Маркерлер
Постер
Карточкалар
Интерактивті тақта
|
3 минут
|
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
|
Жаттығуды тексеру. Жаңа сөздерді сұрау
|
|
4 минут
|
|
ІІІ. Сұрақ – жауап арқылы жаңа сабақты анықтау
|
Білу кезеңі
Жасөспірімдер мен ересектердің көзқарастарын ажырата отырып сұрақтарға толық, нақты жауап береді.
|
|
7 минут
|
|
ІV. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ.
Презентация ұсынылып, жаңа сабақты айқындап алу.
Текстпен жұмыс
|
Түсіну кезеңі
Өздеріне керек мәліметтерді түртіп отырады. «Бұл мен үшін жаңалық», «мен бұны білемін», «білгім келеді» деп шартты белгілер қойып отырады
|
|
5 минут
|
|
Топтық жұмыс
|
Қолдану кезеңі
5 – жаттығу.
1 топ. Скауттардың мақсаттын атау
2 топ. Скауттардың ұранын анықтау.
3 топ. Скауттардың қасиеттерін анықтау
4 топ. Скауттардың қабілеттерін анықтау
|
|
2 минут
|
|
Сергіту сәті
|
|
|
12 минут
|
|
V. Қорытынды бөлім
Зерттеу жұмысы
|
Талдау кезеңі. Венн диаграммасы үлгісінде АҚШ және Қазақстан жастар ұйымы жайлы өз бетімен ізденіп, постер немесе презентация жасайды. Көшбасшы оқушылар шығып өз еңбектерін қорғайды
|
|
5 минут
|
|
VІ. кері байланыс
Диалогтік оқыту
|
Жинақтау кезеңі
Жұптық жұмыс.
Бір – біріне сұрақтар қойып, шағын әңгіме құрау арқылы жауап беру.
|
|
2 минут
|
|
VІІ. Рефлексия
Өз – өзіне сенім тудыратын аффермация көрсетіледі
|
Смайликтерге өз көңіл – күйлерін білдіреді.
|
|
2 минут
|
|
VІІІ. Бағалау.
|
Семантикалық карта арқылы бағалау. критериялды бағалау.
|
|
1 минут
|
|
ІХ. Үйге тапсырма
|
9 – жаттығу. «Сенің жастар ұйымына деген көзқарасың» эссе жазу
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |