МамандығЫ: 0111000 «Негізгі орта білім беру» Күні



бет1/6
Дата24.01.2022
өлшемі74,65 Kb.
#113917
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
752 9927 65683
аглшн 04.09, АӘД 27.04, 30-сабақ. Дулат Исабеков «Әпке» пьесасы (Екінші акт)

МАМАНДЫҒЫ: 0111000 - «Негізгі орта білім беру»

Күні: 21.05.2021

Тобы: МЛ-19

Қайырлы күн, білім алушы!

«Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен дайындалған сабақ тезисі мен тапсырмаларды назарыңызға ұсынамын. Берілген ақпаратты толық игеріп, тапсырманың жауабын 19.00-ге дейін орындап жіберуіңізді сұраймын. Тапсырманы толық орындаңыздар!!!

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Зат есім, түрленуі, жіктелуі.

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріпкім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатаржаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.



Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.

Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет