1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


В. Белинскийдің («Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлу», «Гогольге хат») еңбектері



бет45/52
Дата25.02.2023
өлшемі233,12 Kb.
#170130
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Байланысты:
1. ?äåáèåò òåîðèÿñû ?ûëûìûíû? ?ä³ñíàìàëû? ?à?èäàëàðû ?äåáèåò òåî

47.В. Белинскийдің («Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлу», «Гогольге хат») еңбектері.
В.Г.Белинскийдің еңбектерінің бір алуан саласы әдебиет теориясының мәселелерімен байланысты. Әдебиеттің халықтығы, әдебиеттің тегі, түрі,классицизм,романтизм, реализм, стиль, стилистика, өлең, оның құрылысы, көркем әдебиеттің тілі,тағы басқа теориялық күрделі мәселелер ұлы сыншының даналық туындыларынан өздерінің ғылымдық шешімдерін тапты.
Көркем әдебиетті эпос,лирика,драма деп үш текке бөліп, олардың әрқайсысына дәл, фактілерге негізделген нақтылы тапсырмалар берумен қатар, олардың әр алуан түрлерін де жіктеп,кейде бір-бірінен айыру өте қиын эпос,лирика түрлерінің жігін ашып,ғылыми тұрғыдан ерекшеліктерін дәлелдеп көрсетуші алғашқы теоретик те В.Г.Белинский болды.
Эпостық текке жататын әдеби нұсқаларында объект, өмір,оқиға, адамдардың арасындағы қарым-қатыстар бірінші орын алса, лирикалық текке жататын шығармаларда бірінші орынды субъект - ақын,оның көзқарасы, сезім түйсіктері алатындығын, драма осы екі тектің(жанрдың) қосындысынан құралатын, алдыңғы екеуінен гөрі қиынырақ,жеке бір жанр екендігін көрсеткен теориялық анықтаулары күні бүгінге шейін әдебиетте сол қалпында басшылық ретінде қолданылады. Өйткені әр пәннің тууы,дамуы белгілі бір заңдылыққа негізделінетіндігіне шәк келтірместей,оны ғылыми қағида десек, әр ғалымның өз пәні айналасында ашқан жаңалығы басқаларға бұрын белгісіз жаңа бір заңдылықты ашу, оның ғылым үшін теориялық, өмір үшін практикалық мәндерін белгілеу ғой. Әрине ол кездейсоқ, күтпеген жерден табыла салатын нәрсе емес, өзіне шейінгілердің сол проблема туралы еңбектерін білу, оларды аудара қарап, ақтара тексеру, өз пәнін, оның белгілі бір проблемасын төтенше бақылап, айрықша зерттеу нәтижесінде ғана мүмкін. Сол тәрізді В.Г.Белинскийдің «Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлуі» немесе басқа тақырыпқа жазған теориялық мақалалары сонау ескі грек замандарынан бергі искусство, әдебиет, оның тектері, эстетика туралы дүниежүзі білімпаздарының еңбектерін терең білуге,оның терісінен айырып,олардағы өсе алмаған дәнді ұрықтарды өсіру, дамытуға және өз кезіндегі көркем әдебиетті үздіксіз бақылап, мұқият зерттеу арқылы әдебиеттің өзіне тән табиғи жайттарды тапжылдырмай тани білді. Өзіне шейінгі искусство, әдебиет тарихы, теориясы жөніндегі көзқарас, теорияларды толық меңгеріп, оларға сын көзімен қарап, қайта қорытты, искусство, әдебиет туралы жаңаша принциптер ұсынды.В.Г.Белинский искусство, әдебиет өмір шындығының сәулесі. Олар мазмұнды, нәрді өмірден алады да, ақын, суретшілердің ой-сезімдерінде қорытылып, әдеміленген түрде қайта туады, өзінің тууына негіз болған әлеумет өмірін жақсарту, ілгерілетуге көмектеседі деген принципті қолдады. Ұлы сыншының бұл принципінің тарихи да, теориялық та мәні зор болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет