1.Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы.
2.Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың этносаяси және әлеуметтік тарихы
3.Түркі өркениеті және Ұлы дала
4.Ұлы дала Шыңғыс хан жорықтары мен Алтын Орданың билігі кезеңінде
(XIII-XV ғғ.)
5.XIV-XV ғасырлардағы ортағасырлық мемлекеттер.
6.Қазақ халқының қалыптасуы
7.Қазақ хандығы XV ғ. – XVIII ғғ. басындa
8.XIV–XVIII ғғ. басындағы қазақ шаруашылығы мен мәдениет
9.Қазақстанда отаршылдық дәуірінің басталуы және Қазақстан Ресей саясаты
контекстінде
10.Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресі
11.Қазақстан мәдениеті (XVIII-ХХ ғасырдың басы.)
12.Азаматтық-саяси теке-тірес жылдары және кеңестік мемлекеттік
құрылыс.(1920-1940 жж.)
13.ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың
қайшылықтары мен салдарлары.
14.Қазақстандағы қайта құру саясаты және КСРО ның ыдырауы
15.Тәуелсіз Қазақс
тан
Жауаптары
1.
Ежелгі өркениеттердің көбі, атап айтсақ, Египет, Өзенаралық, Ежелгі Греция, Рим,
Қытай субтропикалық белдеуде пайда болған. Субтропиктердегі климаттық жағдай
шаруашылық жүргізудің ең тиімді түрін – егін шаруашылығын белгілейді. Әр
жерлерде және әр уақытта пайда болған бұл өркениеттер, белгілі бір орталықтардың
айналасында қалыптасқан, онда соңғы кезде материалдық мәдениеттің
ескерткіштерін табамыз. Олардың басты құндылығы – құнарлы жер. Және де
қоғамдағы барлық қарым-қатынастар осы жердің меншіктігі негізінде құрылған.
Халықтың шоғырландыруы көптеген ғасыр бойына осы ежелгі өркениеттің бірегей
ошақтарын құрған. Көшпелі мәдениет егін шаруашылығы өркениетіне қарағанда,
далада пайда болды. Егер де картаға көз жүгіртсек, Еуразияның едәуір бөлігін дала
алатыны көрінеді. Дала – бұл түрік халықтарының тұрғылықты орны. Біздің
ғасырымызға дейін мыңжылдық аралығында көшпелі мал шаруашылығы сияқты
шаруашылықтың түрі пайда болды. Ол біздің заманымызға дейін сақталды, себебі
далада өмір сүрудің ең оңтайлы тәсілі болып табылады. Жайылымдардың барлығы
рулар арасында бөлінген. Адамдардың ру белгісі бойынша бірігуі бірқатар
артықшылық берген: аумақты ұстап қалу жеңіл, шаруашылықты жүргізу жеңіл
болған. Бай мұра бізге Далада өмір сүрген ежелгі өркениеттен жетті. Уақыттың
бұрмалануы орын алған, көп нәрсе түсініксіз. Біз адамдардың өзара түсіністігі,
жақындасуы мақсатында қазақ халқының және өзге де түрік халықтарының тарихы
және мәдениетін зерттеу мен дәріптеуіне өз үлесімізді қосқымыз келіп отыр. Соңғы
кезде көшпелі өркениет өшкен сайын, оның құндылығы да жоғалып бара жатыр.
Біздің ата, әкелеріміздің ұрпағы, ал олармен бірге естелік да кетіп барады. Тағы бір-
екі ұрпақтан кейін шежіре де ұмытылады. Біз ежелгі өркениеттің осы мұрасын
сақтап қалуды қалап отырмыз.
2.
2. Б.з.б. VII—IV ғасырлардағы Евразияның этникалық және саяси картасы барынша
ала-күла болуымен ерекше. Сонымен бірге жақын және алыс тайпалар, халықтар,
мемлекеттер арасында біршама тұрақты экономикалық, саяси және мәдени
байланыстар орнады, соғыс қақтыгыстары да аз болған жоқ. Қазақстан аумағын
мекендеген тайпалар Орта Азияның, Алтайдың, Хакасияның, Тува мен Солтүстік
Моңғолияның туыстас халқымен өзара байланыс орнатып, қарым-қатынас жасады.
Солтүстік-шығыста және солтүстікте Қазақстанның мал өсірумен айналысқан
ежелгі халқы Орал тілді қауымның угор тектес тармағының орманды далалар мен
ормандарды мекендеген тайпалармен — мансилер мен хантылардыя арғы тегімен
шектесіп
жатты.
Зерттеушілер «Массагет» атауын ежелгі грек жазбаларынан алған. Массагеттер
дегеніміз — ежелгі грек авторларының айтуынша Арал бойын, Амударияның және
Сырдарияның жағалауларын, Үзбойдың аймақтарын мекендейтін тайпалар
бірлестігі болып табылады. Көне деректерді зерттеген тарихшылардың ойынша,
Массагет атауына біріккендер қатарында бірнеше тайпалық бірлестіктер топтары
болған, және олар б.з.б. І мыңжылдықтың орта шеніне дейін осы атауды жоғалтпаған.
Аталмыш өңірді мекендеген әртүрлі көшпелілерден құралғандықтан да
Массагеттердің шығу тегі туралы тарихшылар нақты пікірге келген жоқ.
3.
Достарыңызбен бөлісу: |