1. Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата09.10.2024
өлшемі204,54 Kb.
#205952
1   2
Байланысты:
15 тема

Түркі мәдениеті
- ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде 
қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы.Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс 
Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде 
қазіргі Қазақстан , Орта және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа]] территорияларына 
кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының 
субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. 
"Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген 
(ғылымда этносқа қатысты "түркі" терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа 
сүйейміз). 
Орталық Азияны
 мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен 
феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-
саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің 
алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі 
тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің 
жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық 
көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер 
аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай 
болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика 
ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі 
ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі 
минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше 
түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке 
және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар 
"Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер 


үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға 
табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан 
әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін 
деректер кездеседі. 
4.
1207-11 жж. Шыңғыс хан Сібір мен Шығыс Түркістанды (буряттарды, якуттарды, 
ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды..1211 ж. Цзинь мемлекетіне 
жорық жасады. 1215 ж. Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс 
ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе 
бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын 
ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды.Қытайға қарсы шабуылдан 
кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды, 1219-21 ж. 
Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды.Тұғырыл хан мен Темучинның 
тайшуыттарға қарсы жорығы.1200 жылы Тұғырыл хан мен Темучин тайшуыттарға 
қарсы бірлескен жорыққа шықты. Тайшуыттарға меркіттер көмекке келді. Жорық 
кезінде Темучин иығынан жебемен жараланды. Жарақаттың ауыр болғаны 
соншалық оны қолбасшы Зелме түні бойы оны қарауылдап ем-дом жасады. 
Ертесінде тайшуыттар көптеген адамдарын тастап қашып кетті. Қалған адамдардың 
арасында кезінде Темучинды қорғап қалған Сорғаншыра мен шайқаста Темүжінді 
жаралаған мерген Жырғодай да бар еді. Жырғодай Темучинның әскерінің қатарына 
қабылданып Жебе деген атқа ие болады. Осыдан кейін тайшуыттар соңынан 
қуғыншы топ аттандырылады. Олардың көпшілігі шайқаста қырылып, тірі қалғаны 
өз еркімен берілді. Бұл Темучинның ең бірінші үлкен жеңісі болатын. 1201 жылы 
монғол қолдары (татар, тайшуыт, меркіт, ойрат және өзге тайпалар) Темучинге 
қарсы бірікті. Олар Жамұхаға адал болуға ант беріп, оны гүрхан лауазымымен таққа 
отырғызды. Бұл жағдайды естіген Темучин керейлердің ханы Тұғырылға шабарман 
жіберді. Тұғырыл хан өз кезегінде қалың қол жинап, Темучин әскеріне 
қосылды.Татарларға қарсы жорық.1202 жылы Темучин татарларға қарсы жорыққа 
аттанды. Ол жорық алдында шайқас кезіндегі түскен олжаны иемденуге тыйым 
салып, оларды тек шайқастан соң бөлісу керектігі жайлы бұйрық берді. Қатыгез 
шайқаста Темучин жеңіске жетті. Шайқастан соң Темучин кеңес шақырды. Кеңесте 
бойы белден төмен балалардан басқа, барлық татарлардың көзін жоюға шешім 
қабылданды. Мұндай шешімге себеп болған жағдай кезінде татарлар дың монғол 
билеушілерін аяусыз өлтіруі болды (әсіресе Темучинның әкесінің өлімі). 
5.Мемлекеттердің саяси-әлеуметтік, экономикалық құрылымы. Көшпелі мемлекеттер 
барлық өркениетті елдердегідей қалыптасқан бұрынғы әлеуметтік құрылымды сақтап 
қалды. Түркі мемлекеттерінің құрылуында басқа көрші тайпалармен күрестің әсері айқын 
рөл атқарды. Бірінші кезекте отырықшы жер өңдеуші көршілерімен әскери қактығыстар 
кезінде жекелеген тайпалар тайпалар одағына біріккен. Осылайша тайпа ішіндегі 
байланыстар нығайтылды. Сондай-ақ сыртқы кауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі 
мемлекеттің кұрылуына объективті себеп болды. Дегенмен таза отырықшы елдердегі 
мемлекеттермен салыстырғанда, орталық билік шектеулі еді. Онда әскери демократияның 
белгілері: әскери ақсүйектер кеңесі елеулі орынға ие болды. Барлық әскери-саяси басқару 
жүйесі өмір сүрудің көшпелі түріне қолайлы, көшпелі тұрмыстың ерекшелігіне бейімделген. 
Сондықтан басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі ерекше орын алады. Ерте ортағасырлық 
мемлекеттерде дәстүрлі рулық-тайпалық ұйым: патриархатты отбасы — ру — тайпа — ел 
сақталып қалды. Әрбір тайпаның өзінің белгілі аумағы болды. Жайылымдарды пайдалану 
және көші-қон жолдарын бөлу тайпа басшыларының 
құзырында
 болды. Бөліп берген 
үлестік жер, жайылымдар үшін тайпа көсемі жоғары билеушіге жыл сайын салық төлеп 
тұрды. Қоғамның қатардағы өкілдері, азат адамдар болды. Әскери-әкімшілік тұрғыдан ерте 
ортағасырлық мемлекеттер бірнеше үлестік-тайпаларға бөлінді немесе кейбір жағдайда 2 
қанаттан (бөліктен) тұрды. Көшпелі қоғамда тайпалар одағынан мемлекеттік құрылымға 


өту кезеңінде күшті әскери билік дәстүрі үлкен рөл атқарды. Үлес-тайпа билеушілері әрі 
әскери қолбасшы, әрі әкімшілік басқарушысы болды. Әскери және әкімшілік биліктердің 
біріктірілуі олардың билеуші көсемдерінің саяси-экономикалық жағынан нығаюына әкелді. 
Мәселен, Қарлұк қағанатындағы үлестік-тайпаның кейбір басшылары орталық билікті 
мойындамады. Олар қолайлы жағдай туғанда мемлекеттегі жоғары билікті басып алуға 
ұмтылды. Соның салдарынан билеуші әулетті ауыстыратын күштер олардың өз ортасынан 
өсіп шықты. Ал кейін XIV—XV ғасырлардағы Қазақстандағы ортағасырлық мемлекеттерде 
бұрынғы "сатылы жүйемен" қатар хан билігіне тікелей баласы мұрагер болу дәстүрі пайда 
болды. Көшпелілерде билеушінің бас ордасы — мемлекеттік және әкімшілік басқару 
орталығы. Өз кезегінде әр үлес билеушілерінің де қаған сияқты өз сарайлары, тұрақты 
ордалары бар. Әдетте, ірі үлестік жерлерді иеленушілер билеуші әулеттен болды. Олар 
жоғары билеушінің туған-туыстарынан тұрды. Жоғары басшы ішкі тәртіппен шекараларды 
қорғауды, сот үкімдерінің және әдеттегі құқық нормаларының орындалуын қадағалады. 
Мемлекеттің бүкіл аумағы формальды түрде билеуші әулеттің меншігі болып есептелді. 
Мемлекеттік жерге қожалық ету құқығы тек жоғары билеушіде ғана еді. Мемлекетке 
бағыныштылық әрқашан да алым-салық төлеуден көрінеді. Мемлекет өз қазынасын 
жергілікті халықтардан, сондай-ақ қол астындағы бағынышты аймақ халықтарының 
алынатын салық есебінен толтырып отырды. Қазақстан аумағындағы халықтар көшпелі мал 
шаруашылығымен қатар отырықшы жер шаруашылығымен, саудамен, қолөнермен 
айналысқаны белгілі. Отырықшы қоныстардағылар көбінесе кедейленген, малы жоқ 
көшпелілер еді. Малынан айырылған көшпелілер отырықшылыққа көшуге мәжбүрленді. 
Сондықтан екі түрлі аймақтан алынатын салық та әр түрлі. Көшпелі және отырықшы 
халықтар үстем тайпаға мал және аң терісі, заттай алым түрінде салық төледі. Мың адамға 
дейін жететін салық жинайтын арнаулы атты әскерлері болды. Тағы да осы жерде айта 
кететін жайт, — бұл ертедегі мемлекеттік бірлестіктердің экономикалық негізі екі түрлі 
қоғамның үштасуынан пайда болды: 
1) мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғам; 
2) отырықшы-егіншілік қоғам. 
6.Қазақ халқы қалыптасуы үшін оған көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуге тура 
келді және бұл процесс бірнеше ғасырға созылды. Ғалымдардың пікірінше, біздің 
жерімізде Қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен Темір дәуірінде өмір 
сүрген тайпалар (сақ, сармат т.б.) ирантілдес болған. Ал антропологиялық жағынан 
моңғолоидтік белгілері бар еуропеоидтік нәсілдер екені көрсетіледі. Қазақ халқының 
бастауы болып саналатын сақ тайпаларының тікелей жалғасы – үйсін, қаңлы тайпалары. 
Бұл туралы қытай деректері «Өзі сары, көзі көк, атжақты сақ тайпалары үйсіндердің 
арасында жүр» деп көрсетеді. Қазақ халқының шығу тегін қарастырғанда лингвистикалық 
және антропологиялық мәселелерді бөліп қарастырған жөн. Қазақстанның ертедегі 
тарихын екі аумақты кезеңге бөлеміз. Біріншісі – үнді-еуропалық, екіншісі – түркілік. 
Алғашқы кезеңде Қазақстан тұрғындары үнді-еуропалық топтың ежелгі иран тобына 
кіреді. Бұл кез б.з.д. III-I мыңжылдықтарды қамтиды. Екінші кезең Қазақстан 
территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың, соның ішінде ғұндардың 
батысқа қоныс аударуына байланысты қалыптасады. Сақ және сармат тайпаларының 
жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен. Б.з.д. I 
ғасырда ғұндардың бір бөлігі қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ал б.з. 
II ғасырының бірінші жартысында қоныс аударудың екінші толқыны барысында олар 
Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань 
мемлекетін құрды. Қазақстанның байырғы тұрғындары – үйсіндер мен қаңлылардың 
ғұндармен этникалық жақындасуы іске асып, үйсіндер мен қаңлылардың моңғолоидтік 
нәсілге өтуі басталды. Б.з. VI ғасырынан бастап Алтай, Сібір жақтан келген түркі 
тайпаларының басымдылығы байқалады. VI ғасырдың ортасында, 542 жылы Қазақстан 


жері түгелдей құдіретті, біртұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Одан соң 
Батыс Түркі қағанаты 603 жылы, Түргеш қағанаты 704-756 жылдары, Қарлұқ қағанаты 
756-940 жылдары, Оғыз мемлекеті IX ғ.соңы мен XI ғ. басы, Қимақ қағанаты 893 жыл мен 
XI ғ. басы, Қыпшақ хандығы XI ғасыр мен 1219 жылдары, Қарахан мемлекеті 942-1212 
жылдары өмір сүрді
Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып 
қалыптасуында, әсіресе, екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болды. Біріншісі – 
Қарахан мемлекеті, екіншісі – Қыпшақ хандығы. Бұлардың құрылуымен этникалық 
процестер жаңа кезеңге аяқ басты. Қазақ тілінің негізі – әдеби қыпшақ тілі құрылып, 
қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Алайда шығыстағы 
қарақытайлардың шапқыншылығы әсерінен Қарахан мемлекеті ыдырап кетті. XIII 
ғасырдың басында моңғол шапқыншылығы басталып, қазақтардың халық болып 
қалыптасу процесі үзіліп, XV ғасырға дейін немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдеді. 
XIV-XV ғасырларда тайпалардың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. XV ғасырдың 
II жартысы мен XVI ғасырда қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет 
етіп біріктіру халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті. «Қазақ» атауының 
мағынасын ғалымдар б.з.д. VII-ІV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен 
байланыстыруды ұсынады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет