1. Ежелгі дүниедегі саяси ойдың қалыптасуы


XI ғасырдан бастап мұсылман құқығының бірнеше құқыктық мектеп-ағымдары дамыды



бет3/15
Дата07.02.2022
өлшемі23,42 Kb.
#86000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1 (1)

XI ғасырдан бастап мұсылман құқығының бірнеше құқыктық мектеп-ағымдары дамыды.
Оның бірі сунниттік бағыттағы мұсылман құқығы 1. Ханифиттік — негізін салушы Әбу Ханифа (699—767 ж.ж.) (Иран, Түркия. Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Египет); 2. Маликиттік — негізін салушы Малика бен Анас (713—795 ж.ж.) (Солтүстік және Батыс Африка); 3. Шафиттік — негізін салушы аш-Шафий (767 -819 Ж.Ж.) (Сирия, Индонезия, Шығыс Африка); 4. Ханбалитік — негізін салушы Бен Хапбала (780—855 ж.ж.) (Арабия).
Шииттік бағыттағы мүсылман құқығы да джафариттік, исмалиттік, зейдиттік және т.б. мектеп ағымдарға бөлінді.
Мұсылмандық теория бойынша мұсылмандық құқықтың барлық нормалары Құраннан және суннадан алынған. Мұсылман — құқықтық саяси теориясындағы басты мәселе — мұсылмандық билік пен басқарудын арнайы түрі — халифаттық өзара байланыстар аспектілерінің мәні туралы болды. Халифаттың анықтамасы туралы мүсылмандық мемлекеттанушы Әл-Маварди былай деп жазды «Имамат — діни сенімді корғау миссиясы мен жердегі iстерді басқарудың пайғамбарлық мұрасы болып табылады»
Мұсылман саяси теориясында мұсылман мемлекеттерінің басшыларын орнынан алу және сайлау туралы дәлме-дәл анықтама жоқ. Бірақ Әл-Маварди еңбектеріндс айтылғандай (сунниттік концепция бойынша жоғары азаматтық және діни билік мүрагерлік тәртіппен немесе бұрынғы билеушінің тағайындауымен емес, қауым мен халифат билігіне үміткер арасындағы ерекше шарт бойынша іске асырылады. Ал шииттік саяси концепцияда халиф қауым арқылы сайланбайды, ол Алла мен пайғамбардың тікелей өкілі болып табылады. Халиф өзінің мүрагерін сайлай алады немесе пайғамбардың күйеу баласы Әлидің тікелей ұрпақтарына мұрагерлікке қалдыра алады.

3.Саяси теориялар мен доктриналардың Қайта өрлеу кезеңінен бастап ХХ ғасырға дейін қалыптасуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет