Абай Құнанбайұлы «Масғұт» поэмасы



Дата23.10.2023
өлшемі115,96 Kb.
#187728
түріПоэма
Байланысты:
f6184201e661fe0

Абай Құнанбайұлы «Масғұт» поэмасы

Оқу мақсаты:

Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну.

Қызығушылықты ояту «Бес қадам»

1. Абай өлеңдерінде көрініс табатын 5 құндылықты атаңыз.

2. Абай өміріне қатысты 5 мәлімет ата.

3. Абайдың 5 туындысын ата.

Дескрипторлар:

  • 1. Поэманың бас кейіпкері кім? Ол қандай қасиетімен ерекшеленеді?
  • 2. Абай «Масғұт» поэмасын қай шығарманың желісімен жазған?
  • 3. Үзіндіде қандай мәселе сөз болады? Одан қандай ой түйдіңдер?
  • 4. Қыдыр ата туралы не білесіңдер?
  • СӨЗҚОРЖЫН
  • Қыдыр – ел аралап жүретін адам бейнелі әулие
  • Халифа – көнерген сөз, Орта ғасырларда мұсылман дініндегі елдердің діні мен үкіметін бір өзі басқарып отырған мемлекет билеушісінің құрметті атағы, лауазымы.

Тапсырма1. «Білімленд» сайтынан Абайдың «Масғұт» помасы туралы қысқаша түсінікпен таныс.

Тапсырма 2. Поэманы мұқият оқып таныс. Түсініксіз сөздермен сөздік жұмысын жүргіз.




Арун-Рашид халиф
 

Харун ар-Рашид Аббас әулетінен шыққан халиф (786-809). Һарун әр-Рашидтың тұсында халифат қолөнер, сауда мен мәдениет (әсіресе, әдебиет) дамыған. Һарун әр-Рашид арабтардың әйгілі «Мың бір түн» ертегісінің кейіпкерлерінің бірі.

Қыдыр ата
 

«Хызыр» араб сөзі, Жасыл адам деген мағына береді. Қыдыр аталуының себебі: егер бір жерге отырып, кейін ол жерден тұрып кеткенде, әлгі отырған жері жап-жасыл болады екен

Шырыш бұзған

Тыныштығын, берекесін кетірген, шырқын бұзған

Халифа
 

Орта ғасырларда мұсылман дініндегі елдердің діні мен үкіметін бір өзі басқарып отырған мемлекет билеушісінің құрметті атағы, лауазымы.

Пәруардігер

Жаратушы Алла, Құдай

Құда

Құдай сөзінің қысқарған түрі.

Ғапіл боп

Қапы қалып, арманда болып, опық жеп

Тапсырма 3. 7 мин+3 мин. Жұпта дәптерге шығарманың композициялық құрылысына талдау жаса.


Сюжеттің басталуы

 

Дамуы

 

Шиеленісуі

 

Шарықтау шегі.

 

Тапсырма 4. Ат органайзерінің басына шығарманың идеясын, денесіне мазмұнын 1 сөйлеммен, аяғына тірек ұғымдарды, құйрығына шығармадан түйген ойыңызды жазыңыз. (жұпта)



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет